Қарақаттың табынушылары әншінің «үйі жиналмаған» деп сөгіп тастады (ВИДЕО)
05.01.2017
5860
8 comments
Share

Қарақаттың табынушылары әншінің «үйі жиналмаған» деп сөгіп тастады (ВИДЕО)

Танымал әнші Қарақат Әбілдинаға желі қолданушысы «үйің жиналмаған» деп сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасына отбасылық демалыс кезінен аулаған балығының видеосын жүктеймін деп, жұбайы Қарақат желі қолданушысынан сөз естіп тынды.

«Осындай бір керемет асыр салып, сағынып қалған ақ боранға «шомылып», алтын балықтың үлкенін бұйыртқан мейірімді Аллаға сансыз мадақ айтып, армансыз демалдық…» деген жазумен бөліскен видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі «Қарақат, үйіңіз шашылып жатыр ғой, үйге де бір мезгіл көңіл бөлсеңізші. Сахна деп жүгіре бермей… Жинақы тұрған дұрыс» деп пікір қалдырғаны сол артынша жазба авторы Болманов «Қарақатыма тазалығы үшін де ғашық болғанмын» деп жауап қатты. Сыни пікірді оқыған өзге желі қолданушылары бұл ескертпені ұнатпай қалды.

«Шашылып тұрған дұрыс, тіл-көз өтпейді. Жинамаңыз, Қарақат, өз денсаулығыңызды күтіңіз, балалы үй солай болу керек», «Үй жиналады, бірақ балалар болса, шашылады. Анам айтушы еді, «үйді тықыр етіп жинама» деп… Үй шашылып тұрса, берекелі болады дейді. Бірақ әркімнің түсінігі әрқалай…» деп қарсы шықса, кейбірі видео үйде емес, демалыс аймағында түсірілгенін алға тартқан.

Көріністің демалыс аймағында түсірілгенін Қыдырәлі Болмановтың өзі де растады.

Comments

  1. Клара
    Клара қаңтар 05, 19:16
    Осы жұрттың не шаруасы бар жұртта самые главные сенің үйің жинаулыма болды ғой
  2. Anonymous
    Anonymous қаңтар 05, 22:34
    Елдер оз басындагы оты кормеи,озге елдин басындагы шокты корип сокенди жаксы кореди. Казак десен осы озинди биринши согип,табалауга дайын турады.. Оз пикирлерин оздериннын калганы дурыс.
  3. Найманқыз
    Найманқыз қаңтар 05, 22:49
    Тең теңімен тезек қабымен демекші сұлулығы мен сымбатына , өнері мен ибалығына сөз жоқ ҚАРАҚАТқа жыртық шапан жамылып алса да жарасады.
  4. Anonymous
    Anonymous қаңтар 05, 23:37
    Балалары бар уй солай болады да!
  5. Омзо о
    Омзо о қаңтар 06, 00:42
    Олар да адам гой
  6. Anonymous
    Anonymous қаңтар 06, 01:44
    Балалы үй базар деп неге айтқан. Балалы үй базар сияқты шашылып жатқандықтан айтқан. Шашылу--ырыс, береке. Шашу шашу қайдан шыққан? Шашылып, ырыс құт кірсін деген тілек ниеттен шыққан сөз. БАҚ журналистері өсек айтып, біреулердің(көпшілік кешіріңіздер) аңдып жүріп көтін көргенге қанағаттанатын сияқты ғой. Олар көт аңдып жүріп, ақша табады.
  7. Есенкүл
    Есенкүл қаңтар 06, 01:46
    Балалы үй базар деп неге айтқан. Балалы үй базар сияқты шашылып жатқандықтан айтқан. Шашылу--ырыс, береке. Шашу шашу қайдан шыққан? Шашылып, ырыс құт кірсін деген тілек ниеттен шыққан сөз. БАҚ журналистері өсек айтып, біреулердің(көпшілік кешіріңіздер) аңдып жүріп көтін көргенге қанағаттанатын сияқты ғой. Олар көт аңдып жүріп, ақша табады.
  8. Акжунис
    Акжунис қаңтар 06, 11:53
    Менин айтарым, оз уйинизди жинап алыныздаршы тел.шукыганды тастап. Ол оз уйи емес, демалыс уйи екени еси дурыс адамга коринип тур гой. Балалыиуй сондай болады. Типти оз уйимди айтсам, казир жинап, ас уйге 1-2сагатка кирип кетейин, балалар отырган болмелер танымастай озгерип кетеди. Сол сиякты, Каракат та адам. Казирги жагдайында оган кутим кажет.. Сонд., желиде отырушылар, тисимизди кышытпай гана, жонинмен сойлеп отыруларызды отинемин. Мен де онын тек тындаушысымын.

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *