Ауылда жыртық “гәлөш” киген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (фото)
09.01.2017
3912
12 comments
Share

Ауылда жыртық “гәлөш” киген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (фото)

Ауылда ескі гәлөш киген Сәкен Майғазиев жұртты күлкіге қарық қылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Сәкен Майғазиев туған күнін дүркіретіп атап өтті. Аталған кешке барша танымал жұлдыздар жиналды. Арасында Ринат Зайытов пен Асхат Тарғынов секілді төбелес шығарғандар да бар. Әнші туған күнінен кейін бірден ауылға жол тартты. Ол қысқы демалысын туған өлкесінде өткізуді жөн көрсе керек. Енді міне күн сайын демалысының қызықты сәттерін бөлісіп жатыр. Туысқандарымен суретке түсіп, оларды жеке-жеке таныстырып өтуді де ұмытпады. Мұнымен қатар, анасының денсаулығы түзеліп, омыртқасының қалыпқа келе бастағанын тілге тиек етті.

“Анашым мен тұла бойы тұңғышы, ең үлкен әпкем Айткүлден мың сәлем! “Мамкабай, прекрасно выглядите…” десем, “Спәсибә” деп қояды. Ауылға келіп омыртқасы орнығып, белі тіктеліп қалыпты”, – дейді Сәкен Майғазиев. Әнші үйде тұрған ескі гәлөшті кигенді ұнатады екен. “Ауылға қанша жаңа гәлөш беріп жіберсең де, ескісін тастамайды ғой, шіркін. Бірақ, өзің де басқасынан гөрі, осыны кигің келіп тұра ма, бірдеңе ғой”, – дейді ол.

Сәкен мырзаның бұл әдеті туралы білгендер күлкіге қарық болды. “Бәріміз де ауылда солай өскенбіз. Шіркін, ауыл сонысымен қызық қой. Ауыл арасын қыдырып шығып кететін едік”, “Сәке, жаңасынан ескісін киген дұрыс! Ауыл сонысымен қызық емес пе?!”, “Ауылды бейшара етіп көрсетудің қажеті жоқ. Ауылда барлығымыз да гәлөш киеміз. Бірақ мұндайларын моншаға жағып жібереміз”, “Жаңасын көршінің үйіне, ауыл арасына киеміз. Ал мұндайлары есіктің алдына жарай береді ғой” деп жазады желі қолданушылары.

Comments

  1. Anonymous
    Anonymous қаңтар 09, 15:08
    :kulki1: керемет
  2. Anonymous
    Anonymous қаңтар 09, 15:29
    :oilanu:
  3. Асем
    Асем қаңтар 09, 15:33
    :bala: Онын несы кулкылы .
  4. Айгүл.
    Айгүл. қаңтар 09, 15:37
    Әрине өз ауылында не киседе өз еркi'менiм ағамда ауылға келсе жыртық гәлөш түгiлi жалаң аяқ жүредi'жыртық футболкаларын киiп алады.Ауылдың суына тоймай iше бередi.Солай етер бәрi'ауылға барғанда.СОЛАЙМА?
  5. Anonymous
    Anonymous қаңтар 09, 15:46
    :kulki1: :kulki1: :kulki1:
  6. Куралаи
    Куралаи қаңтар 09, 16:50
    Ауылда турамыз бирак казирде ауылдан жыртык галоштер таппаисын, жыртык галош корага жарамаид .
  7. Бекболат
    Бекболат қаңтар 09, 23:29
    Неси кулкили. Керисинше ол карапайымдылыктын белгиси шыгар. Кулмейтин нарсеге кулмендерш. Саке жарайсыз, тырнак астынан кир издейтиндерго кулип отырган. Кулсе оздеринин жарымдыктарына кулип отырган шыгар.
  8. Айнұр
    Айнұр қаңтар 10, 03:23
    Несі бар ауылға бірі жарасады. Сонымен қызық қой ауыл рахат жалаң аяқ та жүргің кеп кетеді
  9. Молдир.Созак
    Молдир.Созак қаңтар 10, 11:11
    Ауылдын адамдарынын жыртык колоштары болсада,конилдери бай.Каланын кейбир адамдары баргой бутин калош киип,жыртык конилдерин корсетип,мырсия кулетин.
  10. Жəннəт
    Жəннəт қаңтар 10, 12:22
    Дұрыс киуге жарамай қалғанда ғана тастаймыз.ауылда киім тамақ бəріне ысырапсыздық жоқ.қаладағылар сияқты. :kulki:
  11. Anonymous
    Anonymous қаңтар 10, 14:39
    :unatu: :kulki1:
  12. Anonymous
    Anonymous қаңтар 14, 19:19
    :aaa: :kulki1:

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *