ОҚЫРМАНДАР ОТАРБАЕВТЫҢ КІТАБЫН ӨРТЕДІ
08.09.2016 2 пікір 7622 қаралды

ОҚЫРМАНДАР ОТАРБАЕВТЫҢ КІТАБЫН ӨРТЕДІ

2016 жылғы ҚР Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшесі (аты-жөнін атамауды өтінген): «Жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» атты хикаят және әңгімелер жинағы іріктеу кезеңінен өтпей қалған, – дейді, – соған ызаланған ол арнайы сұхбат ұйымдастырып, қазақтың классик қаламгерлері мен олардың әлдеқашан оқырмандардың ықыласына бөленген шығармалары туралы төмен баға берген. Тіпті «Бабалар сөзі» атты 100 томдық қазақ халқының фольклорлық бай мұрасын да мансұқтаған. Тек жазушы Б.Нұржекеевті ғана «мойындауы» – оның мемлекеттік сыйлыққа ие болу ықтималдығы жоғары екеніне көзі жеткендіктен», – дейді. Сондай-ақ комиссия мүшесі: «Р.Отарбаевтың ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына тиіскені – ертеңгі күні сыйлықтан қағылған себебін осы қылығымен байланыстырғысы келетін пендешілік ниетінен», – дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Рахымжан Отарбаев 7 қыркүйек күні «Әдебиет порталына» сұхбат берген еді. Онда айтқан ойлары оқырмандар мен жалпы халықтың көп бөлігінің наразылығын тудырды.

Сұхбатта Абай, М.Әуезов, «Бабалар сөзі», Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Т.Әлімқұлов, М.Мағауин, Ө.Нұрғалиев, А.Сүлейменов туралы жағымсыз пікір білдіргені үшін, бір топ оқырман жазушының мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Шыңғыс ханның көз жасы» кітабын өртеді.

Олар: «Әдебиеттегі ұлы тұлғаларымыздың атына күйе жағып, шығармаларына қызғанышпен, күншілдікпен біржақты пікір білдіргені үшін Р.Отарбаевқа наразымыз! Бұдан кейін де халық өз идеалдарын қорғау, қолдау мақсатында кез келген жағымсыз әрекетке төзбеу керек! «Әдебиет – ардың ісі», оны саудаға салуға болмайды. Көз жұма қарамау керек! Р.Отарбаев арзан атақ алып, атын шығару үшін «жер өртеді», ал біз оның кітабын өртейміз! Тек өзіміз үшін ғана емес, ата-бабаларымыздың, марқұм болған қаламгерлердің рухын басындырмау үшін де шарасыздан осындай оғаш әрекетке барып отырмыз», – дейді.

А. ТОРТАЙ,

журналист

Материалды көшіріп басу үшін juldizdar.kz порталынан рұқсат сұрау керек.

Previous Қайрат Нұртас: Кремльге барып жеке кешімді беремін
Next Амантай қажы 23 жасар бойжеткенді тоқалдыққа алды (ФОТО)

Осыған ұқсас

Шашын сары түске бояп тастаған Майғазиев сынға қалды

Шашын тақырлап алып тастаудан бас тартқан Сәкен Майғазиев ақырында күнделікті образына өзгерту енгізді. Ол шашын сары түске бояп тастады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Сәкен Майғазиев Медеу Арынбаевтың 50 жас мерейтойынан

Желіде дау тудырған видео: «Я не казашка, чтобы знать казахский»

Әлеуметтік желіде кассада отырған қыз «билет беріңіз» деген бір ауыз сөзді түсінбей, қазақша айтудан бас тартып отырған бойжеткеннің видеосы пайда болды, – деп хабарлайды juldizdar.kz. Аталмыш видео желі қолданушылары арасында үлкен

Елбасы Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

НЬЮ-ЙОРК – АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 2014 жылы 26 шілдеде  австралиялық Дэниэл Гилмен өтетін жекпе-жекте жеңіс тіледі.Бұл туралы  ҚазАқпаратқа Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы

2 пікір жазылған

  1. Арыстан
    Қыркүйек 05, 00:58 Reply
    Р.Отарбаев әрқаша М.Шахановты мадақтап жүруші еді. Аурулары (диагнозы) бір екен-ау. Бә-әсе!

Жауап