Қалаубаеваның үш тілде айтқан әні халықтың қалауынан шықпады
09.02.2016 3 пікір 5641 қаралды

Қалаубаеваның үш тілде айтқан әні халықтың қалауынан шықпады

Әнші Әйгерім Қалаубаева үш тілде шырқалатын «I love you» әнін тыңдармандарына ұсынды. Өнер иесі алғашында әннен үзіндіні Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған болатын.

Әйгерім Қалаубаеваның үш тілде орындалатын әні тыңдармандарға ұнамай қалды

Оның еңбегіне жеміс тілегендермен қатар, соңғы уақытта өнер иесінің әнге деген талғамы төмендеп бара жатқанына алаңдағандар да табылды деп жазады Корреспондент басылымы.

Тыңдармандары «Әндеріңіздің мағынасы жоғалып барады. Өкінішті», «Не деген ән? Сіздің әндеріңіздің мағынасы жоқ жеңіл әндер», «Ужас, не ән мынау» деген пікір қалдырған.

Алайда, әнші өзін сынаған желі қолданушыларына дер кезінде жауап  қатып та үлгерген. Олардың біріне «Мен тек өзіме ұнайтын, жаныма жақын әндерді орындаймын. Егер әндерім өзге жанның көңілінен шығып жатса, демек, ойымыз, көңіл-күйіміз, жанымыз ұқсайды деген сөз деп ойлаймын! Мен де барлық әнді ұната бермеймін… Сол сияқты сіздің де таңдауыңыз бар! Бастысы аман болайық, қалғаны түзелер», -деп жазған.

Алайда Қалаубаева оқырмандарына бұл пікір ұнамаған болу керек. Бір қолданушы «Мәселе, өзіңізде ұнауда емес. Мағынасы мен сөзіне, әніне де сәл мән беріңіз… Ол да бір ақшаға келген дүние ғой. Хит болуы керек» деп кеңестерін де беріп үлгерген.

Дереккөз: Nur.kz
Previous Басты рольдерде Е.Есмахан мен Т.Төреәлі ойнайтын фильм күзде көрерменге жол тартады
Next Мұрат ҚОЖА: Әркімнің өз жеке өмірі, тірлігі бар

Осыған ұқсас

Той иелері Мақпал Жүнісованы тақырға отырғызып кетті

Мақпал Жүнісова той иелерінен әлі күнге дейін қаламақысын ала алмай жүргенін айтты. Әнші тойда келген қонақтармен суретке түсемін деп жүріп өзіне тиесілі ақшаны алуды ұмытып кетіпті. Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтылды,

«ӨЛМЕС ПОЛК» АКЦИЯСЫ ӨТКЕН СОҢ АРДАГЕРЛЕР ҚОҚЫСҚА ЛАҚТЫРЫЛДЫ

9-10 мамырда қастерленген Отан соғысының ардагерлерінің суреттері енді Орталық алаңда, әкімдіктің алдында, гүлзарлар мен сәкілерде қалып қойды, – деп хабарлайды Qamshy.kz . «Өлмес полк» шеруін мыңдаған қостанайлықтар қолдаған.  Жасөспірімдер ардагер аталарының

Лидия Кәденова келін түсірді

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы, жас әнші әрі актер Дидар Каден қолына ақ құсын қондырды. Дидардың сүйген сұлуы блогер Айым Алтынбекова. Айым туған үйінен екі апта бұрын ұзатылған.

3 пікір жазылған

  1. Борис
    Ақпан 09, 22:12 Reply
    Айгерим Калаубаеваны кереметтей анши дей алмаймын.казирги аншилер ойга не ан келеди соны айта беретин болды гой. арты жаксы болсын
  2. мадинка
    Сәуір 06, 20:58 Reply
    өздеріңіз ән айта алмайтын болған соң айгерім ханымды жамандай бермесеңдерші
  3. Қолқоюсыз
    Мамыр 01, 18:38 Reply
    Айгерим Калаубаева жаксы андери унаиды

Жауап