Дана Нұржігіт анасы екеуінің арасын алшақтатып жіберген «Асыл арнаға» өкпелі
28.06.2016 28 пікір 11631 қаралды

Дана Нұржігіт анасы екеуінің арасын алшақтатып жіберген «Асыл арнаға» өкпелі

Танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіттің елді имандылыққа шақырып, діннен сауат ашатын еліміздегі жалғыз телеарна – «Асыл арнаға» өкпесі бар тәрізді.

Діни насихаттың бірбеткейлігінен туған анасымен арасы алшақтап бара жатқандығы туралы алаңдаушылығын тілші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ақтарып салды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Анамның үйінде үнемі «Асыл арна»қосулы тұрады. Ол кісінің намазға жығылып,ораза ұстағанына көп жыл болды. Алматыдағы Жандосов пен Розыбакиев қиылысындағы мешітте күні-түні дұға жасайды, араб тілінің сабағына барады. 38 жасында жесір қалған жалғызбасты әйелдің өмірдегі тірегі осы боп тұр. Бірақ, менің айтайын дегенім бұл емес. Көзбен көріп отырғаным мені қатты алаңдатады. «Асыл арна» да, мешіттегі имамдар да шынайы өмірден өте алшақ-ау…», – деп жазады журналист.

Оның айтуынша, республика деңгейінде террористік қауіптің сары деңгейі жарияланғанда, анасы бұл туралы мүлде бейхабар болып шыққан. Осы орайда халықты сабырға шақырып, діни сауатты ашуда арқа сүйейтін жалғыз арна да «ләм-лим» демеген. Осыдан барып БАҚ өкілі бір салада біте қайнасқан әріптестерінің жұмысын сынға алды.

«…«Асыл арнаны» көріп отырып байқаймын, олардың бағдарламасы бүгінгі күннің талабына сай емес. Ақтөбедегі оқиғадан ешқандай сабақ алмаған, етек жеңін жимаған. Хабарлары сол күйінше, жайбарақат, солыңқы күйде жүріп жатыр. Ал, меніңше, Ақтөбе оқиғаларынан кейін бұл арна бүкіл «сеткасын» қайта қарап, xабардағы екпінді, назарды неге аудару керектігін жіті бақылап, мемлекет мүддесін, қала берді тыныштығымызды қорғайтын бірден бір арна болуға тиісті еді ғой», – деп күйінеді тележүргізуші.

Осы орайда мешіттегі имамдар үлкен кісілерге де, жастарға да Құран сүрелерін ғана емес, сондай-ақ бұл мемлекет қазір қандай кезеңді бастан өткеріп жатқанын, түрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп, қателескен момындарды жолға салу жөнінде сөйлесу керек деп санайды ол.

«Анаммен осы мәселелерді қозғап тілдесейін десем, әңгімеміз мүлде жараспайды. Ол кісі иә бұл жайттардан xабарсыз, иә мешіттерде тек қана мұсылман парызы жайлы әңгіме болады. Алаңдау, осы жайлы ойлану, жақындарымен сөйлесіп, ең бірінші отбасына берік болу жоқ. Құдайға құлшылықты бірінші орынға қойып, қасындағы жақындарын көрмеуге шақыра ма білмеймін… Өмір бөлек, дін бөлек. Үйде де бөлек адам бола бастадық. Алаңдаймын…», – деп ойын түйіндеді Нұржігіт.

Previous Әлия Назарбаева ұл босанды
Next Назарбаев ислам дініне қатысты: Біздің өз дәстүріміз, салт-санамыз бар

Осыған ұқсас

Жанар Дұғалова тарихи роман жазуға көшті

Жанар Дұғалова жеке өмірі жайлы «Түнгі студия» бағдарламасына келіп ағынан жарылды. Өнер жолын әншіліктен бастаған бойжеткен қазір тарихи роман жазып жатыр, – деп хабарлайды NUR.KZ. Фото: Newstop.kz «Қазір тарихи роман жазып

Майкл Джексонның үйін сатып алуға кімнің қауқары жетеді?

Майкл Джексонның қайтыс болғанына 5 жыл өтсе де, туысқандары мен продюсерлерінің, балаларының арасында дүние-мүлікті теңдей бөлісу мәселесі толастар емес. Жақын күндердің бірінде жұлдыздың Санта-Барбара қаласындағы әйгілі үйі сатылымға шықты. Поп

Григорий Лепстің Алматыда өткізілген концертінде Құранның аяттары қойылды

Григорий Лепстің Алматыда өткен концертінде әнші “Біздің әкеміз” атты діни құлшылық жолдарын оқығанннан кейін көрермендерге Құранның аяттары қойылды. Фото: troll-face.ru Соңғы кездері Лепстің  “Адам не істей алады? Жалғыз ғана адам?

28 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Маусым 28, 23:48 Reply
    Асыл арна ен иманды коруге уялмайтын арнамыз,, енди осы арнаныда коп корип жатырма???
  2. Оңталап
    Маусым 29, 01:56 Reply
    Оттай берме Дана. Далелде. Саған лағынет болсын!
  3. Анар
    Маусым 29, 02:40 Reply
    Дана қалай сөйлесең ойланып сөйлесеңші."Аңдамай сөйлеген-Ауырмай өледі" деген бар қазақта.Сен анаң екеуіңнің араларындағы қарым-қатынастың қиындауына не үшін телеарнадан көресің? Асыл арна телеарнасының жазығы не? Сонда сенің айтпағың бұл телеарна сол Ақтөбеде болған террористік оқиғаны құптайды сол үшін оған қатысты ештеңе айтпай үнсіз отыр дегің келеді ғой.Не айтсаң айтарыңды ашып айт.Бірақ сен қатты қателесесің! Бұл телеарна-ҚМДБ мақұлдаған еліміздегі нағыз шариғат талабына сай асыл дініміздің рухани құндылықтарын үйрететін канал! Ол телеарнадан мен ешқашан жихадтық,террорлық немесе басқа секталарға шақыратын бір ауыз сөз естіген емеспін.Сенің анаң сол телеарнады көреді екен,демек анаңның өзгеруіне телеарна кінəлі ме? Бəрі адамның өзіне байланысты.Сенің анаңның түсінігі соған жеткен.Ол үшін иманды,тура жолдағы осы телеарнаның қызметкерлері жазықсыз кінəлау дұрыс емес! Қалай сөйлесең де ойланып сөйле!
    • АҚИҚАТ ТАРАЗЫСЫ
      Маусым 29, 15:44 Reply
      «Асыл арна» да, мешіттегі имамдар да шынайы өмірден өте алшақ-ау…». Белгілі журналшы ханымның бұл сөзінен қандай ақиқат пен аңызды ажыратуға болады?! Дана ханым, сіз "Асыл арнаның" да, имамдардың да жан дүниесіне кіріп, иман дәрежесін және тағдырын өз қолыңызбен өлшеп пе едіңіз? Анаңыздың көңілін перзент ретінде түсіне алмасаңыз, асыл анаңыздың көңіліне қаяу түсіріп, тіл табыса алмасаңыз, мешіт кінәлі ме, әлде "Асыл арна" кінәлі ме?! Үйішілік ұсақ-түйек мәселеңізге бөгдені неге жазғырасыз? Өзіңіз де кәсіби мамансыз. Сондықтан рухани құндылық жағынан "Асыл арнаның" Қазақстандағы ең айтулы, маңдай алды телеарналардың бірі екенін аңғаруыңызға болады. Алланың разылығына, көпшіліктің алғысына бөленген руханиятты мінеуден сақ болғандыңыз абзалырақ.Сіз көрмесеңіз. көрмей-ақ қойыңыз, өйткені, сіз ДАНЫШПАН шығарсыз. Ал "Асыл арна" БІЗ СИЯҚТЫ Алласын бірінші қойған, имандылыққа сусаған ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚҚА, қала берді күллі АЛАШ жұртына ауадай қажет телеарна. Сіз ДАНА болсаңыз өз биігіңізідегі ғана данасыз, жалпы халықтың талғамы мен өлшеміне, дүниетанымына қол сұқпаңыз!
  4. Жаннур
    Маусым 29, 02:42 Reply
    Дана аузыңа келгенді оттамай дəлелдесеңші.
  5. Қолқоюсыз
    Маусым 29, 08:28 Reply
    Оздери асыл арнаны коргамакшы жазган создери журекти айнытады.
  6. Балауса
    Маусым 29, 08:28 Reply
    Оздери асыл арнаны коргамакшы жазган создери журекти айнытады.
  7. Қолқоюсыз
    Маусым 29, 09:13 Reply
    Дана сенин ойын оте таяз екен.Кудайды биринши орынга коя ма дегенин не созин арине биринши кудайды коямыз сенин созинди емес алжыган сендей адамдардын кестринен елимизде ги болып жаткан кикилжиндер.
  8. Өмір дінмен біте қайнасқан. Исламға сырттай мəн бермеңіз. Адамды тану үшін тек сыртына үңілмейсіз, ішкі жан дүниесіне де қарайсыз ғой. Атақ абырой берген , бала шаға нығметтерімен ризықтандырып отырған Алланың дініне сын айтатындай кімсіз? ! Күң екеніңізді, міндетіңізді ұмытпаңыз!!!
  9. Қолқоюсыз
    Маусым 29, 22:11 Reply
    Дана тәубеңе кел'аяғың аспаннан келедi тойынған екенсiң.бiрiншi Аллаға екiншi аяулы анаңа тiл тигiӡдiң.ушiншiден шындықты айтып отырған асыл арнаға тиiстiң тәубеңе келiп айнаға қарап алшы аянышты турiңе.
  10. Рерибек
    Маусым 30, 00:06 Reply
    Адамдарды жалт-жұлт ететін ойсыз бағдарламалармен алдау күнә.. Ал "Асыл арна" сол өзіңіз айтқандай солыңқы әрі сабырлы түрде адамдарды имандылыққа бейімдейді. Ендеше Данажан сіздікі дұрыс емес бұрыс!
  11. Қазақ
    Маусым 30, 12:03 Reply
    Дананы неге сонша сөктіңдер? Діни сауаты болмаған соң, сөзін əңгімесінің біртұстарында дұрыс саптай алмаған. Бірақ негізгі айтып отырған сыны дұрыс. Ол Аллаға, дін Исламға сын айтып тұрған жоқ. Арнаға, оның бағытына сын айтып тұр. Сын айтылмай, мін түзелмейді дейді аталарымыз. Айтылған сынды көтере алмау үлкен дерт. Негізі дін адамдардың арасын жақындастыратын, достыққа келтіретін ғылым. Ол да соны меңзеп, түсінбейтінін, қауіптенетінін жеткізіп отыр. Оның діни сауаты жоқ, сондықтан түсіністікпен қарауға тырысу керек.
  12. Анар
    Маусым 30, 15:43 Reply
    Сиздер кызыксыздар!Ол киси анасынын баска агымга бет бурып бара жатканынан коркып жазды гой.Менде коркам мысалга артык айтсам кеширим сураймын бирак дини агымга сенуден калдым.Айтеуир оган барган адамдар бастарын орап баскаша болып шыгады.Бурынгы кезде казактар оранбаган гой!Мен тусинбеймин адамдарды неге арабтан тараган дастурди биз устануымыз керек?Неге еликтейди?Мен ойлаймын адамда ен бастысы журеги таза иманы тузу болса,оны киип баскаша агыммен журудин кереги не?
  13. Қолқоюсыз
    Маусым 30, 18:55 Reply
    Егер расымен сол Асыл арнаны көріп,тəлім-тəрбие үйренген болсаңдар,неге соншама бұлтан-талқандарың шығып,жаман сөзге,тіпті лағынетке дейін барасыңдар? Енді Асыл арнаға расымен де Ақтөбедегі жағдайды айтып,елді сабырлыққа шақырып,дінде зорлық жоқ екенін айтуға болар еді.
  14. Қолқоюсыз
    Маусым 30, 19:02 Reply
    "Тәрбиесі келген білім- адамзаттың қас жауы" деп еді Аль-Фараби.
  15. Еділ
    Шілде 02, 10:13 Reply
    Асыл арнаның уағызын мен көрмеймін, сарттасқан уағыз , Дана дұрыс айтады.
  16. Ерке
    Шілде 03, 22:44 Reply
    менинше Асыл арна кауыпты. оны жауып тастау керек, кеш болмай турганда
  17. Гулжан
    Шілде 04, 09:29 Reply
    Ар на ны жауып тастау деген не соз. Дана кызымыз анасы сыйлап уйрен син. Казак та " аке-шешен жынды болса, байлап койып бак " деген соз бар. Ал онын анасы рухани байлык издеп жур, ози айтты гой 38 де жесир калды деп. Баска га емес Аллага бет бурганыеа шукир десин. Дурыс келетин акпараттарга гылыми талдау керек деп ой лаймын. Онда баска арналар типти сын котермейди.
  18. Мантай
    Шілде 18, 01:03 Reply
    Дана сізге толықтай қосылам
  19. Маржан
    Шілде 30, 12:08 Reply
    Дана дурыс айтады...Менин де иним бар,тек айтатыны анау омир...Ининмнин ангимелерин тындаганда мына омирде текке жургендей болсын...Бир кинали адам сияктысын...Ия келисем,баримиз анау омирга барамыз...Бирак шынында да жакындарымызды да ойлауымыз керек кой...Иним аке-шешене камкор бол десем,Алланын берген ризыгын кореди дейд...Сонда биз ата-анага камкор болмауымыз керек пе?Мен осы жагын тусинбедим...
  20. Әділ
    Ақпан 03, 15:48 Reply
    Анаң сенің жебіреймен ластаған тәнің мен жаның үшін бір Құдайдан жалбарынып кешірім сұрап жүр де мешітте!..
  21. Қанат.
    Наурыз 18, 15:42 Reply
    Оу, жарандар Дана Нұржігіт сіздерге не жамандык істеді? Ол кісінің "Асыл Арна" телеарнасын айыптағаны орынды, өйткені, сол "Асыл Арна" телеарнасының кесірінен ол кісі анасынан алыстады ғой, туған анасынан тірідей айрылу оңай дейсіңдер ме? Әлбетте оңай емес! "Асыл Арна" телеарнасы теріс ағымды - ваххабизмді, сәләфизмді насихаттайды, сол арнаның кесірінен қаншама жастар Сирияға жиһадқа аттанып, қаза тауып жатыр! "Асыл Арна" телеарнасы ваххабистер мен салафиттердің телеарнасы, оның директоры ваххабис, салафис - Мұхаммеджан Тазабеков!
  22. Гайна
    Қазан 29, 13:44 Reply
    Дана өте дұрыс айтады.
  23. Амина
    Қыркүйек 10, 01:24 Reply
    Масқара ! Сөзім жоқ мына мақаланың авторына емес коммент жазушы данышпандарға . Алла сақтасын сіздер неге Амыл арнаны вахабизмді дəріптейді деп отырсыздар түсінбедəм Жала жабу да ауыр күнə екенін білесіз ба Қанат мырза мына сөздеріңіз үшін Алладан қоықпайсыз ба? Асыл арна-ең бізді осындай бұзылған заманда жарық сəуледей жетелеп жарыққа алып шығатын бірден бір канал оны ғайбаттамас бұрын жақсылап ойланыңдар
    • Амина
      Қыркүйек 10, 01:27 Reply
      Масқара ! Сөзім жоқ мына мақаланың авторына емес коммент жазушы данышпандарға . Алла сақтасын сіздер неге Асыл арнаны вахабизмді дəріптейді деп отырсыздар түсінбедім.? Жала жабу да ауыр күнə екенін білесіз ба Қанат мырза мына сөздеріңіз үшін Алладан қорықпайсыз ба? Асыл арна-ең бізді осындай бұзылған заманда жарық сəуледей жетелеп жарыққа алып шығатын бірден бір канал оны ғайбаттамас бұрын жақсылап ойланыңдар

Жауап