Айқын Төлепберген Шахановтың әнін орындайды
13.05.2016 1 пікір 2626 қаралды

Айқын Төлепберген Шахановтың әнін орындайды

Айқын Төлепбергеннің орындауындағы “Махаббат елі” деп аталатын туынды жарыққа шықты.

Тың туындыны сіздер қазірден тыңдап, өздеріңізге жүктей аласыздар. Әрине, бөлісер пікірлеріңіз болса пост астына қалдыра отырыңыздар.

  1.  Махаббат елі

Әні, сөзі: Мұхтар Шаханов

Махаббат елі

Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан,

Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам.

Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,

Жүрегімде басталады бір майдан.

Қайырмасы:

Перзентісің гүлім,

Махамбеттің жырын,

Тудырған ұлы өлкенің.

Аямашы құрбыңнан көркемім,

Жүрегіңнің бар нұрын.

Жанарыңда сенің

Жатыр екен менің тағдырым.

Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып,

Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық.

Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем,

Кешігем деп ойламайсың неге?

Қайырмасы:

Перзентісің гүлім,

Махамбеттің жырын,

Тудырған ұлы өлкенің.

Аямашы құрбыңнан көркемім,

Жүрегіңнің бар нұрын.

Жанарыңда сенің

Жатыр екен менің тағдырым.

Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі,

Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.

Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,

Бір жоғатсаң таба алмайсың мені.

gakku.kz

Previous ЭКСПО-2017: Талғат Ермегияев офшорлар мен жасырын есепшоттар туралы
Next АҚШ басылымы Сағынтаевтың қызын ең сәнді қазақстандық ару деп атады (ФОТО)

Осыған ұқсас

Төреғали мен Ерке «Аллоның» фонограммасына ілесе алмай қалды (видео)

Әнші Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлі осы уақытқа дейін беріп жүрген концерттерінің бірінде фонограммамен өлең айтамыз деп қалың жұрттың алдында ұятқа қалған. Бұл туралы «Ревю” бағдарламасы хабарлайды,-деп жазады stan.kz. Қос әнші

Қалаубаеваның үш тілде айтқан әні халықтың қалауынан шықпады

Әнші Әйгерім Қалаубаева үш тілде шырқалатын «I love you» әнін тыңдармандарына ұсынды. Өнер иесі алғашында әннен үзіндіні Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған болатын. Оның еңбегіне жеміс тілегендермен қатар, соңғы уақытта өнер

Ерболат Құдайбергенов – Жауынгер

Қазақтың рухын асқақтатып, жігіттерінің намысын ояту мақсатында айтылған Ерболат Құдайбергеновтің жігерлі әндері жетерлік, – деп жазады massaget.kz. «Біздің жігіттер», «Мен қазақпын» сынды әндерінің сөзі мірдің оғындай. «Сүр бойдақ» пен «Бойжеткен»

1 пікір жазылды

Жауап