Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды
10.02.2017 9 пікір 13601 қаралды

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда қазақылығымен дараланатын әнші бұл жолы әріптесіне ерекше құттықтау жасады. Нақтыласақ, ол Ринат Гайсинге деген ақ тілегін орыс тілінде жеткізді.

“Дорогой, родной Гайсин, поздравляю тебя от всей души С днем рождения!!! Желаю тебе крепкого здоровья, семейного счастья и долголетия! -дей келе бар жақсылықты тілеймін бауырым. Аман бол! Жасай бер!” – дейді Мейрамбек Бесбаев

Мұны көрген желі оқырмандары қатты таңырқап қалды. Кейбіреулер, тіпті, жазбаны Бесбаевтың өзі қалдырды дегенге сенбеді. Ал көпшілік мұның әзіл екенін түсініп, күлкі сыйлағаны үшін әншіге алғыс айтып жатты.

“Орысшаны жынды жібереді екенсіз ғой, аға”, “Дорогой, родной Гена деп қоймадыңыз ба?”, “Мейрамбек, сіз өзіңіз жаздыңыз ба? Сіз орысша жазбаушы едіңіз, сол үшін қатты сыйлайтын едім”, “Жардыңыз, мен де Мейрамбек аға орысша жазбайды деуші едім”, “Қазақша үйретіңіз, Мейрамбек інім”, “Орысша жазғаныңызды бірінші рет көріп тұрмын”, “Макең орысша біледі екен ғой, бірінші рет көріп тұрмын орысша жазғанын”, – дейді олар.

Previous Ел алдында Тәуекел Мүсіліммен сүйісіп, аймаласқан Жанар Дұғалова елдің сынына ұшырады (ВИДЕО)
Next Күйеужігітімен бірге сауық кешіне келген Баян Мақсатқызына мас бойжеткен тап берді (видео)

Осыған ұқсас

Римма Тәжібаева Есентаеваның өткенінен бірсыпыра сыр шертті

Халық маркасы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Римма Тәжібаева «белгілі продюсер Баян Есентаева мен дизайнер Аида Қауменовның бизнесіне алғаш ықпал еткен мен едім» деп отыр. Римма Тәжібаева Baq.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында бүгінде

Баян Тұрсынғалимен бір күні 25 мың доллар тұратын қонақүйде жатыпты (ФОТО, ВИДЕО)

Жуырда Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен бірге Дубайға барып, қысқы демалысын өткізген болатын. Ол желідегі оқырмандарға Дубайда тоқтаған салтанатты қонақүйін көрсетті, деп жазады NUR.KZ. Шейхтер, президенттер мен әлемнің ең танымал

Дулат Исабеков: Президент жерге қатысты мәңгілік мораторий жариялауы керек

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, драматург Дулат Исабеков президент жерге қатысты мәңгілік мораторий жариялауы керек деген пікір білдірді деп жазады abai.kz. «Меніңше, қазіргі халықтың наразылығы тек қана жерге байланысты туындап отырған

9 пікір жазылған

  1. Ержанат
    Ақпан 10, 17:03 Reply
    Жерден жеті қояан тапқандай мәз боласыңдар. Маңыздысы, айтылған, жазылған сөздердің шынайылығы.Жақсы сөз айта білу үшін де, ақ жүректілік керек. Жүректен сүзілген сөз, жаңылдырмайды.
  2. Қолқоюсыз
    Ақпан 10, 19:31 Reply
    Казир үш тилдилик Қазақстанда биринши орында тұр ғой. Мейрамбек бауырымызга агылшынша жазса да жарасады.
  3. молдир
    Ақпан 11, 09:08 Reply
    Солай бир орыс казакша жазсса кулмес единдер,орыс казакшаны кайдан билсин дер единдер! Казак жазсса айтеуир мазак кылуга дайынсындар!
  4. Аман
    Ақпан 11, 16:14 Reply
    Не болыпты кулетин туги жок
  5. Динара
    Ақпан 25, 14:35 Reply
    Молодец Мейрамбек! Так держать!

Жауап