Ернар АЙДАР, әнші: БАЛА КЕЗІМДЕ БАЗАРДА АРБА АЙДАДЫМ…
15.01.2016 31 пікір 13539 қаралды

Ернар АЙДАР, әнші: БАЛА КЕЗІМДЕ БАЗАРДА АРБА АЙДАДЫМ…

7534435_m

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ернар сіз телеарнаға берген бір сұхбатыңызда: «Өзімді әншімін десем де артық болар. Әншілік жолға енді ғана қадам басып келе жатқан жанмын» деген едіңіз… Осы уақытқа дейін бір емес бірнеше рет ән кешін беріп үлгерген талантты жастың бұл өзін-өзі бағаламауы емес пе?  

– Мен «белгілі әншімін» деп көкірек қағудан аулақпын. Ең бастысы – өнер жолында қаншалықты еңбек етіп келе жатқаным халыққа аян. Әрбір атқарған ісім өзімнің де жадымда. «Танымал әншімін» немесе «қыруар жұмыс атқарып жатырмын» деп жарияға жар салып, ешкімге өзіңді мойындата алмайсың. «Арық сөйлеп, семіз шық» дейді дана халқымыз. Осы қағиданы ұстанғанды құп көремін. Оның үстіне қай салада да ерінбей еңбектене білсең, халық сені өзі-ақ көкке көтереді.

Бір сәт балалық шаққа көз жүгіртсек… Бала Ернар қандай еді?

– «Өте тәртіпті, әрі оқымысты бала болдым» дей алмаймын. Шынымды айтсам, бірде момын, бірде тентектеу едім. Оқушы кезімде қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрдім. Төбелестің арасынан да табылып қалатынмын. Қазір ойлап қарасам, адамның бойында титтей бір өнердің ұшқыны болса, онда ол адам бір қалыпқа сыймайды екен ғой…

Еңбекке неше жасыңыздан бастап араластыңыз?

– Бала кезімізде ата-анамыз бізді еркелеткеннен гөрі еңбекке баулығанды жөн санады. Сөйтіп, өзге балалар сияқты ауылдың күйбең тіршілігіне ерте араластым. Отбасында қарындасым кішкентай болғандықтан, үй шаруасына келгенде, анама көп көмектестім. Үй жинау, сиыр сауу, қора тазалау, шөп жинау дейсіз бе, бәрін тап-тұйнақтай етіп істеп қоятынмын. Себебі, анамды қатты жақсы көретіндіктен, ол кісінің айтқанын екі еткізбей орындауға тырысатынмын.

Есейе келе ағаларыммен бірге базарда жұмыс істедім. Арба да айдадым, жүк те тасыдым. Берік атты үлкен ағам бәрімізге бағыт-бағдар беріп отыратын. Тапқан табысымызды да соған тапсыратынбыз. Кейін отбасымыздың мүшелері ақылдаса келе, мені Алматыға оқуға жібереміз деп шешті.

– Ел білетін Ернар Айдардың негізгі мамандығы қандай?

– Жоғары білімді Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде алдым. Мамандығым – заңгер.

– Ал, өнерге қалай бет бұрдыңыз?

– Студент кезімде өзім заңгерлікті оқып жүргеніме қарамастан, Өнер академиясын, түрлі ән жаздыратын студияларды жағалап кеттім. Жүрегімнің түкпіріндегі өнерге деген құлшыныс, тыным бермесе керек-ті, ақыры осы өнер әлеміне қадам бастым. Бойымдағы талантымды байқаса керек, ағам да барынша қолдады.

 

– Жалпы өнердегі және өмірдегі ұстаздарыңыз туралы айтыңызшы…

– Өнерге бет бұрмай тұрып, ең алдымен өмірдің мектебінен тәлім алдық қой қай-қайсымыз да. Сондықтан да,  өмірдегі ең басты ұстаздарым әкем – Жаңабай Айдарұлы және анам – Күлман Ахметқызы дер едім. Өнерде бір биікке шығып жатсам, әуелі Алла, одан соң осы кісілердің арқасы. Ал, өнердегі ұстаздарымның да жөні бөлек. Бүгінгі таңда елге белгілі композиторлар – Бауыржан Есебаев, Қуаныш Құрманбаев сынды білікті мамандардан тәлім алып, қияға қанат қағып келеміз. Ал, бұл тұрғыда ағам, әрі продюсерім – Талғат Айдардың да еңбегі орасан зор.

c6p-76QdeQA

– Ернар, жоғарыда атап өткен ұстаздарыңды қалай жолықтырдың?

– Ең әуелі Қуаныш Құрманбаев ағамызбен танысып, бірлесе жұмыс істей бастадық. Осы тұста Қуаныш аға маған «Асыл әке» атты әнді ұсынды. Бұл әнді алғаш рет әкемнің туған күнінде шырқадым. Ол кісінің мерейтойына деген ең басты тартуым болды. Осылайша алғашқы әнім әкеме арналды. Әкемнің ақ батасын алған соң, өнерім өрге домалай бастады. Араға аздаған уақыт салып, Қуаныш Құрманбаев мені Бауыржан Есебаев ағамызбен таныстырды. Бауыржан аға да бірлесе жұмыс істеуге қарсылық білдірмеді. Сөйтіп маған өзінің «Жарығым-ай» атты әнін берді. Өздеріңіз білетіндей бұл ән халықтың сүйікті әніне айналды. Кейін ақын, композитор Шымберген Сүйлейменов ағамыздың «Сүйдім, сүйдім» атты әнін орындадым. Осылайша, ән қоржынымыз бірте-бірте түрлі әндермен толыға бастады.

– Ал, ән әлемінде кәсіби әнші ретінде көріну үшін осы бағытта жоғары білім алу керек деп ойламайсыз ба?

– Әрине, қазіргі таңда әнші деген атты иеленіп жүргендіктен, бұл бағытта кәсіби білім алу – негізгі міндеттің бірі. Бірақ шындығын айту керек, дәл бүгінгі күні 4 жыл бойы күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндігім жоқ. Оған уақыт тапшы. Сондықтан да заман талабына сай, ғаламтор желісінің қызметін қолдануға тура келеді. Мәселен, скайф арқылы да дәріс алып, өз біліміңді шыңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жеке мамандардан вокал бойынша сабақ алып, шығармашылығымды одан әрі дамытуға күш салмақпын.  Әсіресе, бүгінгідей, қазақ эстрадасы жанды дауысқа көшуге бет алған кезеңде бұл өте маңызды қадам.

Бүгінгі таңда ән қоржыныңда қанша ән бар?

– Қазір репертуарымда 90-ға жуық ән бар. Олардың арасындағы ең жаңа ән – өздеріңіз білетіндей «Бір сұрақ» деп аталады.

WPRvJ4yUkbY

 

«ҚАЙРАТ НҰРТАСТЫҢ АРҚАСЫНДА ТАНЫЛДЫМ» ДЕЙ АЛМАЙМЫН

 

Ернар сізді, жұрт Қайрат Нұртасқа әлі күнге дейін ұқсатады. Сіздің Ернар Айдар ретінде елге танылуыңызға Қайрат Нұртаспен салыстырудың ықпалы қаншалықты тиді?

– Біздің елде  Қайрат Нұртас сияқты көзілдірік киіп, шаш қойып, оған қатты ұқсауға талпынатын жас жігіттер бар. Керек десеңіз, олар Қайраттың репертуарындағы әндерді қолданып, концерт қойып та жүр. Ал, енді неге жұрт, соларды көрмейді? Айналып келіп, мені ұқсатқаны түсініксіз. Мұны біздің жанкүйерлеріміздің алып қашпа сөздері деп ойлаймын. Егер де, ешқандай еңбектенбей, әлгі жігіттердің істегенін қайталап жүрсем, ел мені білер ме еді? Тағы бір айтарым – Алла тағала басыңа бақ бермесе, ел сені кімге ұқсатса да, таныла алмайсың…Тыңдарман қауым осыны бір сәт ой таразысына салып көрсе екен…

Мені тәрбиелеу үшін ұстаздарым студияда ұйқтамай, талай таңды атырды. Тіпті әнді дұрыс жеткізе алмаған тұста жанарымнан жас аққан кездерім де есімде. Осы жолда күйіп, жанып жұмыс істеген ұстаздарымның еңбегін жоққа шығарып, танылуыма Қайрат Нұртастың ықпалы тиді десем, бұл өзімнің өнеріме деген қиянатым болар еді… Сондықтан да бұл тұрғыда ұстаздарымның еңбегі орасан зор екендігін баса айтқым келеді.

– Сізді жұрттың Қайрат Нұртасқа ұқсатуын қаңқу сөзге балап отырсыз. Бірақ Қайраттың анасы, әрі продюсері – Гүлзира Айдарбекова олай ойламайтын секілді. Сондықтан да, Ернардың күлкісі де, сахнадағы тағзымы да Қайраттікінен аумайды деп ренішін білдірді. Сіз мұны қалай қабылдадыңыз?

– Қайрат Нұртастай қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызды дүниеге әкелген беделді продюсер, Гүлзирадай анамыз мен жайлы қандай пікір айтса да қуанамын. Өйткені біз аналарды құрметтеген, қадірлеген халықпыз.

– Өнер әлемінде жұлдызыңның жарқырап жануы үшін демеушінің де атқарар ролі зор. Айтыңызшы, сіздің ата-анаңыздан, ағаларыңыздан өзге демеушілеріңіз бар ма?

– Ең бірінші қолдаушым – Алла. Екінші ата-анамның маған: «Балам, тек алға қарай самға» деген бір ауыз сөзі. Осы тұста «өнерде қалтасы қалыңдарға ғана орын бар» деген пікір ауылдағы қаншама талантты жастың сағын сындыратыны сөзсіз. Бүгінгі жасөспірім балалар шын мәнінде бар нәрсе қаржыға келіп тіреліп тұрмағанын түсінсе екен деймін. Мәселен,  ән әлеміне енді ғана бет бұрған шағымда қалтамда ешқандай да қомақты қаржы жоқ еді. Жалғыз мен емес, өнерде жүрген өзге де аға-әпкелерімізде де солай. Бәрі де ауылдан шықты. Тек тынбай еңбектенудің арқасында ғана бүгінде биіктен көрініп жүр. Сондықтан өнерге бет бұрғысы келетін жас өскіндердің «демеушім жоқ» деп салы суға кетпесе екен деймін. Егер еңбектенсе, кез-келген биікті бағындыруға болады.

– Сіздің орындауыңыздағы «Бірі сен, бірі мен» атты ән Тарканнан, ал «Чайхана» Мираннан ұрланды деген ақпарат телеарнадан тарады. Жалпы өзге біреуден әнді көшіріп айту, сіздің атыңызға кір келтірмей ме?

– «Бірі сен, бірі мен» атты әнді Тарканнан көшіріп алғаным рас. Ал, «Чайхана» Мирандікі емес. «Ернар Айдар ән ұрлады» дегендерге берер жауабым: бұл асыра сілтеушілік. Мен ұрлаған жоқпын, дұрысы – көшірдім. Ал, мұның ешбір сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы – ән маған ұнады. Сондықтан, аталған әндердің халықтың құлағына қазақ тілінде жеткенін ғана қаладым. Ал, ұрлап алу деген – еш жерде айтылмаған әнді қандай да бір амалмен қолға түсіріп, таратып жіберу. Осы нәрсенің ара жігін ажыратып алғанымыз жөн шығар.

– Сонда алдағы уақытта да осындай көшірме әндер репертуарыңыздың қатарын толықтыруы мүмкін бе?

– Әрине. Егер де ән маған ұнаса, орындайтыным анық.

994

 

ЕҢБЕК БАР ЖЕРДЕ ДАҒДАРЫС ЖОҚ

– Бауыржан Есебаев: «Алдағы түсірілетін кинода Ернар өзінің актерлық қабілетін көрсетеді» деген еді. Бұл сенімді ақтай аласыз ба?

– Иә, болашақта Бауыржан ағамыздың басшылығымен түсірілетін кинода мен басты кейіпкерлердің бірін сомдауым мүмкін. Өзіме артқан сенімнің үдесінен шығамын деген үміттемін. Бауыржан аға, бұл жауапты міндетті маған бекерден-бекер тапсырып отырмаған шығар. Ол кісі де бір нәрсені сезген болуы мүмкін.

– Қазіргі таңда қандай ақын-композиторлармен жұмыс істейсіз?

–  Бүгінде Бауыржан Есебаев, Қуаныш Құрманбаев, Шымберген Сүлейменов, Жарылқасын Дәулет, Ербол Спаналиев сынды композиторлармен және Ринат Заитов, Ақмарал Леубаева сынды ақын аға-әпкелерімізбен шығармашылық байланыстамыз. Алла амандық берсе, халықтың көңілінен шығатын тың туындылар ұсынамыз деген ниеттемін. Сондай-ақ, өзімнің де шығарған бір-екі әнім бар. Әйтсе де, мұны өзімнің композиторлық қырым деп айта алмаймын.

– Ернар, өзіңіз білетіндей қазіргі таңда біздің елімізде ғана емес, әлем елдерінде дағдарыс белең алды. Өнер иелеріне бұл құбылыс қаншалықты әсер етуде? Тойға шақырту кеміп қалған жоқ па?

– Еңбек бар жерде дағдарыс жоқ. Ал, жалқаулық жайлаған  жерде дағдарыс орын алмаса да, дағдарыс болады.  Сондықтан қай кезеңде де, алға ұмтылып, болашаққа үлкен мақсаттар қоя білсек, кез-келген қиындықты еңсеретініміз анық. Қазіргі таңда жаңа әндер жаздырып, концерт қойып тынбай еңбек етіп келемін. Нәтижесі де жаман емес. Шүкіршілік деп айту керек, еліміздің түкпір-түкпірінен тойға шақырту түсіп жатыр. Бұйырғанын тауып жатырмыз.

– Табысыңыз жаман емес секілді. Бүгінде меншігіңізде біраз нәрсе бар шығар…

– Шыны керек, біздің отбасымызға «мынау менікі»,  «мынау сенікі» деген жат қылық. Ақшаға қатысты кез-келген дүниені продюсер ретінде ағамның өзі реттейді. Сенсеңіз, күнделікті өмірде қалтамда қомақты қаржы жүрмейді де. Қазіргі таңда ағамның үйінде тұрамын. Құдайға шүкір деп айтайын, өзіме қажетті заттың барлығы бар. Егер қосымша ақшаға қажеттілік туындаса, ағамнан сұрап аламын. Өзімнен үлкен үш бауырым да отбасын құрып, жеке шаңырақ көтергеніне қарамастан, әлі күнге дейін табысымыз араласып кете береді. Ең бастысы – отбасымызда ортақ ауызбіршілік бар. Қандай жағдайда да, бір-бірімізге қолдау көрсетуге әзірміз.

– Қашан келін түсіріп, ата-анаңызды қуантуыңыз мүмкін?

– Амандық болса, бәрі де өз ретіне қарай орындала жатар. Бірақ дәл қазіргі кезде жүрегімді жаулаған ару жоқ.

– Әңгімеңізге рахмет! Шығармашылық жолда сәттілік тілейміз! Өзіңіздей еңбекті жанына серік еткен ерлеріміз көп болғай!

Previous СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВА: ИТ АЯҒЫМНАН ҚАПТЫ ДЕП, МЕН ИТТЕРДІ ҚАПСАМ, АДАМГЕРШІЛІГІМ ҚАЙДА ҚАЛАДЫ?
Next ДИНАРА ТІЛЕНДИЕВА ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН ЖАЛАҢАШ СУРЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Осыған ұқсас

Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

69 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ. Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты  таза жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан Риодағы алғашқы алтынын алды. Жартылай

Бекболат Тілеухан ба, Қайрат Нұртас па?

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланды. Тізімге 127 кандидат ілікті.

Баян Есентаева: Ең үздік терапия – балалармен әңгімелесу

Күйеуінен пышақ соққысын алып, емханаға ауыр халде түскен Баян Есентаева бүгінде жазылуына балалары демеу болып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы. БАЯН ЕСЕНТАЕВА. ФОТО: INSTAGRAM Продюсер барлық дертке балалар шипа

31 пікір жазылған

  1. БОТАНОВА АЯУЛЫМ
    Қаңтар 28, 15:58 Reply
    МЕН ЕРНАР АЙДАРДЫ СҮЙІП ТЫҢДАЙМЫН ӘРҚАШАН ӨНЕРІ ЖАНА БЕРСІН БАСЫНАН БАҒЫ ТАЙМАСЫН
    • Сабыржан
      Қараша 26, 23:59 Reply
      Мен Ернар Айдардиң әндерин суйиб тиңдаймин Ернар Айдар ға тилегим узақ өмир улкен ден саулиқ тилеймин өзиниң әндеримен адамдардиң көңилине жол табудан димда тоқтамасин
  2. Сакен
    Мамыр 16, 23:25 Reply
    Талантты жас екен бірақ, әркімнен ән көшіруі дұрыс емес- ау, қазақтың ақын-композиторлары жетіп артылады ғой неге соларға тапсырыс бермейді содан өзіне ұнағанын айтпай- ма .екен
    • Қолқоюсыз
      Тамыз 09, 00:22 Reply
      Ернар айдар сен аншисин саган лайк 5000000000000000000000 осындай лайк койу керек саган
  3. Сакен Исмайлов
    Қазан 25, 02:45 Reply
    Ернар сен орындап жаткан андер тамаша. Рахаттанып тындаймыз. Мысалы бир анди коширип урласан, шыккан сол ан оргиналынан жаксы шыгад. Басавер алга бауырым.
  4. МАКС
    Қараша 24, 19:48 Reply
    ЕРНАР жарайсың бауырым тек амандық
  5. АНЕЛЬ
    Желтоқсан 17, 02:19 Reply
    Тәрбиелі отбасыдан шыққаны көрініп тұр. :unatu:
  6. Айка
    Желтоқсан 18, 18:07 Reply
    Ернар өте керемет әншісіз даусыңыз маған ұнайды тек алға.
  7. Еркегул
    Қаңтар 19, 09:27 Reply
    Мзуыка болу ушин не керек кандай мандык керек
  8. Талгат
    Ақпан 09, 00:15 Reply
    Ернар маладес тек алга жана андеринди кутемиз
  9. Мария
    Мамыр 03, 18:36 Reply
    салем тез жазылып кетиуынизге тилектеспин.. Тек алга Каракалпакстаннан Мария...
  10. қарақалпақ
    Тамыз 08, 13:26 Reply
    Қашан да керемет, сәттілік, дауысы өте әдемі, тәрбиелі жигит
  11. дамир
    Тамыз 09, 00:23 Reply
    Ернар айдар жаксы анши
  12. Мереке
    Ақпан 15, 12:29 Reply
    Мен Ернар Айдардың әніндерін ұнатамын. Менің сүйікті әншім Ернар Айдар. Ернар Айдар алға.
  13. Мурат
    Наурыз 19, 10:12 Reply
    Ернар Айдар алға баурим. сізге узақ , улкен бақит тилиймин , жаңа андер кутиб қаламын... Ернар Айдар Супер Жулдыз..
  14. Роза
    Шілде 12, 12:46 Reply
    Ернар Айдар мен Сарыагаштанболам Роза есимим мен турмыс курган кезде " Жарыгымай"аниниз хит болды жане "Сенен баска кимим бар" атты анди суйип тындаймын. Сизге зор денсаулык шыгармашылкта мол табыс тилеп калушы тындарманыныз!

Жауап