Астаналық әйел: «Мақпал Исабекованы қонақүйде күйеуіммен ұстап алдым»

Астаналық әйел: «Мақпал Исабекованы қонақүйде күйеуіммен ұстап алдым»

«Спарта Номад» КВН командасының ойыншысы Дидар Жексековтың жұбайы белгілі әнші Мақпал Исабековаға қатысты біраз жайттардың басын ашты.  Астаналық арудың айтуынша, Исабекова Түркияда жолдасы Дидармен көңіл жарастырып, онымен «ойнас» құрған көрінеді, деп жазады NUR.KZ порталы.

Бұған қоса, екі жұп «махаббат» хикаяларын елге оралғаннан кейін де жалғастырған екен. Әзілкештің келіншегі, тіпті, күйеуі мен белгілі әншіні Астанадағы қонақүйлердің бірінен «ұстап» алған көрінеді.

Әйгілі «Спарта Номад» командасының белгілі мүшесі Дидар Жексековты көпшілік теледидардан көріп, сахнада айтқан түрлі әзілдерінен таниды. Десе де, былтырғы жылы әртістің жеке өмірінде «елеулі өзгерістер» орын алып, тіпті, әзілкешке отбасын тастап кетуге де тура келіпті. Бұған себеп – Жексековтың танымал әнші Мақпал Исабековамен көңіл жарастыруы екен.

«Оқиға 2016 жылдың жазында басталды. Олар жұмыс барысымен Түркияға аттанған еді. Сол кезде-ақ, Мақпал мен жолдасыма қатысты бір жайттың боларын сезген едім. Көңілімде күдік болғандықтан ба, мен әртістерге фототүсірілім жағынан қолдау көрсеткен «Кипятком» суреттерін қайта-қайта көрумен болдым.  Онда да жолдасым Дидар мен Мақпалдың барлық суреттерде бірге жүргенін көрдім. Дидардың ұялы телефоны үйдегі «Ipad»-пен байланыста болғандықтан, бірде планшеттен олардың Түркияда көңіл жарастырып, үнемі бірге болғандықтарын біліп қалдым. Яғни, жолдасымның көзіме шөп салғанын түсіндім.

Сөйтіп жүргенде, Түркиядағы сапарлары да аяқталып, күйеуім елге оралды. Қалаға келе сала сөйлестік, Дидар «қарым-қатынасымызды жалғастырудың қажеті жоқ, ажырасайық», –  деп кесіп айтты. Мен де еш қарсылық білдірген жоқпын, бірден келісімімді бердім. Сол күні, маған таныстарым хабарласып, Мақпалдың қаладағы қонақүйлердің бірінде екенін жеткізді. Мен, қонақүй қызметкерлерінен әртістің қай нөмірде екенін білуге тырыстым, бірақ одан түк шықпады. Ақыры, құрбыларымның бірінің қолына гүл ұстатып, «Мақпалдың фанаттарының бірімін» деген сылтаумен, қонақүй әкімшілерінен оның қай бөлмеде тоқталғанын білдім.

Сөйтіп, Мақпал мен жолдасым орналасқан бөлмеге барып, есікті қағып едім, халат киген Мақпал есікті ашты. Ал оның артында жолдасым Дидар отыр екен. Олар ішімдік ішіп отыр екен. Мен кіре салғаным сол еді, Дидар Мақпалды кеудесімен жауып, мені балағаттап, бөлмеден қуып шықпақшы болды. Мен Мақпалға Дидардың үйленген, баласы барын айтқаным сол еді, ол «оны білмедім, маған айтпады» деп жалтарып шықты. Сол оқиғадан кейін мен Мақпалды қайтып көрмедім.

Бірақ  әнші күні кешеге дейін оған хабарлама жазып, мазалап тұрды. Жолдасым, одан мазаламауын сұрап, отбасымен табысқандығын айтты. Бір қызығы, Мақпал теледидарда берген сұхбаттарында үнемі:  «Балалар тек толыққанды отбасында өмір сүруі керек, періштелердің еш жазығы жоқ» деген сияқты әңгімелерді айтады.  Ал өмірде істеп жүргені мынау. Шаңырағымды шайқалтып, баламды әкесінен айыра жаздады. Әншіні осыншалықты екіжүзді деп ойламаған едім. Оның жеке басын қаралайтын еш мақсатым жоқ, бірақ қонақүйде болған сол әрекеттері әлі күнге дейін көз алдымнан кетер емес, – деп мәселені түсіндірді әзілкештің жұбайы.

Осы мәселеге қатысты Мақпал Исабекованың директорына хабарласқанымызда, ол :«Мен Мақпалдың директорымын, оның өнері мен көпшілік алдына шығып жатқан сұхбаттарына ғана жауап беремін. Жеке өміріне араласуға құқығым жоқ, ол оның жеке шаруасы, басқа пікір білдіре алмаймын» деп қысқа қайырды.

Previous Қарағандылықтар әйгілі "МузАрт" жігіттерін "ішіп алып, сахнаға шықпады" деп айыптаған
Next Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Осыған ұқсас

Танымал қазақ әншісі төсек қатынасын ашық көрсететін фильмде басты рөлді сомдады (ФОТО, ВИДЕО)

Тағы бір қазақ әншісі ел алдына жартылай жалаңаш шыққаны үшін сынға қалды. “Жаңа толқын-2015” байқауының 2-орын иегері, әнші Әдемі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өткен видеосын жариялады. Бұл туралы

Сая Оразғалиеваның жас кезіндегі суретін көрген жұрт оны танымай қалды (фото)

Танымал актриса Сая Оразғалиева желіге 16 жасында түскен суретін салып, желі қолданушылары оны танымай қалды деп хабарлайды NUR.KZ. «16 жастағы суретім. Қастарым қайда? Көрінбейді. Шашымның табиғи түсі осы. Шынымды айтайын,

Әлішер Қайратұлы ҰБТ дан қанша ұпай жинады?

–          Әлішер, жалпы жағдайың қалай? –          Рахмет, Аллаға шүкір бәрі жақсы. Алматыға көшіп келгеніме екі күн болды. Биыл мектеп қабырғасымен қош айтысып, 6-маусым күні ҰБТ тапсырып шықтым. –          ҰБТ дан

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап