Баян Есентаеваның өнері сынға түсер сәт келді
11.02.2016 3 пікір 6095 қаралды

Баян Есентаеваның өнері сынға түсер сәт келді

Танымал продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желіде моңғолиялық баланың орындауындағы әнді қайталап орындап берген адамға 1000 АҚШ доллары көлемінде жүлде беретінін жариялаған еді. Сондай-ақғ продюсер жеңімпаз анықталған жағдайда ол жүлдені ескі валюта бағамымен (180 теңге) беретінін айтқан болатын. Баян Есентаеваның бұл бастамасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірге ие болып жатыр. Тіпті, Баянның жүлдесінен дәмелілер де табылып, желіге моңғолша ән орындаған видеоларын жариялауда. Осы ретте «Қамшы» ақпараттық порталы моңғол баланың айтқан әнін айнытпай қайталап айтуды Баянның өзіне ұсынады. Егер танымал продюсер аталған әнді дыбыстық, мағыналық сипатын сақтап, айнытпай айтып шықса, портал ұжымы Баян Есентаеваға жаңа бағаммен (370 теңге) 1000 АҚШ долларын сыйға тартатынын ресми түрде хабарлайды. Ол үшін Баян

ханымға бар болғаны «Қамшы» порталы жариялаған арнайы бәйге үшін» деп аталған әнді орындап берсе жеткілікті.

Дерек көзі: Қамшы.кз

Previous АУЫЛДЫ САҒЫНСАҢЫЗ — «72 САҒАТТА ҮЙЛЕНУ» ФИЛЬМІНЕ АСЫҒЫҢЫЗ!
Next Отандық әнші Ерасылды қайғыра еске алды

Осыған ұқсас

Cәкен Майғазиев: Депутат болу үшін білім керек, ілім керек, сана керек

Майғазиев “Компромат” бағдарламасы барысында тележүргізуші Гүлбаршын Заированың «Жоғарғы жақтан бұйрық не ұсыныс түссе, депутат болуға келісесіз бе?» деген сауалына: «Депутат болу үшін білім керек, ілім керек, сана керек. Сол себепті мен дайын

Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)

Қайрат Нұртастың концертінде жаңа дуэттің тұсауы кесілді. Әнші арманына жетіп, өнердегі үлгі тұтар ағасы Мейрамбек Бесбаевпен бірге дуэт орындады, деп хабарлайды Stan.kz. Бұған дейінгі концерттерінде шетелдік әншілермен бірге дуэт айтып,

Қазақтың байрағын көтерген чемпион қалай көлік жөндеушіге айналды? (фото, видео)

Афины Олимпиадасында Қазақстанның байрағын желбіреткен спортшы бүгінде көлік жөндеушіге айналған. Бұл туралы Ikerim.kz сайты жазады. Ол – чемпион. Ол – спорт шебері. Ол – «Құрмет» орденінің иегері. 2004 жылы Афиныдағы

3 пікір жазылған

  1. Бақыт
    Ақпан 11, 15:24 Reply
    Сыңға емес, сынға. Ң мен н әріптерін айыра білу керек. Қатені түзеңіздер
  2. juldizdar.kz
    Ақпан 11, 15:31 Reply
    Рахмет, Бақыт, қатені жөндеп қойдық

Жауап