Қарағандылықтар әйгілі «МузАрт» жігіттерін «ішіп алып, сахнаға шықпады» деп айыптаған

Қарағандылықтар әйгілі «МузАрт» жігіттерін «ішіп алып, сахнаға шықпады» деп айыптаған

Әйгілі «МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев қарағандылықтардың көңілін қалдырған сәтін еске алды. Жоспарлаған концертіне жете алмаған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эстрада дүлдүлдері Қарағандыдағы жеке концерттеріне жете алмай, көптің көңілін қалай қалдырғанын айтты. Сонда, жергілікті жұрт әншілер мас болып қалғаннан, сахнаға шыға алмады деп шуласқан еді.

Астанадан жеңіл көлікпен Қарағандыға жол тартқан Мейрамбек пен Сәкен сол күйі діттеген жерге жете алмаған.

«Аяқ астынан боран болып, боранның барысында екі көлік қақтығысып, жолда кем дегенде мына жаққа қарай 2000 машина, бері қарай 2000 машина Атбасардың екі ортасында сондай көлік кептелісі болып, ешкім өте алмай…», – деп есіне алды Сәкен.

Жеке кештері ақыры өтпей қалады. Дегенмен, алдын-ала ұшақпен жеткен Кенжебек Жанәбілов пен вокалды аспапты ансамбльдің өзге мүшелерін, концерт залынан көрген көпшіліктің көңілінде күдік ұялаған.

«Кенжебекті көрдік, Сәкен мен Мейрамбек мас болып сахнаға шыға алмай қалыпты деген қаңқу әңгімелер, өсектер де кеткен», – дейді ол.

Previous НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК
Next Астаналық әйел: «Мақпал Исабекованы қонақүйде күйеуіммен ұстап алдым»

Осыған ұқсас

Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Әр үйдің сыры бөлек. Әр отбасының өзінің жазылмаған заңдары мен тек сол отбасыға ғана тән тәртібі болады. Осы орайда zamana.kz басылымы отбасының ортақ табысын кім ұстауы керектігін анықтауға тырысты. «Еркек

Индира ЕЛЕМЕС, әнші: БІРЕУДІҢ АТЫН ПАЙДАЛАНЫП, ЕЛГЕ ТАНЫЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

  – Индира, 2015 жыл сіз үшін сәтті жыл болған сияқты. Әр жасаған еңбегіңіз еленіп, Индира Елемес атты есімді қалыптастырып қойдыңыз. Бірақ, көпшілік сіздің атыңызды білгенмен, жеке өміріңізден бейхабар. Әуелі

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенді қабылдады

Президент Димаш Құдайбергенді қабылдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп қалды. «Димаш Құдайберген деген баламызды

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап