Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды
10.01.2017
3196
4 comments
Share

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Салтанат Бақаева дүкен сатушысы ретінде отандық бағдарламадан шақырту алады. “Келесі кім” бағдарламасының сценарийіне сәйкес, ол тон сатады. Ал журналистерге актрисаны алдауға күйеуі Нұржан көмектеседі.

Бұл туралы КТК арнасының “Келесі кім” бағдарламасында айтылды.

Түсірілім барысында Салтанат Бақаева дүкенде тон сатып тұрады. Осы кезде ер адам келіп, оған түрлі жағымсыз сөздер айтады. Оның аңдар терісінен жасалған киімдерді сатып тұрғанын тілге тиек етеді. Қолына жануарлардың қаны құйылған бөтелкені ұстап алып қорқытады.

Осы сәтте Салтанат Бақаева барынша әлгі жігітті сабырға шақырады. Бірақ жануарлардың суретінен қатты қорқып қалғанын да жасырмайды.  Бұдан кейін дүкенге әйел келіп, өзіне жарасымды тон беруді өтінеді. Дүкен сатушысы әлгі әйел мен Салтанаттың арасында байланыс бар деп ойлайды. “Сіздер бір-бірлеріңізді танисыздар ма?” деп сұрайды. Салтанат “Жоқ” деп жауап қайырады. Олар, расымен де, таныс емес. Әйел бар болғаны алдын ала дайындалған актриса.

Салтанат пен дүкеннің тағы да бір сатушысы басқа бөлмеден тон алып келуге кетеді. Сол сәтте әлгі әйел бірнеше тонды ұрлап кетеді. Ал дүкеннің сатушысы мұның барлығын Салтанат Бақаеваға жабады. Яғни ол тондарды ұрлауға Салтанаттың көмектескенін айтып шу шығарады. Осы сәтте Салтанат қатты ашуланып кетеді.

“Ешқандай да қиындық жоқ. Бұл бар болғаны түсірілім емес пе?! Апай, кешіріңіз. Мына жерде оператор жолдас тұр ғой. Бағдарламаның аты қалай еді? Апай, сіз не деп кеттіңіз? Маған айқайламаңыз. Сау болыңыз! Қайдағы өтірікші! Есіңізден адастыңыз ба?” – деп дүкеннен шығып кетеді. Артынша көлігіне барып, әлгі екі тонның өз көлігінде тұрғанын көреді.

Актриса бірден күйеуіне хабарласып, болған оқиғаны айтып береді. Күйеуі тондарды қайтадан апарып беруге кеңес береді. Салтанат амалсыз әлгі тондарды апарып береді. Күйеуі алдауға көмектескенін айтудан бас тартады.  Салтанат ханым жылай берген сәтте бағдарлама жүргізушілері оған бар шындықты айтады.

Comments

  1. Anonymous
    Anonymous қаңтар 10, 14:29
    :kulki1:
  2. Райхан
    Райхан қаңтар 10, 20:41
    :aaa:
  3. Куралай
    Куралай қаңтар 12, 10:22
    Киын соккан екен
  4. Куралай
    Куралай қаңтар 12, 10:23
    Киын соккан екен :kulki:

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *