Мәдина Сәдуақасова: «Менің қалыңдық көйлегім өте қымбат тұрады…»
21.02.2014 5 пікір 5831 қаралды

Мәдина Сәдуақасова: «Менің қалыңдық көйлегім өте қымбат тұрады…»

«Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шығады. Оның өмірлік жары өзінен кіші екен» деген сыбыстар ел ішінде желдей есті. Әйткенмен, бұл сөздерді әу баста біз кезекті өсекке балаған едік. Десе де, қуаныштың ауылы алыс болмады. 

Madek 1

«2014 жылдың 2-ақпаны менің «жеке өмір» тарихымда алтын әріптермен жазылмақ. Дәл осылай қалыңдық көйлегін киіп, тұрмысқа шығу әр қыз баланың арманы. Дәл осы күнді мен ұзақ күттім. Өмірлік жарым Олжас туралы айта берсем таңды таңға жалғауға болады. Ең бастысы: ол екі сөйлемейтін жігіттердің қатарынан. Алғаш рет осы қасиетіне ғашық болдым. Олжас отандық белді телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет етеді. Екеумізді таныстырған «Таң қалмаңыз» бағдарламасы болатын. Мен бағдарлама жүргізушісі, ал ол жаңадан келген режиссер болатын. Салмақты, артық сөзі жоқ жас жігітті мен ерекше сыйлайтын едім. Содан бір күні ол маған: «Мәдина, бір күні мен үйленемін. Сол кезде менің қалыңдығым – сіз боласыз» деген кезде мен еріксіз күліп жіберген едім. Ішімнен: «Жарайды, арманыңызға кедергі болмайын. Бірақ, көп қиялданған болмайды, жас жігіт» деп ойлап едім. Бірақ, оның қайтпас қайсарлығы бүгінгі қуанышты күннің болуына себепші болды.

Madek 2

Олжас – өте тұйық адам. Мен ешқашан тосын сый, ерекше ілтипат күткен емеспін. Бірақ, менің туылған күнімде «Менің жарым болшы» деген дәмді тортты және сақинаны алып келген кезде мен өзімді ерекше бақытты сезіндім. Бұл күз айында болатын. Енді, міне, Аллаһым сәтін салып, бүгін менің де тойыма куәгер болдыңыздар.

Кез келген ару өзінің қалыңдық көйлегінің ерекше болғанын қалайды. Мен де солардың қатарынан болып келемін. Олжас ұсыныс жасап, мен келісім берген сәттен бастап уайымым – осы көйлегім болды. Мен заңды неке қию рәсіміне бір көйлек, ал тойға басқа көйлек кидім. Мына заңды неке қию рәсіміне киіп тұрған көйлекті маған Олжас өзі таңдап, арнайы сыйлады. Бағасы құпия болсын. Бірақ, арзан емес. Ал тойда киген көйлегім менің қиялыммен тігілген. Олжас үнемі мені «гүлім» деп еркелетеді. Менің жеке дизайнерім, құрбым Айман осындай көйлек тігуге ұсыныс білдірді. Кейін ойластыра отырып, гүлдерде үнемі көбелектердің болатынын ескердік. Енді, оның да бағасы арзан емес. Әсіресе, арнайы тігілгендіктен мен үшін ерекше қымбат.

Madek 5

Бал айы, негізі, қазақтарда жоқ, ол батыстан келген әдет. Жаңа түскен келін қайын жұртына қызмет етуі керек, бұл – ата-дәстүр. Мен оны аттап кете алмаймын, сондықтан мен бал айын өткізбеймін. Бәлкім, өз уақыты келген кезде Олжаспен бірге шекара асып демалып келетін шығармыз. Әйтсе де, қазір мен үшін нағыз демалыс жаңа түскен жұртыма еңбек етіп, әйел бақытын сезіну.  Келін болып қызмет ету – менің басты мақсатым. Сондықтан 2014 жыл мен үшін үзіліс және демалыс жылы болмақ. Биыл сахнадан бір саты алыстап, үйде әйелдік міндетімді атқарғым келеді. Сахнамен мүлдем қоштасамын деп айта алмаймын, өйткені – мен өнер үшін туған жанмын. Бірақ, бұл демалыстың маған үлкен пайдасы тиеді деп сенемін.

Madek 4

Аллаһым қанша сәби берсе де, мен қуана қарсы аламын. Әр баланың өз несібесі мен берекесі болады. Көп балалы ана болуды армандаймын».

Иә, өнерде өз жолын қалыптастырып, тыңдарманын тауып үлгерген Мәдина жаңа шаңырағын  шаттыққа толтырады деп сенеміз. Құрған шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын! 

Previous Қазақстанда сұлулар сайысын Ресейде қыздар сатып сотталған азғын өткізуде…
Next Жанар Айжанованың жасырын ұлы бар!

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртастың әйелі көпшіліктің көзінше әншінің масқарасын шығарды (ВИДЕО)

Кеше ғана елу жасын атап өтіп, туған-туыс, таныстарының басын қосып, дүркіретіп той жасаған Гүлзира Айдарбекованың тойындағы қызықтары желіні шарлап жүр. Айтулы тойға Айдарбековтер әулеті түгелімен дерлік қатысқан сияқты. Десе де,

44 жастағы «Поп-музыка ханзадасы» үйленді

Түріктің танымал әншісі Таркан өзінің тыңдарманына үйленді, – деп хабарлайды Daily Sabah. 43 жастағы Таркан мен 30 жастағы Пынар Дилектің неке қию рәсімі әншінің Ыстамбұл қаласындағы үйіндегі бақта болды. Басылымның мәліметінше,

Қанағат Мұстафин: Қажымұқан бабамыздың руы мен демеушілердің руы сәйкес келмегендіктен қаржылық қолдаудан бас тартты

Жуырда көрерменге жол тартқан «16 қыз» фильмі көрсетілімiнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс жинады. 3 наурызда прокатқа шыққан туындыны алғашқы аптада шамамен 35 мыңнан аса көрермен тамашалаған екен.

5 пікір жазылған

  1. Индира
    Ақпан 26, 20:29 Reply
    Мадина Бакытты бол. Ен бастысы омірден өз жубыңды табу емес пе?, Шынайы Махаббат тілеймін!!!
  2. Шапагат
    Қыркүйек 18, 08:37 Reply
    Мадина апай омирде бвкытты бол Ануар деген улынызыздын бауы берик болсын.Мен сизди жаксы корем мен сиздин жанкуиеринизбин. Сиз сахынага кашан шыгасыз.Сизге аркашан бакыт тилимин.Сауболыныз
  3. Қолқоюсыз
    Қаңтар 30, 22:27 Reply
    Мадина сахнада шектен тыс майысып, ырбыйып турудын кажети не?
  4. Қолқоюсыз
    Шілде 31, 18:41 Reply
    Мадина хватит заливать!!! Казахское платье действительно красивое платье и имеет нормальную цену, а вот второе платье дешевка !!!!!!!!!!

Жауап