Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досы Тоқтар Серіковтің ел білмейтін қырларын жария етті
27.12.2016
1613
8 comments
Share

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досы Тоқтар Серіковтің ел білмейтін қырларын жария етті

Бір ұстаздың тәрбиесін көріп, жастайынан бірге өскен Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бүгінде қазақ эстрадасындағы орны бөлек дара әншілерге айналды. Алғаш танысқан сәттен бастап-ақ олардың жұбы жазылған емес. Балалық шақтары, ұмытылмас студенттік кездері бірге өтті. Мейрамбек Бесбаев алғаш рет бала күнгі досының ел біле бермейтін қасиеттерін жария етті.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды stan.kz.

«Тоқтардың ең бір жақсы қасиеті – оның есте сақтау қабілетінің күштілігінде. Онысына әлі күнге дейін таңғаламын. «Әлгі жігіт қой, әлгі кісі ғой, есіңде ма?» деп бәрін танып жүреді. Жалпы Тоқтардың таңғалатын қасиеттері көп. Ақындығы бір бөлек. Табан астында ойдан құрастыратыны бар. Сосын аңшылық өнері бар. Екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Қалжыңбастығы бар. Қазір көп көре бермеймін. Өйткені «қайда кетті?» деп сұрасаң «аңға кетті» дейді. Қыс болса қасқырдың, жаз болса үйректің соңынан кетеді. Кейде сағынып жатамыз. Ылғи аң жақта жүреді. Не атып жататын қайдам, әйтеуір атып жатады.

Сосын ат құмарлығы бар. «Көп аттарым бар, мықты-мықты жануарларым бар» дейді. Бірақ «Тоқтардың аты келіпті» дегенді өзім естіген емеспін. Өзі де өнерде, аламан бәйгеде шауып жүр ғой. Енді аттары келсе екен. Соны тілеймін», – деп қалжыңмен аяқтады сөзін Мейрамбек Бесбаев.

Comments

  1. Атырау қаласынан
    Атырау қаласынан желтоқсан 27, 20:32
    Өзі де аттары да оза шауып бəйгенің алдын бермейтін шабандоз болсын!
  2. b
    b желтоқсан 27, 22:05
    :kulki1:
  3. Алихан бақанас бұра ауылы имаиы
    Tohtar agamizga allah tagala mikti densaulik bersin allahtin rahmeti paygamparmizdin sapagati bolsun
  4. бакон.
    бакон. желтоқсан 28, 12:15
    жулдызды жуптарын жазылмасын.сиздер казак деген осындай деп корсетер улгимиз онегемизсиздер
  5. бакон.
    бакон. желтоқсан 28, 12:15
    жулдызды жуптарын жазылмасын.сиздер казак деген осындай деп корсетер улгимиз онегемизсиздер
  6. Елдос АЯКӨЗ
    Елдос АЯКӨЗ желтоқсан 29, 01:08
    Қазіргі серілерғой
  7. Айжамал
    Айжамал желтоқсан 29, 02:04
    Иə елдің еркесі ,жігіттің серісі аман болыңдар.
  8. Anonymous
    Anonymous қаңтар 02, 00:59
    Аман болыңыздар.

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *