Аша Матай үш ай ішінде 27 кг тастағанын айтып мақтанды
21.02.2017 2 пікір 8739 қаралды

Аша Матай үш ай ішінде 27 кг тастағанын айтып мақтанды

Аша Матай аз уақыт ішінде көп салмақ тастауының құпиясын ашты.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды,- деп жазады  stan.kz.

Қайырымдылық жәрмеңкесінің ұйымдастырушылары шараның ойдағыдай өткенін айтып жатыр. Қажетті сома жиналмаса да, балалары жақсы ақшалай көмек болмақ. Келген қонақтарға киімдерді көрсетіп жүрген Аша Матай оларға киімдерін көрсетіп қана қоймай, бірге суретке түсуде. Арасында кішкентай бөбегін емізіп, ұйықтатып та үлгеріп жүр. Жас ана баласын үнемі өзімен бірге алып жүреді екен.

“Кішкене баламен қиналып жүрмін деп айта алмаймын. Кез келген әйел дүниеге сәби әкелуді мақсат тұтады. Сол себепті, бұл – үлкен бақыт. Өзіммен бірге алып жүруім де бақыт. Ең бастысы, ауырып қалмаса екен деп Алладан тілейміз. Қызымызды көзден, тілден, суықтан барынша сақтандырып жүреміз. Өкінішке орай, үйде тастап кететін адамым болмағандықтан, осында өзіммен бірге алып келуіме тура келді. Маңдайына күйе жағып қойып әкелдік”, – дейді Аша Матай.

Кішкене Асылым кіндік шешесі Ольга Кимнің дүкенін де жақсы ұйықтайды екен. Ал бұрынғы мінсіз келбетін аз уақыт ішінде қайтарған Ашаға желідегілер таң қалып жүр.

“Барлығы “Қалай арықтадың? Үш айдың ішінде бұл мүмкін емес!” деген бір сұрақты қояды. Мені перзентханадан шыққан кезде көрген қыз-келіншектердің барлығы таң қалып жатыр. Менің атымнан бір дәріні жарнамалап жүр екен. Ол дәріні көрген де, дәмін татқан да емеспін. Оны қалай қолданатынын да білмеймін. Менің атым мен жүзімді не себепті пайдаланып жатқандарын түсінбеймін. Бірақ мен ол затты мүлдем қолданған жоқпын. Арықтауымның формуласы – көтеріңкі көңіл-күй. Баламды ұйықтатып жүріп физикалық жаттығулар жасаймын. Соның көп көмегі тиеді. Сүтім азайып кетпеуі үшін диета ұстамаймын. Сүт қатқан шай, сорпа ішемін, ет пен қамырды да жеймін. Кесаревомен туғандықтан, жаттығу залына жарты жыл бойы бара алмаймын. Осыған бола кейде көңіл-күйім түседі. Бірақ барлығы алда деп ойлаймын. Әлі өз салмағыма келген жоқпын. Әлі 7 кг тастауым қажет. Бала туғанына үш ай болған әйел үшін сымбатым жаман емес секілді. Жүктілік кезінде 34 кг қосқанмын, жуырда 27 кг тастадым”, – дейді Аша Матай.

Previous Медеу Арынбаев: Ділназ екеуіміз қосыла саламыз
Next Бақытбек Есентаев Баянға опасыздығы үшін қол көтергенін мойындады

Осыған ұқсас

Төреғали Төреәлі Ninety One секілді киінетін болған ба?

Танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің «Біртүрлі қыз» әніне екінші мәрте бейнебаян түсірді. Бір қызығы, бейнебаянда ол өзі сынап тастаған Ninety One тобындағы Bala лақап атымен танылған жас әншінің киім киіп

Баян Есентаева: Ол менің күйеуім емес

Қазақстандық белгілі продюсер әрі актриса Баян Есентаева әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жолдасы казинода дилерді соққыға жықты делінген видеоға қатысты пікірін айтты. YouTube қолданушылары ролик кейіпкерін продюсердің жолдасы Бақытбек Есентаевқа ұқсатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнерді қорламайық! ӘН ӘЛЕМІНДЕ, ЭФИРЛЕРДЕ ТАЛҒАМ ДЕГЕН БАР МА?

7 шілдеде теледидарда, “Астана” арнасынан Астанаға арналған “”Ән мен әзіл” деген жап-жақсы концерт беріп жатыр еді… Кеше ғана “Астана жұлдызы” болған дарынды әнші Жұбанышты, “Жігіттерді” көріп қалдым. Әне бір “Бірлік

2 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Ақпан 22, 01:41 Reply
    жас қыздарша кейінсе несі бар екен.өзіне жарасса болды емес пе...аййй,қазағымай.қазағымай
  2. Қанат. Жезқазған.
    Наурыз 03, 12:06 Reply
    Аша Матай кішкентай қызының "Маңдайына күйе жағып әкелдік" дейді ме? Баланың маңдайына "көз тимесін" деп күйе жағып қою - ШИРК - АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ амалдарынан!!! Баланы тіл-көзден маңдайындағы күйе емес - АЛЛАҺ ТАҒАЛА сақтайды!!!

Жауап