Жазира Байырбекова күйеуінен қалай таяқ жегенін жасырмай айтып берді
04.11.2016 2 пікір 8181 қаралды

Жазира Байырбекова күйеуінен қалай таяқ жегенін жасырмай айтып берді

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің күйеуі Жанболаттан таяқ жегенін жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ. Ол бұл туралы 31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді.

Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып бердіБағдарламада желі қолданушыларынан келген бірнеше сұрақ қойылды. Соның бірі күйеуінен таяқ жегені-жемегені туралы сұрақ болды.

Бұл сұраққа Жазира еш тосылмастан: «Иә, таяқ жедім, бірақ көп емес», – деп өзінің Жанболаттан таяқ жегенін жасырмады.

«Сонда сіз таяққа лайық болдыңыз ба?», – деген бағдарлама жүргізушісінің сұрағына да қымсынбастан өзінің кінәсінен екенін мойындады.

«Қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім, тілімнен таптым. Қазір ажырасулар өте көп. Бір ұрғаны үшін құрбысына айтып, ол оған кеңес беріп, бір ұрған еркек ұра береді деп ажырасып жататындар өте көп. Отбасы болған соң бәрі болады ғой», – деген ол мұндай жайттарды кейінгі буын келіншектерге үлгі болу үшін айтып отырғанын айтады.

«Таяққа көніп жүре беріңдер демеймін», -деген Жазира анда-санда күйеуінің қол көтергеніне отбасын бұзудың қажеті жоқ деп санайды.

Сонымен бірге, ол Жанболаттың да мәңгі сүйіктісі болу-болмауы бір Алланың еншісінде дегенді айтты. Тоқал алуға қарсы болса да, ол бұл өмірде бәрі мүмкін екенін жеткізді.

«Тоқал алуға келіскім келмейді. Қарсымын. Алладан тілейтінім ондай жағдайға жеткізбесе екен», – деді жан сырымен бөліскен әнші.

Оның айтуынша, ондай ой екі ай бойы белгісіз аурумен ауырғаннан кейін келген екен.

Previous Баян Мақсатқызы: Әкесінің үкімін естіген балаларым жылап жатыр
Next «Қазақ Үні» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт деп танылды

Осыған ұқсас

Сәкен Майғазиев Мейрамбектен бұрын атақ алудан бас тартқанын айтты (видео)

Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзінің ішкі жан дүниесін көрерменіне ақтарып беріп, пендешіліктің жетегіне ерген кездері болғанын жасырмай жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол «Хабар» арнасының «Компромат» бағдарламасында айтып берді. Енді ғана

Лəйлə Сұлтанқызы жас келіншектерге сүйікті болудың құпиясын айтып берді

Белгілі тележүргізуші жаңа тұрмыс құрған келіншектерге ерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға қатысты 10 кеңес айтты деп хабарлайды NUR.KZ. Жуырда ғана оқырмандарға жол тартқан «Менің екінші кітабым» еңбегінің авторы Ләйлә massaget.kz порталы

Қайрат Нұртас «Құрмет» орденінің иегері атанды (видео)

Әнші Қайрат Нұртас елбасының жарлығымен мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz. Марапатты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек табыстады. “Ассалаймағалейкум, құрметті жамағат! Ең алдымен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын! Осындай

2 пікір жазылған

  1. Маргтэ
    Сәуір 09, 21:35 Reply
    Менин аитаиын дегеним аиелге катты караган дурыс деп оилаимын. Оиткени кеи кезде аиел оз озимен ырбандап кетеди. Оиткени оз басымнан откен коп жагыдаилар болган. Жаманы билип турып аитпагангои каитеин арада бала болгасынба. Шыны керпк сол аиелимен казир турмаимын. Ол кезде сылтауы арак ишесин деиди ал мен болсам онын козге шоп салганын аитпаимын солаи аитсам басын алып кашады
  2. Марго
    Сәуір 09, 21:37 Reply
    Менин аитаиын дегеним аиелге катты караган дурыс деп оилаимын. Оиткени кеи кезде аиел оз озимен ырбандап кетеди. Оиткени оз басымнан откен коп жагыдаилар болган. Жаманы билип турып аитпагангои каитеин арада бала болгасынба. Шыны керпк сол аиелимен казир турмаимын. Ол кезде сылтауы арак ишесин деиди ал мен болсам онын козге шоп салганын аитпаимын солаи аитсам басын алып кашады

Жауап