Төреғалиды сынағаны үшін Дастан Оразбеков тыңдаушыларынан сөз естіді
15.02.2016 14 пікір 7334 қаралды

Төреғалиды сынағаны үшін Дастан Оразбеков тыңдаушыларынан сөз естіді

«Сырласу» бағдарламасына қонаққа келген әнші Дастан Оразбеков Төреғали Төрәліге қарата сын айтты. Эфирде әріптесінің өнерін «плагиатқа» теңеген Дастан жанкүйерлердің сынына қалды.

Төреғалиды "плагиатшы" деп сынаған Дастан Оразбековтің сөзін тыңдармандар "көреалмаушылыққа" теңеді

ФОТО: INSTAGRAM

Әншінің пікірін талқыға салғандар екіге жарылды. Бірі Дастанның сөзін қолдап жатса, енді біреулері Төреғалидың өнеріне шаң жуытпады.

«Көзі қарақты көрермен, өз құндарыңызды неге түсіресіздер? Дастанға 80 адам жиналса да жанды дауыста ән айтты. Ал Төрештеріңіз 3000 адамды жинап алып, фонаграммада ән салды. Әндеріне сөзім жоқ. Қазақи жақсы әндер. Талғамға сай ән таңдайды, бірақ халықтың алдында тер төкпейді. Халық билеттің құнына қарамай кешке ағылады, ал ол… өте өкінішті. Дастан оны тікелей жамандамады, сын айтты. Әрбір сынды көреалмаушылық деп түсінсек өнер дамымайды. Халық үшін жасап жатырмыз деген жаттанды сөз. Ал, Дастан өзіндік үні бар, харизмасын қалыптастырған. Сөйлеуге толық қақысы бар», – деп ақтады әншіні ғаламтор қолданушысы.

Ал енді бірі мұндай пікірге қарсы жауабын беріп үлгерді, тіпті «Орда» тобының әншісі сенімін ақтамағанына ренжіді.

«Дастан, сіз маған ұнайтын едіңіз! Бірақ, Төреғалиға сын келтіріп, сіз туралы пікірім өзгерді! Төреғали – айтыскер ақын, жап-жақсы жігіт! Ол өзгенің әнін ұрламас еді. Көре алмайсыз!», – деп кейіді Бағдат Жадыра есімді қолданушы.

Ал әншінің сөзі үлкен дауға ұласқанын байқаған кей жазылушылар сөз таластырушыларды сабырға шақырды.

«Дастан дұрыс айтты. Артық ештеңе айтпады. Оның қадір-қасиеті туралы әңгіме айтудың қажеті жоқ. Әр әншінің өз тыңдарманы бар. Төреғалиды да жаман демеймін. Қазақ сахнасында жақсы әншілер біреу ғана болмау керек шығар. Барлығы талантты. Дастан да, Төреғали да тілін шайнап жүрген Сайлаубектен жақсы. Бірі тойды көтеріп жүрсе, екіншісі шетелде қазақ намысын қорғап жүр», – деді тағы бір ғаламтор пайдаланушысы.

Дереккөз: Nur.kz
Previous Ұлықпан Жолдасов Мәдениет саласының үздігі атанды
Next Сапарбаев қайырымдылықты қолдайтын эстрада жұлдыздарын марапаттады

Осыған ұқсас

Көрнекті ақын Қазыбек Иса Республикалық мүшәйраның Бас жүлдесін жеңіп алды

«Ел тірегі – Елорда!» деген айдармен Астананың 20 жылдық тойына арналған биылғы мүшәйра да өз мәресіне жетті. Биылғы аламан жыр бәйгесіне Республикамыздың түкпір-түкпірінен жүзге жуық үлкенді-кішілі ақындар қатысты. Бұл туралы «Қазақ

Мейрамбек Бесбаевпен билеген сұлу қыз ән бітер-бітпес қашып бара жатқан әншіні ұстап алды (ВИДЕО)

Тойда Мейрамбек Бесбаевпен билеген бойжеткен ән бітер-бітпес қашып кеткен әншіні иығынан ұстап, тоқтатып алды. Видеоны Instagram-парақшасына Ернар Айдар жүктеді, – деп хабарлайды sn.kz. «Эстрада королінің биін күнде көре бермейсіз», – деп

Белгісіз біреулер МС Сайлаубекті атып кетті (видео)

Өткен түнде рэпер МС Сайлаубекке белгісіз біреулер оқ жаудырды. Оқыс жағдай шамамен түнгі екілерде Алматының түнгі клубтарының бірінде болды. Видеодан МС Сайлаубек пен бейтаныс ер адам клубтың алдында сөзге келісіп

14 пікір жазылған

  1. жако
    Ақпан 15, 15:17 Reply
    Дастанның сахнада жургеніне біраз уакыт болды.Дастан өте талантты өнер иесі. Тәжірибесіде мол. Керемет адам. Ал Төреш али жас әнші, тәжірибиесіде аз. Сондыктан ол тәжірибелі адамдардын сынын
    • Майра
      Қаңтар 04, 18:58 Reply
      я согласна)) У Дастана опыт большой и мне нравиться как они поют и самое главное танцуют. КЛАСС)))
  2. Қолқоюсыз
    Ақпан 15, 20:49 Reply
    Дастан Төреғалидан тəжірибелі болсада сол уақытта Төреғалидай танылған жоқ не деседе Төреғали бүгін қарапайым қалық үшін танымал əнші екеуіде өнер иесі бір бірін жамандаудың қажеті жоқ Дастандікі дұрыс болмаптау
  3. Акмарал
    Ақпан 15, 22:15 Reply
    Неге олай дейсиздер?! Аркимнин Оз пикири бар гой! Дастан Оз пикирин айтты.. ОГАН Ешким кедерги бола алмайды... Мен ТОРЕГАЛИдын бул кылыгын уш уйыктасам тусиме кирмепти ОДАН мундай ис мулдем шыгады Деп ойлаган емеспин.... Дастан сырттан Ангиме кылмай калай бар Солай айтты ЕГЕР сырттан Солай айтса тагы баскаша жазар единиздер....
  4. жанашыр
    Ақпан 15, 23:59 Reply
    Дастан дурыс айтады..биз осылайша журе берсек ешкашан дамымаймыз.халыктын талгамын котеру керек...тындаганымыз шип шип шип болса калай дамимыз...анши таза жанды дауыспен айтатындар казирги танда саусакпен санарлык..
  5. Қолқоюсыз
    Ақпан 16, 00:10 Reply
    Халык сыншы.Аншини осиретин де,оширетин де халык.
  6. НУРБОЛ 91
    Ақпан 16, 00:51 Reply
    ТОРЕГАЛИДЫ КАНША СЫНГА АЛСАДА' ДАСТАН ОРАЗБЕКОВТЕН ЕМЕС' ХАЛЫКТАН СЫН АЛУ КЕРЕК. БАГАСЫН БЕРЕТИН ОЛ ХАЛЫК. ХАЛЫККА КЕРЕГИ САПАЛЫ ЖАНЕ МАГЫНАЛЫ ОЛЕНДЕР.
  7. Мурка95
    Ақпан 16, 01:25 Reply
    Сонша жыртылдындар ар бир адамнын озинин аншиси бар суйип тындайтын.Ал Дастан болса молодежный ан айтса.Тореали улкен адамдардын конилине жагатын ан айтады.О вкусах не спорят.Казактарга осек болса болды ауыздары жыбырлап шыга келеди
  8. Kazakh
    Ақпан 16, 08:57 Reply
    Toregali bazar jok jaksy an saladi fonagramada janede onun hit anderinin barinn muzikalari Rumenia Bulgaria anderinen urlangan tek sozderin gana ozgertken.Bul jigitti Dastanmen salistruga da bolmaidy Dastan Tuma talant..
  9. Мұxан
    Ақпан 16, 15:19 Reply
    Dastan bz jok duris aitty сын айтуга барлық қазақтың қақысы бар.Төреғали жақсы әнші бірақ әнші жанды дауыста ән айтуға тиісті
  10. Сая Марина
    Ақпан 16, 15:25 Reply
    Сіз мүлде ұнамайсыз маған,әндеріңізде түк мағына жоқ ,неге жамандайсыз Төреғали ағаны.
  11. Жасмин
    Наурыз 02, 20:15 Reply
    Дастан сенікі дұрыс. Сын түзелмей мін түзелмейді. Төреғали да ақылды жігіт ол ешкімге ренжімейді. Бірақ Румын әнін ешқашан естімеппін, Төреғалидың Төрешім әнінен кейін румын әні екендігін білдік. Онда тұрған не бар, бастысы қазақ тілінде қазақтардың жүрегіне жете білді. Егер ол ән шықпағанда Румын әнін мүлде тыңдамаған болар едім.
  12. Елубай
    Наурыз 14, 19:48 Reply
    Төреғали туралы не десеңіздер де, әнді жүрекке жеткізіп, тамаша орындайды. Өзіндік мақамы бар, Жеңіс Сейдолланы тыңдай алмайтынмын, Төреғали оның әнін орындағаннан бері - әннің түбіне жетіп тыңдап жүрмін. Сол секілді кімнен алса да Батыстың әндерін қазақиландырып жеткізіп жатса айыбы не? Жарайсың, Төреғали. саған баға беретін халық. Халқың, тыңдаушың бар, сондықтан тек алға. қазаққа "өсек керек", анау керек, мынау керек деп айта беруден жалықпасыңдар ма? Қазаққа өсек емес, жақсы, құлаққа жағымды, жүрекке жетер ән керек. Мен Дастанның әндерін тіптен білмейді екенмін. Сондықтан, халық, ел көрер бағдарламадан Төреғалиға топырақ шашудың жолы жоқ еді. Ұрлық туралы айтар болсақ, соңғы 5-10 жылда шыққан әннің 80 пайызы ұрланған. Әйгілі суретші Пикассо: "Дарынды суретші еліктейді, ал әйгілі суретші ұрлайды" деп атқанын естен шығармайық. 7 нотадан қашанғы ән шыға берер дейсіздер. Керемет болса неге Бүркіт туралы оны айтпайды. Бүркіттің әндері де "ұрланған", әрине ол бастапқы сагзерін айтып отырады, дегенмен Төреғалидың да ол "жаққа барар" құқы бар. Сәттілік бәріңізге.
  13. Қолқоюсыз
    Ақпан 03, 22:28 Reply
    Төреғалиды жақтап жүрген ағайындар! Оны сіздер қанша жақтасаңыздар да ол өзінің деңгейі қаншалықты екенін көрсетті ғой. Бекер әуре болыппыз деп өкініп жүрген жоқсыздар ма ?

Жауап