Қыдырәлі Болмановтың тағы да масқарасы шықты
14.03.2017 2 пікір 5340 қаралды

Қыдырәлі Болмановтың тағы да масқарасы шықты

Белгілі әнші Қыдырәлі Болмановтың орындап жүрген «Сүгірдің термесі» Сүгірге тиесілі емес болып шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы ҚР Мəдениет қайраткері, профессор Амандық Көмекұлы әлеуметтік желіде жазды. Ол өз парақшасында сөзбе-сөз былай деген:

Қыдырәлі Болмановтың «Сүгірдің термесі» деп орындап жүрген термесі Елбайдың термесі. Оның ішінде бір ауыз Сүгірдің сөзі жоқ. Бұл вариантты Қыдырәлі Голливудқа барар алдында Ақтауға барған сапарында Секен Тұрысбеков екеуі біздің үйде екі күн қонақ болып, сонда Қыдырәліге Сүгірдің сөзінің орнына Елбайдың сөзін салып жазып бергенмін.
1985-жылдары, жастарды термеге тарту үшін Сүгірдің Ата қонысы Маңғыстауға көшерінде бауыр басып қалған Бес қала xалқымен қоштасарда айтқан ұзақ толғауының «Ауылға Сүгір келді деп,» деген бөлшегін, Көшкі Жеменей Омар жыраудың сазын пайдаланып эстрадаға бейімдеп өзім салғанмын.

Алғаш рет бұл шығарманы үлкен саxнада, «Әнші балапанда» орындаған шәкіртім Ақылбек Жеменей Аязбайұлы Оңдасынов еді. Онда сөзі Сүгірдікі болғанымен сазы-әуені Сүгірдікі емес, Омар жыраудың «Ноғайлық» жыр сазы еді. Ал Қыдырәлінің орындап жүрген «Сүгірдің термесінің» Сүгірге сөзінің де сазының да қатысы жоқ. Ол Бәубек Елбайдың сөзі, сол Көшкі Омар жыраудың сазы, өңдеген А. Көмекұлы.
А. Елшібаева орындап жүрген «Ауылға да Сүгір-ай келді деп» деген варианттың сөзі Сүгірдікі, сазы сол Омар жыраудікі. Өңдеген, және Айгүл Елшібаеваға үйреткен менмін…

Бұл тұрғыда Қыдырәлі «иттің ағы не, көгі не!», немесе «соқыр тауыққа бәрі бидай» – деген көз қараста ма, әлде білмей ме, әйтеуір Сүгірдің террмесі деп айтып жүр……

Дегенмен, бұл жазба желіде елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік шындықты осынша жыл айтпай, неге енді ғана жарияладыңыз, деп Амандық Көмекұлының өзін айыптай бастады.

Previous Ислам Әбішев Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының Президенті болып сайланды (ФОТО)
Next Әншілеріміз Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей масқара болды

Осыған ұқсас

Алтынай Жорабаева неліктен ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Елімізге танымал әнші Алтынай Жорабаева өзінің не себепті ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Сөзіне сенсек, ата-енесімен бірге тұрмауына жолдасының бұрынғы жұбайы Айгүл Иманбаеваның қатысы жоқ. Бұл туралы 31 арнаның “Айта

Ақылбектің «Қызыл өрігін» Асхаттың «Мария могдаленасы» алмастырды

Тойға жиі баратындар жақсы біледі, бүгінде қазақ тойларында «Мария арман едің, о,о,о, Жұлдыздай жанған едің, о,о,о, Жүректің болған емі, о,о,о, Өзіңсің жаным! Ай, ай, ай! Чип-чип, чип-чип, аха» деп шырқалып,

Ерке Есмаханның студенттік кездегі суреті жұртты шошытты (фото)

Танымал әнші Ерке Есмаханның студент кезіндегі адам танымастай суреті желіні шаршап кетті деп хабарлайды NUR.KZ. Әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен суретті көрген қолданушылар өз көздеріне өзі сенбеген. Алайда, суреттегі қыз

2 пікір жазылған

  1. Жанұзақ Әкім
    Наурыз 15, 14:13 Reply
    Әрине, әр өлеңнің авторын білген дұрыс. Бұл жерде Қыдырәлінің жібергені "техникалық" кемшілік яғни білмей істелген деп қарау керек. Жұрт Маңқыстаудың Сүгірі мен Созақтан шыққан Сүгір күйшілерді де шатастырып жатады. біреулер "Сегіз серінің әндерін" де айтып жүр. Ондай әнші-композитордың болмағаны туралы Тіл білімі институтының отыздан астам ғалымдары жариялағнын еді. Осының бәрі, өткен ғасырлардағы біздің өнердің толық зерттелмегенін көрсетеді. Ол әлі ашылмаған сыр сандық болып қалуда.
  2. Жəкен
    Сәуір 13, 09:12 Reply
    Бəрін өзін бүлдіріп еңдігі мынау сандырағын кімге керек.

Жауап