Елімізде танымал өнер жұлдыздарының арасында салафиттер бар ма?!.
02.10.2016 24 пікір 16931 қаралды

Елімізде танымал өнер жұлдыздарының арасында салафиттер бар ма?!.

Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары, шоу-бизнес өкілдері арасында дінге жақын, бес уақыт намазын оқып, шариғатты ұстанатын тұлғалар аз емес. Осы орайда сол атақты адамдардың арасында салафизм ағымын ұстанатындар бар ма деген заңды сауал туындайды. «Жұлдыздар құпиясы» порталы еліміздің танымал тұлғаларының діни өміріне сараптама жүргізіп көрді.

Әрине, біреуді ханафи мазһабында, енді біреуді теріс ағымда деп бөліп жарудан аулақпыз. Дегенмен, отандық жұлдыздардың ішінде дінге өте жақындарын атап өтуді жөн санадық.

Ең алдымен танымал адамдардың дінге беріктігі сөз болғанда ойымызға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан оралады. Ұдайы сақал қойып жүретін Бекболат мырзаның дін туралы толғамдары интернетте көптеп кездеседі. Әсіресе, Бекболат Тілеуханның Дарын Мубаровпен дастархандас болып отырған видеосы желіде қызу талқыланған бір кездері. Еске сала кетейік, бұған дейін отандық БАҚ Дарын Мубаровты салафизм ағымын ұстанушы деп айыптаған болатын. Ақ-қарасын білмегесін артық айтудан аулақпыз, сіздердің назарларыңызға тек сол видеоны ұсынуды жөн санадық.

Ендігі кезекте танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын қазақ Балғынбекті де ерекше жақсы көретін секілді. Интернетте Балғынбектің жас айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовпен өткен діни айтысы есімізге түседі осы орайда. Бекболат ағасы секілді ұдайы сақал қойып жүретін Балғынбек те ислам дінін берік ұстанатын өнер жұлдыздарының қатарынан.

Картинки по запросу әншілер намаз

Тағы бір танымал тұлға ол – Алтынай Жорабаева. Хиджап киіп фотоға түскен сәттен-ақ Алтынайдың дінге беріктігі байқалды. Еске сала кетейік, 2011 жылы Жорабаева жүрек қалауымен намаз оқи бастағанын халыққа мәлімдеген болатын. Алтынайдың өнердегі сіңлісі Әйгерім Қалаубаева да шариғатты ұстанатын әнші.

Картинки по запросу әншілер намаз

KZ тобының экс-солисі, жас әнші Бейбіт Көшқалиев шығармашылығын шыңдаумен қатар, мұсылмандық парызын өтеп, намаз оқиды. Бейбіттің шоу-бизнестегі ағалары Мейрамбек Беспаев пен Қыдырәлі Болман да мұсылмандық парызы туралы еш ұмытпайтын секілді. Жуырда әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Беспаевтің Қайрат Жолдыбайұлының кітабын оқып отырып түскен суреті, әншінің тура жолда екенін айғақтайды дейді дінтанушылар. Сондай-ақ, жуырда Алматыдағы мешіттердің бірінде азан шақырған «Жігіттер» квартетінің солисі Ердос Қанаевті де осы тізімге қосса болады.

Картинки по запросу әншілер намаз

Картинки по запросу әншілер намаз

Атап айта беретін болсақ, еліміздің танымал тұлғалары мұсылмандық парыздарын ұдайы өтейтіні сөзсіз. Біз солардың кейбіріне ғана тоқталдық. Алайда, олардың арасында теріс діни ағымды ұстанатындар бар ма, жоқ па, ол жағын дөп басып айта алмаймыз. Олардың арасында салафизм секілді ағым өкілдері бар болса, халық өзі есімдерін айта жатар деп сенеміз.

Жоғарыда өзіміз атап өткен өнер жұлдыздарына шығармашылық табыс пен бес уақыт намаздары ұдайы қабыл болсын деп тілейміз.

juldizdar.kz

Previous ҚАЗАҚ ЖЕРІ КІМДЕРДІҢ ҚОЛЫНДА ЖӘНЕ ОЛАР ЖЕРГЕ ҚАЛАЙ ИЕ БОЛДЫ?
Next Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Осыған ұқсас

ҚАЙРАТ НҰРТАС КІЛЕМ ФАБРИКАСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ӘН ШЫРҚАДЫ (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал жұлдыз Қайрат Нұртас Шымкенттегі «Назар-Текстиль» тоқыма кілем фабрикасында болды, – деп хабарлайды Korrespondent.kz. Өндіріс орнының жұмыс барысымен танысқан жұлдыз шымкенттік кілемдерді көріп, қуанғанын әрі таң қалып отырғанын жасырмады. Өз

Сахна төрінде масқара болған жұлдыздар (фото)

  Өнер әлемінде жүрген әншілер қауымының жолы тақтайдай түзу деп айтуға келмейді. Жұртшылықтың қолы жетпей жатқан жұлдыздың өзі оңбай қателесіп, елдің алдында ұятқа қалып жатады. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ

Сосо сосон Ашаға «ашық» боп қалмаса не қылсы?

Қазақстандық актриса әрі әнші Аша Матай ресейлік жұлдыз Сосо Павлиашвилимен бірлесе түсірген бейнебаяны жайында сөз қозғады. Естеріңізге сала кетейік, Сосо Павлиашвили 8 наурыз қарсаңында Аша Матай басты рөлді сомдаған жаңа

24 пікір жазылған

  1. Saken
    Қазан 02, 21:48 Reply
    Мына бейнефильмді көріп отырып ойға қалдым. Бекболаттың әндерін алдын сүйіп тыңдайтынмын, кейін Бекболат жайлы қазақтілді сайттарда жазылған теріс пікрлерді көп оқығандықтан болар, ол кісіден көңілім суып кетіп тыңдауды қойдым. Депутат ретінде көтерген мәселелері көкейтесті, қажетті мәселе болса да көілімді дәндеген күмән ішімді жылытпайтын. Бірде “Бекболат шешесін отырған күйі, жаназасын түнде шығарып жерлеп тастапты” дегенді есіткенде не сенерімді, не сенбесімді білмей “бұл қандай антұрғандық” деп, қаным басыма шапты. Жүрегім “мүмкін емес” десе, ақылым “басы уланған уаххабист қой, жұрт бекер айтпайды, болмаса неге шынын айтып ақталмайды” дейді. Сонда Бекболатқа бола жалпы қазаққа жыным қысып, “бейшара қазақты құртып бітетін болдыңдар” деп, ашуымды Бекболатты сыйлайтын намазхан немере інімнен алғым келді. Ол “Бекболатты өзіңіз көріп, тілдестіңіз бе, не ол жайлы естіген хабарларыңыздың шын, өтіріктігін анықтадыңыз ба” деп, телефонмен сол жаназаға қатысқан танысын шақырды. Бірақ мен Бекболат жайлы тек, есіткен сөздерден ғана білетінімді мойындағым келмей, ол туралы айтылғандарды, өзім куә болғандай тізіп бердім. Інімнің танысы жаназаға арнайы барып қатысқанын, жаназаға елдің әр түкпірінен ол кісінің достары келгенін, Астанадан жоғары лауазымды адамдардың болғанын, көп адамның қатысуымен марқұмды арулап көміп, артынан орталық дәмханада тамақ беріліп, Жезқазғанның өкіл имамы құран бағыштап, көпшілікке уағыз айтқанын тізіп берді. Әрі “Аға, Құранда біреулерге қатысты естіген хабарды анықтап алмайынша, шешім шығармаңдар деген үкім бар. Қазақта да Абай атамыз “Жұрт айтса болды, көп айтса көнді, әдеті надан адамның” деп арампиғылдылар айтқан жел сөздің құрбаны болмаңдар деп ескеркерткен ғой” дегенде, жеңілгім келмей “онда ол неге айтып ақталмайды” дедім. Ол “ақ адам не үшін ақталу керек, “ит үреді, керуен көшеді” емес пе” деді. Мүмкін “надан” деген сөз намысыма тиді ме,не ақиқатты анықтағым келді ме, әйтеуір Бекболатқа қатысты жазылғандарды, бейне материалдарды қарап, онымен араласатын інілерімнен ол жайлы сұрадым. Шынымды айтса сонда оған қарсы ілік іздеген едім. Таптым да, біріақ оларым әр адамда бар жай пеншілік қана екен. Ол оқытқан бір танысымның баласы, оның Консерваторияға Қазгу-ден арнайы оқытушы алдырып “Ұлт негіздері” деген пәнді жүргіздіргенін айтса, “Қазақстан” телеканалында редактор болған танысым “Бес анық” хабарды дайындауға қатысқанын, сонда Бекболаттың сол хабарды жүргізіп “Ұлт –тілі, салт-дәстүрі, діні, мәдениеті, тарихи санасы, атамекенімен ғана ұлт” деп жіктеп бергеніндей насихатты әлі естімегенін тамсана айтады. Дін жайлы айтқандарынан уаххабист дейтіндей бір ілік табалмадым, қайта оны көрушілер ата-аналарын сыйлап, ұлтын, дінін сүйуге талпынғанына куә болдым. Ресейлік Шамил Алауиддинов дегенді қазақтарға “пір” етпекші болып насихаттаушыларға “Өзімізде сол секілді оқыған Қайрат Жолдыбай секілділер бар ғой” депп имамдарымызды көтергенін қазақ тілді сайттардан кейін көрдім. Расында, недеген әумәсар едім, мәселе Бекболатта емес, мен сол секілді өзім танымайтын өзге адамдарға да қатысты, көпшілік айтқан кез-келген сөзді қабылдап, қосыла береді екенмін. Бұл бір дерт секілді, ” олар не бізден артық па” дегендей абырой-беделі көтеріле бастағандарды жамандай бастаса, жоқ жерден қалай қосылып кеткеніңді байқамай қаласың. Осыларды түсінген соң қазақтың ар-намысы үшін әрекет етіп жүрген жігіттерден, бұрын сыртынан айтқан теріс сөздерім үшін сырттай болсада кешірім сұрап, енді “кешегі өзім” секілді надандықта жүрген баурларыма “Бұл жігіттердің кінәсі, қазақтың мүддесін қорғағаны ма, бізге қазақ жігіттерінің бірлігі керек емес пе” деп түсіндіріп, кеңес айтатын болдым.
  2. Азамат
    Қазан 02, 21:54 Reply
    Апыр-ай, мыналардың әрбірі қазақтың маңдайына біткен “елім, жерім” деп, ұлт үшін қызмет етіп жүрген асыл азаматтары ғой. Өзінде бардың қадірін білмегендер, оған зар болатыны анық.
  3. Ақтөбе
    Қазан 02, 21:56 Reply
    Казакта исламнан 100% сауатсыз кандайда казак мусулман десе оны жокка шыгарып уахабист деп ат койып койган казак християн устанымы дурыс арак наркамания оте женыл кудайга сиыныу ушын киындык тугызбаиды ал ислам жалкау казакка кол емес 5 парызды орындау намаз окыу казак кол емес казыр ” жалган патриоттар ” кобеиып кеткен
  4. Ардақ
    Қазан 02, 22:26 Reply
    Елім деген ерлерге осындай пікір жазу өте ұят. Бекболат ағаның қазаққа жасаған жақсылығын ұмытпау керек.
  5. Анаргүл
    Қазан 02, 22:31 Reply
    Біздің қоғам қайда барады? Шіркін, Бекболаттай ұлы бар қазақ бақытты ғой. Елім дем ән жырлаған, тілім деп шырылдаған. Біз неге осы кісінің қазақ үшін жасаған еңбегін ұмытып кетеміз. Неге бірден жаман ойлвймыз? Ағайын, Кешегі Ақтамбердінің бай мұрасын тірілткен осы Бекболат ғой,
  6. Айымгүл
    Қазан 02, 22:41 Reply
    Бекболат ағаны көкпардан көрдім. Нағыз жігіт. Атқа мінгені жас жігіттікіндей. Зұлфықар Тайырбековпен ұзақ сөйлесті. ( Зұлфықар - 77 жастағы көкпаршы). Қарт көкпаршы, Бекболатқа ақылын аямай айтты. Ұлттық спортты дамыту керектігін баса айтты.
  7. Руслан
    Қазан 02, 22:52 Reply
    Ағайын, бос әңгіме айтқанша Төреғалидың концертіне барайық.))))
  8. айгерим
    Қазан 02, 23:13 Reply
    Бекболат ағаның айтқан сөздері өте әсерлі екен. Бірақ маған ұнамағаны Дарынды ұстазымыз деп айтқаны. Бұрын Дарынды жұрттың бәрі тыңдайтын еді, қазір тыңдамаған дұрыс дейді. Бірде, Халифа Алтай қорында сабақ берген ұзтазымыздан “Дарын ұстазды неге тыңдамау керек деп жатыр” деп сұрағанымда ол ағай “Уағызшылар көп уағыз айтқанда, қателері, жаңылулары да көбейеді. негізі дінді жақсы, рұқсат берілген кітаптардан, мешіттегі ұстаздардан жүзбе-жүз алған дұрыс” деді. содан бері ешкімнің уағызын тыңдамайтын болдым. Ал Бекболат ағамыз дін, ұлт, тарих жайлы айтқанда отаншылдық сезімім артып, елімнің дамуына қолдан келгенше өз үлесімді қосқым келеді. Мен Бекболат, Балғынбек, Мейрамбек, Қыдырәлі ағамызды және Алтынай құрбымды қатты сыйлаймын, Аллаһ оларды өсек, жаладан қорғап, екі дүние игілігіне бөлесін.
  9. dos
    Қазан 02, 23:14 Reply
    Әйгерім, тілегің алдыңнан шықсын. Бұл видео 1998-ші жылдары түсірілген. Ол кезде кадрдағы кейбір кісілер аман-сау еді ,кейінгі жылдары ол кісілер дүниеден өтті. Дарын сол жылдары Жамбыл облысының бір ауданында бас имам болып жұмыс жасайтын.ҚМДБ-ның нұсқауы бойынша шақырылған жерлерде уағыз айтып, дінді насихаттайтын. Ол кезде уағызшылар өте аз еді. Сол жылдары Дарын Алматыда жиі уағыз айтты, ол кезде уағыз айтқан имамды көпшілік “ұстаз” дейтін. Ал Бекболат жас имамдарды “ұстаз” деп көтермелеп, қолдау білдіретін. Ал Дарынды тыңдамау жайлы мәселе 2008-жылдары оның Алла Тағаланың сипаттарына байлангысты жеке пікірн айтуына қатысты басталды. Кейін ол қатесін мойындағанмен сен айтқан қор оның сабақтарын тоқтатты. Сенің ұстазыңның айтқан сөздерне қосыламын. Дінді уағызшылардан да, белгісіз кітаптардан да үйренбе, ал интернетке дін мәселесінде жолама. Дін комитетінің сараптауынан өткен жақсы кітаптар баршылық, солардан біліміңді арттырсаң нұр үстіне нұр болады. Әрі ең бастысы намазыңда Алла Тағаладан адастырмай тура жолда жүргізуін әрдайым тілеп жүр. Сонда өзіңе де, үй-ішіңе де, еліңе де тигізер жақсылығың еселене түспек.
  10. Арман
    Қазан 02, 23:15 Reply
    Мына ссылканы көріп шықсаңыздар болады. Ел бірлігін ойлайтын Бекболатты жамандай бергенше. https://m.youtube.com/watch?v=jbGV63C_r98
  11. maks
    Қазан 02, 23:16 Reply
    Орыстың генерал -губернаторы М. Сперанский деген сонау өткен ғасырдың басында жазған екен “Қазақ жерінде сексеуіл дген ағаш өседі. Соны бір біріне ұрып жарады. Сол сияқты қазақтар да үш жүзге, әлденеше руларға бөлінеді. Біз де оларды бір біріне қарсы қойып, сексеуіл сияқты быт -шытын шығаруымыз керек.!” Біздің бүгінгі Билік дәл сол Сперанскийдің жұртынан, – қазақтың жақсы, жанашыр азаматтарын, қоғамдағы ізгі ұйымдарды осы әдістермен жойып келеді. Өсек әңгіме тарату, жала жабу, бірін сатып алып, бірін қорқытып, бірін бопсалап “елім” деген азаматтарды өзара араздастыру, рулық таластарға ұрындырып орталарына от тастау, араларына арандатушылар салып, іріткі жасау, болмай бара жатса ашық қудалаумен соттау, өлтіру- Билік айналасындағылардың халыққа қарсы ұстап отырған негізгі қарулары. Жарқ етіп көрінген жақсы азамат болса-қашан оның абыройын төгіп, жерге тыққанша олар тыншымайды. Осы амал, айламен ұлттық оппозицияны тас талқан етті. Осы қулық сұмдықтармен биліктегі бірен -саран бас көтерген арлы азматтарды құртты. Біздің қоғам -түнерген түнек болып тұр! Жан -жағына жарық шашар тұлғаларды бұл түнек көтере алмайды, өшіргенше асығады
  12. Бота
    Қазан 02, 23:28 Reply
    Мына мақаланы оқып отырып еріксіз күлдім. Журналист дерек-дәйексіз сөйлемеу керек еді. Мына мақалада анық-қанығын білмейміз, дөп басып айта алмаймыз, мүмкін деген сөзлер өріп жүр. Бұдан тілшінің өзіне сенімсіз, білімсіз екенін білуге болады. Айналайын-ау, білмесең неменеге интрига жасайсың?! Халықты мақұлық дейсізер ме?! Дін туралы әңгіме қозғапты. Жазып отырған адамға айтарым мұсылман болсаң, діннен xабардармын десең жауып отырған жалаң, ғайбат сөзің үлкен күнә екенін де білерсің. Оқырман тілімен тозаққа жол салсын демесеңіздер тоқтатыңыздар мұндайды. Әңгімені ұлттың қамы деп, ұлттық құндылықтар ұмытылып қалмасын деп шырылдап жүрген Бекболат ағадан бастапсыздар. Әрине жақсыға айтылар сөз де, жағылар күйе де көп. Бірақ, артық кетпейік. Біз Бекболат атқарған істің бір пайызын да жасамадық. Осыдан кейін қалайша тіл мен жаққа сүйеніп, түрлі пікір айтамыз. Оданда сөздің емес істің адамы болайық. Мұндай дүние қазақты қазаққа қарсы қояды, ұлтымызды түп-тамырымен жоюға әкеліп соқтырады. Сондықтан адам деген атқа лайық болайық. Ойлан қазақ, оян қазақ!
    • Қолқоюсыз
      Қазан 02, 23:40 Reply
      Иә, Бекболат ағадай болып алайық бірінші. Бәйге, Ұлттық спорт десе Бекболат аға есіме түседі. Ұлттық құндылықтарымызды осы кісі қолға алмаса, атқа отыруды баяғыда ұмытар ма едік, ат баптамар ма едік. Қазақтың мүддесін қорғап, тілін аман сақтаудың жолында аянбай тер төгіп жүрген азаматымыздан неге үлгі алмайды екенбіз, құа әңгіме жазғанша!
  13. Қолқоюсыз
    Қазан 02, 23:53 Reply
    Жазып отырған журналистке айтарым, осылай қаңқу әңгімелерді жаза берсең, сол Бекболат,Балғынбек, Мейрамбектердің тырнағына да татымайсың. Арзан мақала жазғанша Бекболаттай атпал азаматтың жасап жатқан игі істерін дәріптемейсің бе?! Сонда мақалаң өтіімді болар еді!
  14. Габит
    Қазан 03, 09:58 Reply
    Этого ваххабиста - Бекболата надо было давно посадит на 25 лет за разврат казахской молодежи , посмотрите во что он превратил вторую жену - дочь профессора , академика. Она ходит в паранже. Ничего святого нет у этого Тлеухана. Как он похоронил мать не понятно , по какими шариатскими правилами. Мы видели похорон великих казахов разница очень большая. Одним словом гнать надо его в Арабские страны за одним человечком.
  15. Антиуахаби
    Қазан 04, 15:38 Reply
    Сәкен, Бекболат анық сурури ғой адасқан топтан
  16. тамара
    Қазан 05, 19:12 Reply
    Бекболат кандай дин устанатынын айта алмайм бирак депутат ретинде халык тын созин сойлемей койды бугинде жер туралы асиресе
  17. Қолқоюсыз
    Қазан 08, 13:22 Reply
    гнать этого бекболата из мажилиса. где он был во время земельных митингов? а теперь - вылез, когда опасность миновала. слуга народа- ха-ха.
  18. Серик Толыкбай
    Желтоқсан 05, 11:41 Reply
    Народ ,может хватит разделятся? Если действовать по этому принципу (навешивание ярлыков) это дело омаральное и вообще "терроризм "это статья при чем здесь Бекболат? Где вы видели радикала с доброй,а семья это личное пространство. Имейте честь вам же детей воспитывать,чему вы их учите?
  19. Көке Жәке
    Желтоқсан 08, 19:52 Reply
    самаурын суалды дегенді самарқан су алды - деп айтқан сияқты, құр даурықпа жазба/мақала деуге ауыз бармайды/ екен)))
  20. Жеке
    Желтоқсан 24, 11:30 Reply
    Бұл жерде бізге жақын өнер тұлғаларын салафит деп кір жабуда . Өздері сақал өсірсе салафит деп түсінеді екен. бұны жазғандар қаншалықты дін мәселесін тусінеді , себебі бұдан асқан топас нахақ естімедім . )))
  21. Əмір-əддин
    Қаңтар 01, 23:20 Reply
    Баста Дарынның уағыздарын тыңдап діңге келуіме себепкер болған масхаб ұстанамын муфтиатқа бағынамын сəлəфиттерді мойындамаймын ал осыны жазған адам өзі діннен хабары барма? Жыртың жыртың етіп ия христиан емес ия мұсылман емес сияқты СМИ-ге де сенуден қалдық қазіргі заманда қару атпайды СМИ қаруданда жаман атом бомбасы секілді
  22. Кобра
    Ақпан 11, 00:57 Reply
    Қыдырəлінің имандылығ точно маска ғой Ақтауда Қарақат екеуі той жургіземіз деп келіп .қарақат жүргізді.Қыдыр əлі қыдырмақ түгілі тұруға əлі келмей қалды. Сонда қалай ??????
  23. Қолқоюсыз
    Наурыз 07, 18:44 Reply
    біреуді қатын ұқсап жамандағаннан басқа не білесіңдер? Сәләфит емеспін, бірақ әр адам өзін дұрыстасын, түк білмеседе сайрай бермей!

Жауап