33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды
29.12.2016
6713
29 comments
Share

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды

Танымал әзілкеш, театр әртісі Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің барлық құпияларын айтып, көрерменге жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ. Жеке өмірінің бүге-шүгесін ол 31-арнадағы “Ұят емес” бағдарламасында айтып берді.

2014 жылы 33 жасында тұрмысқа кештетіп шыққан актриса өзінің өмірлік серігінің етегінен үш-ақ рет кездесіп қана ергенін мойындады.

Айтуынша, олар ортақ достары әзілкеш, актер Дәнекер арқылы танысқан. Аса тәртіпті, “қызға қырық үйден тыю” деген қағидамен тәрбие алған Жұлдызай бастапқыда оған жігіт ретінде қарамайды.

“Сөйтсем ол Дәнекерден менің нөмірімді сұрап алып, екі-үш ай хабарласпай жүріпті. Мені елдер бір көргеннен сұсты, мінезі шатақ деп қабылдайды. Ол да бірден хабарласуға батпапты. Қазіргі өмірлік серігімнің есімі де – Өмірсерік”, – деп әңгімесін айтып берді актриса.

Осылайша, олардың әңгімесі жарасып, Whatsapp желісі арқылы сөйлесе бастайды. Тек қана телефон арқылы байланысып жүрген олар артынша екі рет қана кездеседі. Ал үшінші рет оның қазіргі жары Жұлдызайға телефон арқылы хабарласып, аналарын жолықтырмаққа шешеді.

Бүгінде Жұлдызай бір сәбидің анасы атанған. Ал қайынжұрты ол туралы өте жылы лебіздер айтып, Жұлдызайдың қандай келін екеніне тоқталды.

“Ол үйде кәдімгі келін, үйге келе сала аяққа мәсісін киіп алып, асүйге кетеді. Тіпті олардың тойының алдында үйде жылқы сойдық. Сонда оның ішек-қарнының барлығын Жұлдызай тазалады”, – деп есіне алды қайынсіңлісі.

Жұлдызайдың айтуынша, ол тұрмысқы шықпай тұрып айрықша түс көрген. Түсінде бір ақ киінген әжей келіп, оның маңдайынан сипап: “Сен менің немереме тұрмысқа шығасың”, – деген екен.

“Жұздызай үйге келіп, үлкен кісілерге сәлем берді. Сөйтіп оны төр бөлмеге кіргізіп, барлығымен таныстырып жатырмыз. Ол кіре сала төрде ілініп тұрған суретке таң қалып қарап қалды. Ол ата-әжеміз болады деп айттық.

Сөйтсе, әжеміз оның түсіне кіріп, осы әулетке келін болып түсетініне аян беріпті. Кейін Жұлдызай қызды болды, оның есімін ырымдап Аянат деп қойдық”, – деді қайынсіңлісі.

Сонымен бірге, жеке өмірінен бөлек, Жұлдызай шығармашылық өміріндегі жаңалықтармен де бөлісті. Ол “Алдараспан” театрының актері Нұржанмен арада қандай кикілжің болғанын баяндады.

“Нұржанмен арадағы кикілжің қу тіршілік, ақша үшін болды. Өте қомақты қаражатқа қатысты. Қанша екенін айтпай-ақ қойын”, – деген актриса бүгінде бауырындай болып кеткен досымен қайта табысқанын айтады.

“Дегенмен, ақша біздің достығымызға сызат түсірді деп айта алмаймын, бүгінде бір-бірімізден кешірім сұрап, қайта тіл табыстық. Ол менің қанша жылдан бергі досым болды, бір қара нанды бөліп деп, бір жатақханада жүрген кездеріміз ұмытылмайды”, – деді Жұлдызай.

Ол өзінің көрермендеріне “Алдараспан” театрының келесі концертінде өнер көрсетемін деп уәде берді.

Comments

  1. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 14:55
    :unatu:
  2. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 15:08
    Жарайсын.куаныштымыз
    • куаныш
      куаныш желтоқсан 30, 15:19
      Кыз бен жигиттин арасында достык болмайды
      • Айн
        Айн желтоқсан 31, 00:47
        Неге. Достык болады. Менде бес жыл бир жигитпен дос болганмын
  3. Гулнар
    Гулнар желтоқсан 29, 15:08
    Жарайсын.куаныштымыз
  4. Жанка
    Жанка желтоқсан 29, 15:27
    Жарайсыз бақытты болыңыз!
  5. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 16:01
    Алдараспанга кайта оралсан жаксы болар еди себеби сени сагынышпен издеймиз
  6. Майра
    Майра желтоқсан 29, 16:01
    Алдараспанга кайта оралсан жаксы болар еди себеби сени сагынышпен издеймиз
  7. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 17:20
    Жұздызай бақытты бол
  8. Гуля
    Гуля желтоқсан 29, 17:40
    Бакытты болыңыз
  9. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 20:15
    Сенің сомдаған обрздарың маған қатты ұнайды, кəзіргі əртістерден ешқандай күлкілі ештеңе табаалмайсың өздері айтып өздері күлетін өңшеңбір шала əртістер ,тука екеуіңіз қайта сахнаға бірге неге шықпайсыңдар,екеуіңіз жақсы партнëр,сіздердің қойылымдарыңды көргенде жақсы бір демалып қаламыз.
  10. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 20:26
    ЖҰЛДЫЗАЙ-ТАЛА
  11. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 29, 20:44
    Өте керемет Жұлдызай ханым бақытты болыңыз кызыңыздын артынан ере берсин.
  12. Ербол
    Ербол желтоқсан 29, 22:21
    Жулдызай рольдерд! жаксы сомдайды.Онерин орлесин!Бакытты болындар..
  13. AKERKE
    AKERKE желтоқсан 29, 23:10
    БАКЫТТЫ БОЛЫНЫЗ. :unatu:
  14. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 30, 00:05
    :kulki1:
  15. Ерик
    Ерик желтоқсан 30, 07:18
    жарайсын тамаша бакыты бол жана жыл кутты болсын Атыраудан
  16. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 30, 08:26
    Жулдызай бакытты бол.сенин ойнаган ролльдерин оте жаксы
  17. Асия
    Асия желтоқсан 30, 10:23
    Нагыз ер мынезды кыз! Жарайсын!Бакытты болуга лайыктысын
  18. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 30, 11:05
    Жарайсыз бакытты болыныз бөпелеріңйз көп болсын
  19. уали жусип
    уали жусип желтоқсан 30, 14:52
    Шаншардан шыксаныз жаксы болушы еди
  20. самат
    самат желтоқсан 30, 15:17
    Бакытты болыныздар
  21. Мираш
    Мираш желтоқсан 30, 20:22
    Омирде бариде болады сабырмен карасан талай асуды аласын
  22. Гулбану
    Гулбану желтоқсан 30, 23:36
    Бақытты болыңыз.Маңғыстау обл.Бейнеуден сəлем .
  23. Anonymous
    Anonymous желтоқсан 30, 23:36
    Бақытты болыңыз.Маңғыстау обл.Бейнеуден сəлем
  24. Бакытбек
    Бакытбек желтоқсан 31, 14:22
    Жулдызай шаншар га да алдараспан га да катысып туршы. Сен болсан кызык болады
  25. Раушангүл.
    Раушангүл. қаңтар 01, 22:06
    Достық болмайтыны анық.
  26. Anonymous
    Anonymous қаңтар 04, 13:38
    жұлдызай тамаша актерлықтың нағыз хас шебері... жарайсың.. тек өнерден тыс қалып қойма.
  27. Камила
    Камила қаңтар 05, 10:22
    :unatu: БАҚЫТТЫ БОЛЫНЫЗ БАЛДАРЫНЫЗ КӨП БОЛЫП ОНЕРИНИЗ ӨРГЕ ЖУЗИП БИИК ШЫҢДАРДАН КОРИНЕ БЕРИНИЗ !ЖАРАЙСЫЗ

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *