Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Қытайда боксшы Қанат Исламның Алматыда өткен жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге кетті. Бұл туралы бүгін Астанада Қытайдағы қазақтардың заңсыз қудалануына қатысты өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Білесіздер, бізде Қанат Ислам деген боксшы ағамыз бар. Қазақстанның шашбауын көтеріп, әлемге танытып жүр. Сол бауырымыз Қытайдан келген. Боксшының Алматыда болған жекпе-жегін интернеттен, теледидардан қолдаушылардың бәрі түрмеге кетті. Бұл туралы сайттарда да, журналдарда да жазылды.

Одан кейін Бекболат ағамыз (Тілеухан – ред.ескертп.) бар, сол кісімен суретке түсіп, шығармаларын, әндерін жолдаған азаматтарды соттап жатыр. Жалпы, Қазақстандағы танымал адамдарды көрген, олармен суретке түскен, оларды жарнамалағандарды түрмеге қамауда”, — деген Оразұлы Димашқа қатысты ақпарат келіп түспегенін айтты.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түскенін хабарлаған едік.

Previous Астаналық әйел: «Мақпал Исабекованы қонақүйде күйеуіммен ұстап алдым»
Next Ерке Есмаханның ісі сотқа берілді

Осыған ұқсас

Брюс Лидің өз-өзіне жазған хаты

Бүкіл адамзат баласы Брюс Лиді шығыс жекпе-жегінің хас шебері деп таниды. Ол осындай нәтижеге жету үшін алға қойған мақсаттарына тынбай ұмтылған. Егер жолыңыз Нью-Йорк қаласына түсіп қалса, «Голливуд әлеміне» көз

МИНИСТР ЗАҢ мен ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНА БАҒЫНБАЙ МА?

Депутаттың қазақша сұрағына орысша жауап берген Ішкі істер министрі Қ.Қасымов орнынан алынуы керек Кеше, 16 мамыр күні  Парламентке  келген  ҚР Ішкі Істер министрі  Қалмұханбет Қасымов   өзіне Қазақстанның мемлекеттік тілінде сұрақ

Жеңіл күлкіге, жеңіл әзілге құрылған хабарлар көбейіп кетті

Белгілі ақын әрі журналист, профессор Бауыржан Жақып телеарналарда журналист болып істеп жүрген әртістерден шаршағанын айтты. Білікті маман мұны БАҚ саласындағы кәсіби шеберліктің игерілмей жатқандығымен байланыстырады. Ол телеарналардағы хабарларды журналистер қауымы

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап