Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады
15.07.2016 2 пікір 3253 қаралды

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Италиялық азаматқа күйеуге шыққан қазақ қызы Шахида Мақұлбаева өзге елде келін болудың қиындықтарымен бөлісті. Бұл туралы ztb.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Бойжеткеннің Италияда тұрып жатқанына төрт жыл болған. Ол италиялық азаматқа ғашық болып, оған тұрмысқа шыққанын айтуда.

«Біздің ортақ қызымыз бен ұлымыз бар. Мен тұратын аймақтың халқы кедей. Мұнда зауыт та жоқ, екі қолға бір күрек табу қиын. Бастапқыда қала маған шуақты, ал халқы ашық-жарқын болып көрінді. Алайда қайнаған өмірге араласа бастағанда, бәрі өзгеше болып кетеді», – деп ағынан жарылды бойжеткен.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Қазақ қызын шетелде жергілікті биліктің ұлын қабылдағысы келмегені ашуландырған.

«Ұлым дүниеге келгенде, ол италиялық төлқұжат алуы тиіс болған. Алайда құжаттарды тапсырғанымызда, бізге екі ай күтуге тура келді. Сол кезде мен оларға барып, менің ұлыма азаматтығы мен төлқұжаты көк тиынға керек еместігін мәлімдедім. Олар мені сабырға шақырып, кофе ұсынды. Бәрін асықпай істейтінін алға тартты», – деп есіне алды Шахида.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Мақұлбаеваның қызы он жаста. Ол бірінші сыныпты Алматыда оқыған. Ал бүгінде Италияның мектебін кілең бестікке оқып жүрген қызы анасының мақтанышына айналған.

Ал күйеуі Қазақстанға келгенде қазақтардың етті көп жейтіндігіне таң болған екен.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

«Күйеуім -аспазшы, ол біздің тағамдарымызды ұнатып қалды. Ал енем болса, дастарханда ұзақ шай ішіп отыратынымызға таң. Дегенмен оған бұлай шай ішетініміз ұнайтынын байқап қалдым», – дейді бойжеткен.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Италияның Реджо-ди-Калабрия қаласында тұратын Шахида халықтың өте лас екенін жасырмайды. Жүрген жерін қоқсытып жүре беретін тұрғындарды көргенде қазақстандық аң-таң болған. Дегенмен жағажайдың әдемілігі қазақ қызына ұнайтын көрінеді.

Мақұлбаева Италияның халқы сыпайы болғанымен, жайдары жүзінің артында жаман ой жасырынып тұруы мүмкін екенін ескертеді.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

«Мен италиялыққа тұрмысқа шықсам да, олардың шетелдікке күдікпен қарауынан арыла алар емеспін. Сіз мұнда тек қонақсыз, ал жұмысқа тұруды армандамай-ақ қойыңыз. Жергілікті тұрғындар жалқау, бастысы тамақ болса болды. Басқа дүние-мүлікке қызығушылықтары жоқ. Олардың балаларды ұлтына қарай алаламайтынын маған ұнайды. Олар барлық баланы «махаббат» деп атап, үлкен сүйіспеншілікпен қарайды», – дейді бойжеткен.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Шахида қазақстандықтардың жастары әлдеқайда мақсатты екенін байқаған. Ал күйеуі өз елінде тұратыны бойжеткеннің көңілінен шығатын сыңайлы.

«Көптеген шетелдікке шыққан қазақтардың отбасылар Қазақстанда бұзылады. Себебі Қазақстанда сұлу қыздар көп. Олар өзіне көңілдесті оңай тауып алады. Ал мұнда әдемі қыздар аз. Сондықтан ештеңеге алаңдамайсың. Мен бастапқыда менталитетіне үйрене алмай қиналдым. Себебі, шығыс мәдениетімен тәрбие алған маған үлкендерге сен деп сөйлеу ерсі көрінеді. Ал Италияда үлкендерге ондай құрмет жоқ», – дейді бойжеткен.

Италиялыққа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге елде келін болудың қиындықтарын баяндады

Қазақ қызы күйеуінің анасына тым қатты жақын болғанына таңырқаған.

«Олар үшін анасы қашан да бірінші орында. Бұл дұрыс емес. Салдарынан ұлдары есеймей, өмір-бақи бала секілді болып қалады. Күйеуім іші ауырып қалғанда, анасына хабарласуымды сұрайды. Мен сол кезде «сенің әйелің бар және өзім-ақ жазып аламын» деп айтқым келіп тұрады. Мұнда сені келін ретінде қабылдамауы мүмкін. Алайда италиялықтар керемет күйеу бола алады», – дейді Шахида.

Previous Қазақ қыздарын шетелдіктерге ұсынатын агенттіктерге қашан тиым салынады?!.
Next Еркектер көріксіз әйелдерге ғана мүшеқап пайдаланатын болып шықты

Осыған ұқсас

Меруерт Түсіпбаева жұртқа «сүйіктім» деп таныстырған ер адам кім?

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасына бейтаныс ер адаммен түскен суретін салып, оның астына «Сүйіктім» деп жазып қойды деп хабарлайды NUR.KZ. Бүгінде басы онсыз да даудан арылмай тұрған Меруерт

ЭКСПО ісі: Үсенов және тағы 11 сотталушы өз кінәсін мойындады

Ермегияев ісі бойынша 12 сотталушы өз кінәсін мойындады. Олар тергеу органдарымен ортақ келісімге келді. Яғни, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімін қысқарту үшін олар қылмысты толық ашуға көмек көрсететін болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Депутаттар Ақтөбедегі терактіні ұмытып, отырысты туған күн тойлаудан бастады

Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі жағдайды естімеген немесе естісе де, трагедиялық оқиғаларды еш сезінбеген сияқты. Өйткені, олар пленарлық отырысты туған күн иелерін құттықтаудан бастады. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Теракт мәселесі күн

2 пікір жазылған

  1. Ақан
    Шілде 15, 18:33 Reply
    Басқа ұлт өкіліне тиіп, шетелге кеткен қазақ қыздарын соңғы кезде біреу əдейі жарнамалап жатқандай əсер туғызады. Оған қолы жетпей қалған "сорлы" қыздар тамсанып əлек болуда. Бұл не сонда?
  2. Гүлбаршын
    Мамыр 07, 08:20 Reply
    Бізде кыздар да жігіттер де баршылық үйленбеген , тұрмысқа шығатын , бірақ сол баяғы есептері дұрыс емес өмірге деген қиыншылықтан қорқады тұрмысы жақсы болса болды дүниесіне бола шалға да тие береди тек дайын ақшасы болса болды ал махаббат болды дегенге сенбеймін

Жауап