НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК

НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК

Желтоқсанның 1-күні Қытай астанасы Бейжіңдегі әлемдік саяси партиялардың I xалықаралық форумында Қазақстанның «Ақ жол » партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса екеуі Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімін Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды.

Бұл кісілерді неліктен қамап тастады, олардың жағдайы қандай екенін тексеруді сұрады. Шэн Бэйли xаным Шыңжан басшыларына бұл жағдайды анықтап, жауап беруге тапсырма беретінін мойнына алды.

Осы игі іске орай белгілі ақын, әдебиеттанушы Жұмаш Көкбөрі жүрекжарды жырын арнап, редакцияға хат жолдады. Аталмыш өлеңді оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

***

Қазағының мұңын мұңдап жоқтаған,
Азат пенен Қазыбекке мың алғыс!
Демеу болсын «Ұлы Көшке» тоқтаған,
Мынау нағыз Ұлтым үшін қыран күш!

Өтірік пе, қаншама рет зар болдық,
Құр өкпелеп Уақыт пенен Заманға.
Шын мәнінде «АҚЖОЛ» – нағыз ақжолдық
Барғаны ерлік – мұндай ірі қадамға!

Тура нағыз жүрегінде алыптың,
Селт еткізген ұйқыдағы естіні!
Бас қаласы сан миллиард халықтың,
Қазақ зарын өз аузынан естіді!

Бір жарық етті Қазағымның арманы,
Сілкіп тастап енжарлық пен тасаны!
26 жыл Тәуелсіз Ел алғалы,
Қос азамат ерлік қадам жасады!

Жігер берер ойландырып естіні,
Бұлқынған ұлт шарт үзгендей торды әні!
Ер Қазақтың үнін тағы естіді,
Сан мың жылдық Ұлы Қытай қорғаны…

Жұмаш Көкбөрі,

juldizdar.kz

Previous Роза Рымбаева белгілі әкімнің өзін қалай қорлағанын айтып берді
Next Қарағандылықтар әйгілі "МузАрт" жігіттерін "ішіп алып, сахнаға шықпады" деп айыптаған

Осыған ұқсас

Сағадиев: Президент айтса, отставкаға кетемін

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президент шешсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін парламентте өткен отырыстан кейін журналистер министр Ерлан Сағадиевке әлеуметтік желідегі жұрттың оның

Қазақстан Еуразиялық Одақтан пайда көрді ме?

Құрылғанына екі жыл толған Еуразия экономика одағына мүше бес ел басшылары бүгін Астанада кездеседі. Сарапшылар Ресейге салынған санкциялар мен Кремльдің қарсы санкциялары Қазақстанға кері әсер етті деп санайды. Бұл туралы

60 жылдық тарихы бар өнер ордасы жабылды

Бұл туралы 31 арна хабарлады. “Нерентабельный дейді ғой, ол пайдасы жоқ деген сөзбенен біз  қысқартылып, жабылып отырмыз. Бізге айлық бере алмай жатырмыз дейді. Ал бірақ бізге бере алмай жатқан айлығын 

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап