Төреғалидан көңілі қалған Ерке енді Асылханды «айналдыра» бастапты (видео)

Төреғалидан көңілі қалған Ерке енді Асылханды «айналдыра» бастапты (видео)

Көпшілікке “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы танылған Асылхан Төлепов продюсер Есентаеваға күйеубала болмақ. Бірақ шынайы өмірде емес, “Еркемін” атты кезекті бейнебаянда. Аталған туындыда актер Ерке Есмаханның ғашығын сомдайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәуірдің 10-ы күні Асылхан Төлепов Есентаева ханымның Алматының төріне жайғасқан Central дәмханасына қонақ болып барған-ды. Бұл кездесудің себебі белгілі болды. Актер Ерке Есмаханның кезекті бейнебаянына түспек.

Шоу-бизнес саласында он жылдан бері тәжірибе жинап үлгерген Есентаева ханым халықтың талғамын танып білген сияқты. Ерке Есмаханға арналған кезекті туынды ретро стильде болмақ. Бейнебаян “Еркемін” атты әнге түсіріледі.

11311369_951849058232356_1704230618_n

10499279_336164269842131_1073992199_n

Аталған әннің үзіндісі бірнеше күн бұрын тыңдармандарға ұсынылған болатын. Махаббат тақырыбына арналған бейнебаянда ғашықтар рөлін Асылхан Төлепов пен Ерке Есмахан сомдайды. Бейнебаяннң көрерменге қашан жол тартатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали мен Еркенің арасындағы бітіспес даудың неден басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Previous Мен өнерге жұлдыз ауруының не екенін біліп келдім - Динара Бақтыбаева
Next "Аватардың" жалғасы түсіріледі

Осыған ұқсас

Сәкен Майғазиев Мейрамбектен бұрын атақ алудан бас тартқанын айтты (видео)

Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің ішкі жан дүниесін көрерменіне ақтарып беріп, пендешіліктің жетегіне ерген кездері болғанын жасырмай жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол «Хабар» арнасының «Компромат» бағдарламасында айтып берді. Енді ғана

Жұлдызды футболшыларымыз ресейлік әріптестерін 3-1 есебімен жеңді (фоторепортаж)

Алматы қаласының орталық стадионында өткен жұлдызды футболда Қазақстанның эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасы Ресей эстрадасының жұлдыздарынан құралған «Старко» командасын 3-1 есебімен тізе бүктірді. «Старко» ресейлік командасымен тартысты өткен матчта

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Танымал қазақстандық сәнгер Құралай Нұрқаділованың үйі “Қазкоммерцбанкке” қарыз болғаны үшін тәркіге алынып, сатылымға қойылды. Бұл туралы 101tv.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды. СКРИНШОТ Мәліметтер eauc.kz сайтында келтірілген. Үйдің ауданы 283,8

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап