Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты
04.01.2017
624
2 comments
Share

Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты

Жуырда ғана Ордалық Ерболат Беделхан талантты жастарға дәріс бергелі жатқанын хабарлаған болатынбыз. Оған әнші білек сыбана кіріскен секілді. Өйткені, ол өзінің өнер мектебін ашты, – деп хабарлайды Гәкку арнасы.

Ерболат Беделхан, ұстаз: “Енді бұл өнер мектебі деп айтуға болады. Өзімнің кішкентай кезімнен армандап келе жатқан сол бір арманым еді. Соған бүгін қолымның жетіп жатқанына шынында қатты қуаныштымын“.

Бұл күні тек Ерболат ғана емес, продюсерлік орталыққа қатысы барлардың барлығы да қуанышты болды. Сондықтанда, қонақтарды Ninety One тобының жігіттерінің өздері қарсы алды.

Айтпақшы, есігін айқара ашқан өнер ордасында сіздер өнердің мына түрлерін меңгере аласыздар.

Қазіргі заманауи музыкада өлең айтқысы келсе, билеп үйренгісі келсе, мысалы мына қазақ тіліндегі рэп деген мысалы несі бар… Қалай айтамын? Енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан жанры деп ашып жатырмыз. Солардың не екенін білгісі келсе“,- дейді Беделхан.

Онда Ерболатқа хабарласыңыз. Ол барлығын да үйретеді. Бірақ, жас ерекшелігіне шектеу бар.

Ерболат Беделхан: “Басында мен ойлағанмын бір 10 жастан бастап ала беремін ба деп. Бірақ, енді әрине менің… Енді ондай үлкен ауқымды көп адамдарды қабылдай алмаймын өкінішке орай. Сондықтан да, кішкен жаңағы 13-14 жастан бастап ғана қабылдай аламын“.
Айтпақшы, оқу ақылы болғанымен гранттық бөлім де қарастырылған. Ол үшін өзіңіздің өнерлі екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет.

Кімде-кім өзінің жаңағы өнерлі екенін көрсетіп жатса, тек ғана мен өзім шешім қабылдаймын ол адамның жаңағы менің былайынша айтқан кезінде қолыма келуі болады. Бұл жаңағы стажер еп айтамыз ғой. Сол кезде ол ақы төлемейді. Керісінше мен оны өз қамқорлығыма аламын деген сөз“,- дейді Беделхан.

Айта кетейік, жуырда ғана ашылған өнер мектебіне қабылданатын адам санына шектеу бар. Оған не бары 150 өнерпаз іліге алады. Сондықтан, асыққандарыңыз жөн. Іске сәт.

Comments

  1. Акжанай
    Акжанай қаңтар 06, 00:14
    Жарайсын, кутты болсын. Шын онер иелерин жарыкка шыгаруынызга тилектеспин
  2. найман али
    найман али қаңтар 12, 14:47
    Намысы жоқ қызтеке жігіттердің мектеп ашуы сорақы жағдай

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *