«МузАРТ LIVE» жобасының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
19.12.2016
746
9 comments
Share

«МузАРТ LIVE» жобасының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Бірнеше айға созылып, көрерменді әр жексенбі сайын көгілдір жәшікке байлап, баурап алған «МузАРТ LIVE» жобасы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Қамшы.

60000 адамнан суырылып шығып, ақтық сынға 8 қатысушы өткен болатын. Сегіздіктен төртеу таңдалып, жаңа «МузАРТ» квартеті құрылатынын естеріңізге сала кетейік. Сәкен Майғазиев, Ақжол Мейірбеков, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов, Кенжебек Жанәбілов, Ринат Гайсин төрелік еткен жобаның ақтық сынының шарты бойынша жеңімпаздың тек біреуін халық өзі дауыс беру арқылы таңдайды. Алғашқылардың бірі болып жаңа топтың құрамына кірген қостанайлық Серікболсын Кішкенбаев болды. Ал, қалған үш финалисті топ мүшелері қасында отырған кеңесшілерімен ақылдаса отырып таңдады. Кенжебектің көзі Нұрхат Сегізбаевқа түссе, Мейрамбек 18 жасар Әзиз Балтебекұлын топтан көргісі келді. Ұзақ ойланып, терең толғанған Сәкен өзінің бұл топқа 25 жаста келгенін, оған дейін ондаған байқауларға қатысып, бағын сынаса да жеңіске жетіп көрмегенін айтты. Сөз соңында ол Сұлтан Ахметті таңдады. Сонымен, жаңа квартеттің мүшелерімен танысыңыздар.

Олар:

Серікболсын Кішкенбаев

Нұрхат Сегізбаев

Әзиз Балтабекұлы

Сұлтан Ахмет

Comments

  1. Айтілек
    Айтілек желтоқсан 19, 13:45
    Бізде осы қатысушылар шығады -деп болжағанбыз. Дұрыс таңдау деп ойлаймыз.
  2. Айна
    Айна желтоқсан 19, 14:27
    Сакен мен сизди Исаны тандайды деп ойлап едим бир кандасымызга тандау киын болдыма оз кол астынызга алама деген бирааааааак
  3. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 19, 14:32
    Жигиттердин бари бирдей бари биринен бири отеди жаксы тандау болды калган жигиттерде МузАРТ пен жумыс жасайтынына сенимдимин
  4. Айна
    Айна желтоқсан 19, 14:33
    Жигиттердин бари бирдей бари биринен бири отеди жаксы тандау болды калган жигиттерде МузАРТ пен жумыс жасайтынына сенимдимин
  5. Лиза
    Лиза желтоқсан 19, 15:27
    Мен де Сакен болмаса Мейрамбек Исаны таңдайтын шығар деп үміт артып едім.Үмітім ақталмады.Енді мен үшін Музарт та,төрттік те қызық емес.Бұл менің жеке пікірім!Әркімнің өз пікірін жазуға құқығы бар!
  6. Кинаят Асылхан
    Кинаят Асылхан желтоқсан 19, 18:09
    Амантай Еркебуланды Сакен тандайма деп үмыт артып едім.Оралман деп кадыма естігеным бар Муратбек шыкканда оралман екнінді басында білмей калыпбыз деп ол распа даль солай болып калган жокпа....
  7. Света
    Света желтоқсан 20, 00:17
    Ия,Мусага обал болды.Ол сондаи уилесер еди топка.Типти топтын бети болатын еди.Аттен.
  8. iotuh98s7h
    iotuh98s7h желтоқсан 24, 09:07
    kug9eug97ug9
  9. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 30, 11:10
    Өте жақсы таңдау жасалды, ризамын

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *