Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)
11.01.2017
766
0 comments
Share

Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі атақты продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ШаҺизадамен бірге Таиландта демалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Гүлзира Үсенқызы Таиландта тірі қолтырауын көргенін, аталмыш ел халқының қолтырауынның етінен кәуәп дайындап жейтінін айтып берді.

“Крокодилдің етінен кəуəп жасайды екен, жыртқыштың етін жеу қанымызға сіңбегендіктен бізге ерсі əрі жиіркенішті көрініп жемедік”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Бұдан бөлек, танымал продюсер не себепті шетелге күйеуі Нұртас Айдарбековсіз барғанын түсіндіріп берді.

“Нұрекең шет елге баруға тамағын уайымдап барғысы келмейді. Жемек тұрмақ Хайнанға барғанымызда əртүрлі жәндіктерден жасалғанын көріп иісінің өзінен қатты жиреніп келген, əрең шыдап, нəр татпай тек қызанақ жеп. Бару-бармауы сондықтан өз қалауында. Мінекей бүгін біз əрең дегенде көңілімізден шығатын тағам таптық, мейрамханаларды аралап. Қазағымыздың тамағына жететін тамақ жоқ. Жер көргеніміз болмаса, қазақ халқындай халық жоқ. Қазақтың жеріндей жер де жоқ. Мен шетелде болмадым деп ренжитіндерге айтарым: Қазақ елінде жер басып жүргендеріңіздің өзі ең үлкен бақыт!” – дейді  Қайрат Нұртастың анасы. 


Comments

No Comments Yet! You can be first to comment this post!

Write comment

Your data will be safe! Your e-mail address will not be published. Also other data will not be shared with third person. Required fields marked as *