«Ninety one» әншісі: Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз (ВИДЕО)
14.11.2016 14 пікір 2115 қаралды

«Ninety one» әншісі: Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз (ВИДЕО)

«Ninety one» тобы олардың концерт өткізуіне қарсы шығып, сыртқы келбетіне сын айтатын жандар туралы пікір білдірді. Көкшетау қаласында өткен концерт барысында атышулы топ тыңдармандарымен тілдесті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ninety one тобының әншісі Бала топтың концерт өткізуіне кімнің қарсы шығатынын білгісі келетінін, алайда әлі күнге дейін ол сұрақтың жауабын таба алмағанын айтты.

«Неше түрлі нәрселер болып жатыр. Оның бәрі не үшін деп өзіме сұрақ қоямын. Әлі күнге дейін жауабын таба алмай жатырмын. Жан-жақтан адамдар айтады: мүмкін сырғаның кесірі, мүмкін шаштың кесірі шығар деп. Бізге рұқсат бермей жатқандар кім? Түсінетін адамдар түсінеді. Ал түсінбейтін адамдар сол дұрыс дейді. «Сырға тақпаңдар, шашты боямаңдар» дейді. Неге? Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз. Біз сіздерді үлкен деп құрметтеп, ешқандай сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді. Бірақ сонда да осындай нәрселер болып жатыр. Бірақ біз оған мойымаймыз. Осындай ойларға бататын кездерім 2-ақ минут шығар. Одан кейін ағаларыма барып, қалжыңдарымды айтып, олардың көңілін көтеріп, әрдайым қуантып жүруге дайынмын. Сол үшін Eaglez, біз сіздермен әлі ұзақ уақыт бірге боламыз», – деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалада (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Тұрғындар аталған топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды.

Previous Ұлықпан Жолдасовтың анасына арнап ән орындаған балақай жұрттың жүрегін елжіретті
Next Қайрат Нұртас романтикалық кешкі асты кім үшін әзірледі?

Осыған ұқсас

Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр екеніммен мақтанамын

Әнші Ділназ Ахмадиева жақында өзінің ұлтына қатысты сұраққа жауап берді. Ахмадиева ұлтына қатысты қойылған сауалға «Гәкку» арнасының эфирінде жауап берген. Instagram желісіндегі оқырмандар пікірін саралап шыққан әнші ұлтына қатысты айтылған

«Жігіттер» тобының әншісі Алматының орталық мешітінде азан шақырды

Ердос Қанаев Алматының орталық мешітінде ауызашар кезінде азан шақырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әріптесі Ердос Қанаевтың орталық мешітте азан шақырған сәтінен видеомен бөлісті. «Алматы қаласының

Мұрат ҚОЖА: Әркімнің өз жеке өмірі, тірлігі бар

Кезінде өзіндік тыңдармандары болған “Нұрлан мен Мұрат” тобы сахнаға қайта оралып, Тұрсынбек Қабатовтың “Әзіл әлемі” театрында өнер көрсеткен болатын. Осыны ескеріп, топтың алдағы жоспарлары туралы сұрауды жөн көрдік. Мұрат Қожа

14 пікір жазылған

  1. Жанбота
    Қараша 14, 21:09 Reply
    :kulki: оздеринди далелдеп шыгуларына тилектеспин
  2. Улдана
    Қаңтар 08, 17:10 Reply
    Ninety one-тек алға.Әлі ақ талай жетістіктерге жетесіңдер.
  3. Қолқоюсыз
    Ақпан 11, 12:34 Reply
    Жаным сол. Айтқаныңа жылапта алдым гой. Дұрыс айтасың түсінетін адам түсінеді, түсінбейтін сол күйі түсінбей өтеді. Оларға түсіндірудің де қажеті жоқ. Мен NINETY ONE-біргемін Eaglez
  4. Диляра
    Қаңтар 07, 20:08 Reply
    91 ол ең керемет мемберлер

Жауап