ҚАРАҚАТ ҚЫДЫРӘЛІНІҢ «ТОҚАЛЫН» ЖҰРТҚА ӨЗІ ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)
07.07.2016 1 пікір 11672 қаралды

ҚАРАҚАТ ҚЫДЫРӘЛІНІҢ «ТОҚАЛЫН» ЖҰРТҚА ӨЗІ ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

Қарақат пен Қыдырәлі Астанада өткен концертте  “Тоқал” мәселесіне қатысты осыған дейін өздеріне жарнама жасағандарын айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.

“Мен не істесем де еріммен ақылдасып біргелікте шешім қабылдайтын адаммын. Менің тоқал дегенім мына көлік” деп әнші  су жаңа Toyota Land Cruiser 200 машинасын көрсеткен.

Астана күні қарсаңында “АБК” және “Ұлытау” топтарының мерейтойлық концерті өтті. Аталған концерт басталмай жатып дауға ұласса да, соңы тәтті аяқталған. Себебі, әріптестері жиылып Қыдырәлі Болмановқа темір тұлпар сыйлаған. Бұл қуанышты хабарды продюсердің өзі бөлісті.

“Қарап отырсам өмірде көптеген сыйлыққа ие болып келе жатыр екенмін. Бірнеше көлік те мінгізді. Оның ішінде ескісі де, жаңасы да болды. Бір мәшинені соғып алып, жақсы адамдар екен, аман қалғанымыз үшін деп көлігімді бере салған кездерім де болды.

Қазір мініп жүрген көлікті де бір кездері маған тарту еткен. Оны мініп жүргеніме 15 жылдың жүзі болды. Жазғы демалысқа кеткен кезде өз көлігімді “тюнинг” жасатып, келгеннен кейін жаңа көлік алдық дей саламын деп жоспарлағам. Оны керемет жасайтын мамандармен де келісіп қойғанмын. Әжемнің “Шебер Алла” дейтін сөздері есімнен кетпейді. Солай екеніне көптен бері еш күмәнім жоқ. Мақтанды демеңіздер.

Бұл мен үшін көлік емес, қимас достарымның көл-көсір, ақ-адал ниеттері! Алла разы болсын! Әрқайсысының отбастарына Алла миллиондаған есе қылып қайтарсын. Үйіп-төгіп бақ-береке берсін деп тілеймін! Сіздермен қуанышыммен бөлісейін деген ниет қана”, – деп Қыдырәлі Болманов балаша қуанып тұрғанын жеткізді.

Мұнымен қатар, концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Астана әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мырзаға алғысын жеткізді. Ал концерт басында орындарға байланысты болған шулы мәселенің әзірге қалай шешілгені белгісіз.

«Қамшы» сілтейді

Previous Азған әншілер аяқ киімімен де мақтанып, пияр жасайтын болды
Next ҚАЙРАТ НҰРТАСТЫҢ НАМАЗҒА ЖЫҒЫЛҒАНЫ КІМГЕ ҚАУІП?

Осыған ұқсас

“Келін” фильміне түскен қыз: Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым

Актриса Гүлшарат Жұбаеваны көпшілік «Келін» фильмі арқылы біледі. «Келінде» келін рөлін сомдағаннан кейін аздап көрерменге жақпай қалғаны бар. Бірақ Гүлшарат одан кейін де тәрбие мен тағылымға толы «Қарашаңырақ», «Әке серті», «Сіз

Баян Есентаеваны күйеуі көпшіліктің көзінше пышақтап кетті

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ. Оқиға бүгін күндіз болған. Бірнеше тұрғындардың көзінше ер адам мен әйел адам сөзге келіп қалады.  Кейін ер адам

Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)

Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди Рымбаев имиджін өзгертіп, көпшілікті таңғалдыруда. Қазақстанның Примадоннасының ұлы шашын сары түске бояған. Дәл осы себепті көпшілік оны Ninety one тобының әншісі Alem-мен (Батырхан Мәліков) шатастырып

1 пікір жазылды

  1. Айлин
    Мамыр 13, 08:28 Reply
    Ойыңыз...кайрат жыным келеди суйемин сени

Жауап