“91” тобы аз болғандай енді “99” тобы “пайда болды” (видео)
08.10.2016 1 пікір 3190 қаралды

“91” тобы аз болғандай енді “99” тобы “пайда болды” (видео)

Қазақстандағы телебағдарламалардың бірінде атышулы Ninety one тобына бәсекелес Ninety nine (99) тобы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Хабар” арнасындағы Қызық TIMES бағдарламасына танымал Ninety one тобы қонаққа келді. Аталмыш бағдарлама барысында жүргізушілер топқа дайындап қойған тосынсыйларын да көрсетті.

Сахнаға шыққан төрт жігіт өздерін 99 тобымыз деп таныстырып, Ninety one тобына пародия жасады.

Бұған дейін қазақстандық Ninety one тобы Ақтөбе қаласында 30 қыркүйек күні жеке концерттерін өткізетінін хабарлап, тіпті билеттер сатыла бастаған болатын. Алайда топ продюсері “Қоныс” спорт сарайының өкілдерімен келісімге келе алмаған сыңайлы. Осыған дейінақтөбелік асабалар топ концертін қалада болдырмау туралы акция өткізіп, артынша топтың қолдаушылары облыс әкіміне үндеу жолдап, топ пен оның тыңдармандарына жанашырлық танытуды сұраған еді.

Бұған дейін оңтүстік жастары аталмыш топтың Шымкентке келуіне қарсылық білдіріп, акцияға шыққан болатын. Кейінірек сол өңірдің басқа тұрғындары топты қолдау шарасын ұйымдастырды.

Previous Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» деп айыптағандарға жауап берді (видео)
Next Валерий Меладзе: Менің әйелім – қазақ

Осыған ұқсас

Назарбаев Қайрат Нұртасты не үшін шұғыл шақыртып алды?

Жуырда Қайрат Нұртас Қырғызстанның Ыстық көл аймағында концерт беріп, 3 мың тыңдарманның алдында ән салып қайтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Әнші Қырғызстанның жауһары саналатын көлде бірнеше күн демалуды жоспарлапты. Бұдан өзге демалыс

Сәкен Майғазиев: Бостандықтың бағасын білмей жүрміз-ау деген ой келді (видео)

Сәкен Майғазиев әйелдер түзету мекемесіне барып, темір торға тоғытылған нәзік жандыларға арнайы концерт қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Бұл туралы әншінің өзі желідегі жеке парақшасында мәлімдеген. “Әйелдер түзету (женская колония)

Айнұр Тұрсынбаева «Муз-ТВ» жүлдесін тапсыру рәсімінде қазақтың намысы тапталғанына сенімді

Белгілі айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева жұрт арасында үлкен дау тудырған Астанада өткен «Муз-ТВ» жүлдесі жайлы өз ойын Іnstagram парақшасында жазды деп хабрлайдыNUR.KZ. «Интернеттегi көп саясатқа араласқым келмейдi, жалпы.. Алтындарым, ауыр

1 пікір жазылды

Жауап