Нартай Аралбайұлы, КТК телеарнасының тілшісі : «Журналистика деген қарусыз  майданға оңайлықпен келген жоқпын!»
14.10.2014 5 пікір 5265 қаралды

Нартай Аралбайұлы, КТК телеарнасының тілшісі : «Журналистика деген қарусыз майданға оңайлықпен келген жоқпын!»

ҚАТТЫ ТАНЫМАЛ БОЛҒЫМ КЕЛДІ…

– Журналистикаға келуіңізге не түрткі болды?

загруженное– Үш жағдай түрткі болды. Бірінші себеп – Динара Ізтілеу есімді нағашы апам «Ана тілі» газетінде  журналист болып қызмет етті. Менің ауылымды картадан таппайсыздар. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Көктөбе село округінің, Бөрілі ауылы деген жерде 1991 жылы дүниеге келгенмін.

Сегізінші сынып окып жүргенімде жаңағы Динара апам келді, студенттік билетін көрсетіп, журналистика жайында айтты. Мен қатты қызықтым. Мақалаларым аудандық газеттерде жарияланып жүрді. Журналистикадағы үлгі тұтар тұлғам – Нұртілеу Иманғалиұлы болатын. «Болды, мен журналисткаға барамын»-деп шешім қабылдадым. Бірақ, ата-анамның жалғыз перзенті болғандықтан, әкем Алматыға жібергісі келмеді. Мен де айтқанымнан қайтпадым. Содан әкем: «Оқуға тапсырып көр, егер түспесең ауылға келіп, мал бағасың»-деді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика мамандығына тапсырдым, Алланың бұйырғаны ғой, түсіп кеттім. Екінші себебім – осы оқуға түсіп кеткенім.

Үшінші себеп – мектепте оқып жүргенімде математика пәнін аса ұнатпайтынмын да, түсінбейтінмін. Журналистикаға математиканың қажеті жоқ. Тіпті керемет болды. Осы үш себеп бір жерде тоғысты. Менде ең әуелі журналистикаға деген махаббат болды. Біреулер секілді: «Мен халықтың қамын ойлауға келдім»-деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Әңгіменің ашығы, мен қатты танымал болғым келді, теледидардан сөйлесем деп армандадым. Ата-анамның мақтанышы болғым келді. Ал телевизияға кіру үшін, ешқашан кастингке қатысқан емеспін. Себебі, мені таңдап алғандарын емес, мені қалап алғандарын қалаймын.

Қысқаша айтып өтейін. Университетте оқып жүріп, диск сатып ақша таптым. Күнде таңғы бесте тұрып, барахолкадан  жүз теңгеге диск сатып аламын да, сағат бір-екілерде сабақтан босаған соң, үстіне ақша қосып  дисклерді сатуға кірісемін. Үлде мен бүлдеге оранған үйдің жалғыз перзенті болсам да, әкемнен ақша сұрағым келмеді. Сөйтіп жүргенде үнемі менен бір жігіт келіп диск алатын. Өзімнің жерлесім екен. Таныстық, сөйтсем ол кісі Қазақстан телеарнасының жаңалықтар бөлімінде оператор болып қызмет етеді екен. «Дискіңді жина, кеттік, практика өтесің»-деді. Қанат Әуесбай, Есболат Айдабосын ағаларымыздан біраз нәрсені үйрендім. Жеті ай жүрдім практикада. Одан кейін Алматы телеарнасына жіберді. Екі күн практикадан өткізді де, жұмысқа алды. Ары қарай қызу жұмыс басталып, телеарнаға кіріп кеттім.

2010 жылдан бері  КТК  арнасында қызмет етіп келемін. Ең әуелі Аллаға, одан кейін осы саланың қыр-сырын үйреткен аға-әпкелеріме көп рахмет.

ӘНШІЛЕР ӘНІН АЙТЫП, ТОЙЫНА БАРСЫН…

images– Қазір қарап отырсақ әншілеріміз, актерларымыз болсын бір-бір бағдарламаның тізгінін ұстап, өздерін тележүргізушілік қырларынан да  көрсетіп  жүр.  Кәсіби журналист ретіндегі көзқарасыңыз қандай?

– Қою керек қой ондайды. Бұл – телеарналардың басшыларының қателігі. Әншілер жүргізсе, рейтінгіміз жоғарылайды  деп ойлайды. Керемет жоғарылағанын көрмедім. Нағыз маманға берсінші сол жұмысты. Әнші – ол әнші. Әр адам өзінің жұмысымен айналысуы керек. Әншілер әнін айтсын, тойына барсыншы болды. Нағыз әнші ешқашан олай істемейді. Менің сүйіп тыңдайтын әншім – Мейрамбек Бесбаев. Бағдарлама жүргізе ме?! Жоқ. Себебі, ол өнердің биік шыңына шықты.

Әншілердің көбісі басын әрбір жерге сұға беретін болды. Ол ұят нәрсе. Кейбір журналист аға-әпкелеріме қарап, ішім күйеді. Журналистиканы оқып, неге басқаға сценарий жазады. Шыққан әнші сымақ сценарийіңді дұрыстап оқып берсе, өкінбейсің ғой. Оқи алмайды ғой, он жеті сөз жазсаң, он екісін қате оқиды. Қалай қарның ашпайды. Ондай жолмен танымал болып қажет емес. «Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың»- дейді ғой. Сол сияқты журналистика да жаныңмен жасайтын дүние.

ҚАЗАҚТЫ ТЫМ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ҚҰРТАДЫ…

– Білікті журналист болу үшін не істеу қажет? Өзіңіздің жолыңызды қуған іні-қарындастарыңызға  қандай кеңес айтасыз?

– Ең бірінші бұл мамандықты  сүю керек. Ақша үшін емес, атақ үшін емес, сүю керек. Екіншіден, халық үшін бір дүние жасау керек. Аллаға шүкір, бір жерге барсам, ата-әжелерімнің батасын аламын. Балаларының аузына  түкіртеді. Менің есіміме орай жаңа туған сәбилеріне Нартай деген есім береді. Мен үшін бұл нағыз абырой. Жұмыстан рахат ала білу керек. Бұл мамандықта менен артық ешкім жоқ деген нәрсені рухани тұрғыда ойға түю керек. Мысалы, маған да бастапқыда: «Барлық сөзді  бір әріппен бастап сөйлейсің, мұның дұрыс емес»-деді. Оған ақыры көнді. Дәлел ретінде айтайын менен кейін талай тілшілер солай сөйледі. Одан кейін тағы не ойлап тапсам екен дедім де, күшеніп, өлеңдетіп сөйлеуді шығардым. Оған да қарсы болды. «Мынау бір тентек бала екен, бұл саған өлең емес қой»- деп тағы шықты. Ештеңе жоқ, оған да үйренді. Жазамын дедім, жаздым. Сөзіме дәлел болсын, қазір қараңыз талайлар сөйтіп жазады. Сондай жаңашылдықты намыстанбай әкелдім, көндірдім. Мақтанғаным емес, бірақ осы салаға сондай жаңашылдық алып келдім. Қазақты тым қарапайымдылық құртады.

ҚҰРМЕТТІ БАСШЫЛАР,  БІЗГЕ МҮМКІНДІК БЕРІҢІЗДЕРШІ…

images (1)– Қазіргі таңда қазақ телевизиясына не жетіспейді сіздің ойыңызша? Мүмкін жаңа жобалар керек шығар?

– Көп нәрсе жетіспейді. Жоба дейтін жоба жоқ қой. Бәрін көшіріп алдық. Өгей үйдің баласы өз  балаңдай болмайды, оны халық та біледі. Мысалы: «Вечерний Ургант». Шетелден алынған, бірақ Ресей қалай әдемі жасаған, көргің келеді. Ал біздегіні, шынымды айтсам, көргің келмейді. Қай бағдарлама болсын, шетелден аламыз да қоя саламыз. Одан кейін: «Мен шығармашылықпен айналысамын»- дегенді қою керек. Қолынан түк келмеген соң елдікін көшіріп аламын деген дүние бұл. Бұл – қорқақтық.

Жастардың  ойында жүрген талай жоба бар, бірақ бізге мүмкіндік бермейді. Қазақта талай жоба бар ғой, соны жасатпайды, өзім тұншығып жүргендердің бірімін. Продюсерлерде бір ой қалыптасып қалған: «Басқаларға жақсы өтіп жатыр ғой, бізге де өтеді» – деген. Қазаққа кез-келген дүние өтпейді. Қазақ – сыншыл халық. Қазақ – жыр көрген, айтыс көрген халық. Қазақтың ұлттық рухын, намысын қалыптастыру керек. Қазақ телевизиясы-ұлттың санасын өсіретін де, өшіретін де, идеологияның басты құралы. Өзіміздің ойымызда жүрген жобаларымыз жетерлік, құрметті продюсерлер, басшылар бізге мүмкіндік берсеңіздерші. Көшірме жобаларға жұмсаған қыруар қаражатты бізге берсеңіздер, әлдеқайда жақсы, қазаққа сай, жаңа жобалар жасап береміз. Кез-келген жерде сөзіме жауап бере аламын…

Аружан Шорманова

Previous Актриса Аида Жантілеуова ұзатылды
Next ЗИВАРА ЖАҢА ФОТОСЕССИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Осыған ұқсас

Т.Төреәлі: Махаббатты езіп жырлай бергеннен өзгерер ештеңе жоқ (видео)

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі елімізде соңғы уақытта белең алған тастанды сәбилер тақырыбына қатысты ойын білдірді. Өнерпаз бұл туралы «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» бағдарламасында айтты. Жүргізішунің «Сіз не жайлы ойланасыз?» деген сұрағына

«Зың-зың», «Жоқ, жоқ». Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейіп кеткеніне қынжылды

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейгенін айтып, кейбір әріптестерін сынға алды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Қазақ эстрадасын

ТОҚАЛДАН ҚАШПАЙЫҚ: АБАЙ МЕН ШОҚАН ДА ТОҚАЛДАН ТУҒАН

Бай-бағландардың жемсауына түспеңдер! Ұлтымыздың түбіне керенаулық жете ме деп қорқамын. Мұным көпке топырақ шашқаным емес. Қазақтай мырза, қазақтай таза, қазақтай шыдамды халық жер бетінде өте аз. Дәл қазақтай қызы мен

5 пікір жазылған

  1. Улбосын
    Қазан 16, 17:04 Reply
    Осы Нартай неліктен сөйлегенде ентігіп кетеді екен?
  2. Гаухар
    Қазан 19, 10:08 Reply
    Ентиксе стильи сондай да немесе пияр ходтын бир тури болу керек. Катты танымал болгым келди деп тургой...
  3. Нурсипат
    Қаңтар 23, 13:38 Reply
    Биз сизди уй ишимизбен бирге катты уайымдаймыз. кайда коринбей кетти деп. Шындыкты ашып, айкынын келтирип айтатын тилшилердин осы саладан тез кететини Бизди ойга салады. Сизге тек кана жаксылыктар тилеймиз. Амалы болса кайта оралыныз. Биз тек куанатын боламыз.
  4. Анар
    Ақпан 28, 21:12 Reply
    Нартай сіз шыншыл адамсыз. жаңалықты жүргізгенде сізді сүйсініп тыңдаймыз. ктк ға қайта оралыңыз

Жауап