Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет таңдаған жігітінің танымал әзілкеш, шоумен Дәурен Айдарқұлов екенін мойындады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын әнші Айдарқұловпен және екі ересек әйелмен (желідегілер екі жастың анасы болуы мүмкін деп болжады) бірге түскен суретін жүктеді.

“Сәлем достар! Жеке сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады, кешке жауабын оқисыздар”, – деп жазды ол бөліскен суретінің жанына. 

айдаркулов и акбота

Одан кейін Айдарқұлов екеуінің жеке түскен суретін парақшасына жүктеп:

“Өзіңізді жайлы сезінетін, жаныңызға рахат сыйлайтын жерде болыңыз, бақыт бар”, – деп жазып қойды.

Жанкүйерлер Ақботаның бұл қылығын түсінбей дал болды. Себебі бұған дейін ол “болашақ жарым Дәурен Айдарқұлов емес, оның шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ” деп жар салған болатын.

Айта кетейік, Баян Есентаева жуырда топтан Ақботаның кететінін хабарлаған соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіп кетті. Себебі өз сөзінде танымал продюсер Ақботаның өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан еді. Соған қарап жұрт Ақботаны фильмдегі жұбы Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың әйелімін деп таныстырған әйелдің парақшасы пайда болған еді. Онда әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған. Алайда кейінірек әнші бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Previous Қазыбек Иса. АКАДЕМИКТЕР ЖАЛҒАН АЙТСА, ҚАЗАҚ ҚАЙДА БАРАДЫ?
Next Айдана Меденова сексуалды суреттерін жария етті (фото)

Осыған ұқсас

«Аялаған Астана» жобасы жас дарындарға жол ашады

2014 жылы 4-6 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП, Астана қаласының Мәдениет басқармасы, “АРС” компаниясы (Ресей), «Балалардың жаңа толқыны», «Евразия» ұйымдастыруымен «Аялаған Астана» атты республикалық поп-әншілер байқауы өтеді.

«Turkiss» тобы әзербайжандық көрермендердің жүрегін жаулауда…

 Баку қаласында қазақстандық әрі әзербайжандық «Turkiss» тобының БАҚ өкілдерімен кездесуі және «Çağır məni» атты жаңа бейнебаянның тұсаукесері өтті.        «Turkiss» – қазақстандық танымал әнші, актер, продюсер Дастан Оразбеков пен әзербайжандық

Есентаеваның қызы некесіз бала табу ұят емес деп санайды

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында ұят туралы сөз қозғап, замандастарын жасандылықсыз өмір сүруге шақырды. Мұнымен қатар, өзімен келіспеген адаммен жеке сөйлесуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. “Қоғам қаншалықты адамдарды бір

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап