Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырымен бөлісті
21.11.2016 7 пікір 2919 қаралды

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырымен бөлісті

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы жұрттан жасырған сырын бөлісіп, Мейрамбекті күлдірді. Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.

Күні кеше 40 жасқа толған Мейрамбек Беспаев Алматының төрінде дүркіретіп той жасады. Аталған отырысқа қазақ эстрадасының барша жұлдыздары келді. Олар Мейрамбекке ақ тілектерін жаудырып, көптен бері айтылмағын естеліктерін бөлісті. Осы орайда Сәкен Майғазиев те досынан 10 жыл бойы жасырып келген құпиясын ашты.

“9 сыныпты бітіріп, алғаш Чайковский колледжіне тапсыру үшін Алматы қаласына келдім. Сайран бекетінен түскен кезде Алматыны өмірімде бірінші рет көрдім. Таң арайлап атып, бозарып келе жатқан шақ болатын. Сондай әдемі. Автобустан түсе салып, “Осы қалада Мейрамбек тұрады емес пе, иә?!” деген ой келді. Қазір “Неге Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова емес, неге Нағима Есқалиева, Марат Омаров, Нұрлан Өнербаев емес? Неге ең бірінші Мейрамбек туралы ойладым екен?” деп ойлаймын. Әлі күнге дейін өзіме таң қаламын. Кеше тойда да, 10 жылдық мерей тойымызда да осыны бірінші Мейрамбекке айтып бердім. Ол “10 жыл бойы ішіңе қалай сыйып келген?” деп күлді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Өнерде жүргендеріне 15 жыл болса да, сыйластықтары бұзылмаған олар кімге де болса үлгі. Қай әке болмасын, ұлым осындай болса екен деп армандайды. Мысалы, Нұржан Керменбаев та солардың қатарында. Ол тұңғышының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірді.

“Нұржан өзінің алтын асықтай ұлының тұсауын маған кестіремін деп жатыр. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш, оның маған артқан үміті. Маған тартса деп ырымдап жатыр екен. Мен ұлы бізден ассын деп айтар едім. Себебі, біздің шыққан биігімізден, шықпағанымыз көп. Алған қамалымыздан, алмағанымыз көп”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Previous Гүлнұр Оразымбетова зәулім сарайындағы қарды өзі тазалап тастады
Next Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Осыған ұқсас

Еуровидение-2017 байқауы өтетін қала анықталды

Еуровидение-2017  ән байқауы Киевте өтетін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы брифинг барысында УҰТА бас директоры Зураб Аласания мәлімдеді деді РБК-Украина тілшісі. Еуровидение өткізуге өтінімді Киев, Днепр, Одесса, Львов, Харьков

Тараздық тәрбиешілер екі жасар баланы өлімші етіп сабап тастаған (ФОТО)

Тараздағы №1 балабақшада небәрі екі жастағы бүлдіршін көк ала қойдай сабалған деп хабарлайды 31 арна. СКРИНШОТ 31 АРНА Кішкентай Артемнің анасы баласының өлім аузынан қалғанын айтады. Әбден таяқ жеген бала

Жүргізушілердің сүйіскенін көрсеткен Ұлттық арна тағы да дауға қалды

31 желтоқсан күні миллиондаған көрерменге ұсынылған «Сыңғырлаған сиқырлар» атты жаңа жылдық шоу-бағдарламаны эфирде көрсеткен Ұлттық арна тағы да халықтың наразылығын тудырды. Бұл жолы әлеуметтік желі қолданушылары «Қазақстан» арнасының кеш жүргізушілері

7 пікір жазылған

  1. Мугалимхан
    Қараша 21, 18:24 Reply
    Мейрамбек бауырым 40жасын уытты болсын. Ал Сәкен бауырым екеуінің достыктарын мангилик болсын. Бул омирде араларында ала жиып туспесин. Ана дуниедеде бірге болуларынды Алла несие етсін. Екеуінде елден улдарысындар. Балларыннын кызыгын бирге кориндер. Ата аналарының бағытты улы болып жүре бериндер. Менен атым Шайеке Мугалимхан. Мангилик казагымын руы керек. 18.10.1995. Менен номериме атап арқылы жауап кетемін. 87476013090
  2. Салем бауырларым Мейрамбек туылган кунин кутты болсын гумырлы бол. Сакенжан биз сени жаксы коремиз отбасымызбен. Аман сау болып Осип оне бериндер
  3. АЛИЯ
    Қаңтар 29, 01:23 Reply
    туылған күніңмен.
  4. АЛИЯ
    Қаңтар 29, 01:25 Reply
    Туылған күніңмен.МЕЙРАМБЕК.САҒАН ҰЗАҚ ӨМІР ТІЛЕЙМІН.

Жауап