Мұхтар ШАХАНОВ: Сағадиевтің мақсаты біреу ғана – ҰЛТТЫ ҚҰРТУ!!!
14.03.2017 3 пікір 13578 қаралды

Мұхтар ШАХАНОВ: Сағадиевтің мақсаты біреу ғана – ҰЛТТЫ ҚҰРТУ!!!

Қазақ тілінің ҰБТ тесттерінен алынып тасталғанына байланысты ақиық ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өз пікірін айтты.

Бұл туралы halyknews.kz сайты хабарлады.

– Мұхтар аға, соңғы уақытта білім саласындағы реформа туралы естіп жатқан шығарсыз? Бүгін «ҰБТ тестінен қазақ тілін алып тастапты» деп жатыр. Бұл мәселе бойынша не айтасыз?

– Талай министрді көрдік қой. Бірақ өз басым дәл мына Сағадиев секілді миымен емес, қарнымен ойлайтын бірде-бір министрді көрмеппін! Қазақ тілін алып тастау деген не сұмдық? Қайсыбір жылы Жапонияның 9 қаласын аралап, әдейі зерттеп көрдім. Онда бала 12 жасқа толғанша ешқандай шет ел тілін оқытпайды екен. 12 жасқа дейін баланың бойына ана тілінің құдіретін сіңіреді. Одан кейін, мейлі, 100 тіл үйренем десе де өз еркі. Моноұлтты және монолитті деп есептелетін Жапония қоғамы осындай болғанда, бізге не жорық десейші? Сағадиевтің мақсаты біреу ғана. Ол ұлтты құрту…

– Сіздің ойыңызша, бұл тек, министр Сағадиевтің ғана бастамасымен жүзеге асып жатқан реформа ма?

– Жоқ. Сағадиевтің жеке бастамасы емес. Жоғарыдан тапсырма береді. Соны орындап жатыр. Мен бұдан 8 жыл бұрын осы мәселені алдын-ала талай жазғанмын. Тіпті, осы тақырыпқа арнаған өлеңім де бар…

Картинки по запросу мұхтар шаханов

– Кешіріңіз… Жоғарыдан тапсырма болғанда, қалай? Кремльден «осылай жасаңдар» деуі мүмкін бе?

– Кремль «мынаны нақты былай ет» дей алмайды. Біздің ішкі саясатымызға қол сұға алмайды. Бірақ әрине, солардың ыңғайына жығылған, ақшаға сатылған, түйені түгімен, нарды жүгімен жұтатын жемқор шенеуніктеріміз жоқ емес. Қазір білім ғана емес, идеологиялық саланың бәрінде топастандыру саясаты жүргізіліп жатыр. Кез-келген телеарнаны қосып қалсаңыз, ырыңбай-жырыңбай әнші көп. Сыбай-салтаң әзіл-ысқақ театры көп. Олардың не дәмі, не татымы, не астары жоқ жеңіл әзілі адамды күлдірмейді де.

– Мұның себебі неде деп ойлайсыз?..

– Қазір мәселенің бәрі ақшада! Бір композиторсымақ сөзін өзі жазады, әуенін де өзі жазып, өзі орындайды. Телеарнаға келеді де, әлгі әнсымағының жанына 5 мың доллар қояды. Болды! Таңертеңнен кешке дейін соның әні теледидардан ыңыранады да тұрады! Немесе ортаңқол бір композиторсымақ, әлде әншісымақты алайық. Шашылып, шығармашылық кешін Республика Сарайында көрсетеді. Сосын оны еліміздегі төрт бірдей телеарна 4 сағат бойы береді де жатады. Сәл бұрынырақ менің өзімді күніне үш телеарнаның бағдарламасына шақыратын. Қазір жарты жылда бір телеарна шақырмайды. Неге? Өйткені, оларға шындықты шырқыратып айтатын Шаханов емес, қалтасы қалың Ақшабай керек!

Previous Тоқтар Серіков: Өз әйелімді бір кісідей қызғанамын
Next "Меломен" тобынан кеткен Жігер Ауыпбаевтың күзетші болып жүрген видеосы жарияланды

Осыған ұқсас

Қазыбек Иса. АКАДЕМИКТЕР ЖАЛҒАН АЙТСА, ҚАЗАҚ ҚАЙДА БАРАДЫ?

«Қазақ үні» порталына шабуыл мен Қазыбек Исаны қаралау жәй сәйкестік пе? Маған жабылған жала үшін академик Мұрат Жұрынов та,  жалған ат жамылған авторсымақ «Әділет Елеусізұлы» да заң алдында жауап береді.

МҰНДАЙ БІЛІМ МИНИСТРІ БОЛСА – ҰЛТҚА ЖАУДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!!!

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ҰЛТТЫҢ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН АЛЫП ТАСТАП,  ОРНЫНА САЙҚЫМАЗАҚТАРДЫ  ҚОСЫПТЫ… Біздің  «Қазақ үні» ұлттық  порталында  кеше ғана  белгілі ғалым, филология ғылымы докторы, профессор Айгүл Ісмақованың   жоғары оқу орындарынан қазақ

Атамбаев жеке мүддесі үшін әруақтан да аттап кетті – Қазыбек Иса

Ежелден туыс  екі елдің арасына от тастап сөйлеу – ел басшысының емес,  есердің сөзі Туысқан Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың  өз еліндегі президент сайлауы жақындаған сайын жаны қысылып, жанталасып келе

3 пікір жазылған

  1. Полатбек ЖАНБАЕВ
    Мамыр 15, 16:01 Reply
    ҰБТ сынағында қазақ тілі тұруға тиіс және ол ресми түрде есепке алынуы лазым. Қазақстанда тұрып өз тілін кесіп тастаған кімді көрдіңіздер? Елбасымыз өз Жолдауында - "Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді..." деген болатын. Министр мырза оған көңіл бөлмей отыр. Аянышты, оны соттау керек шығар.
  2. Қолқоюсыз
    Қаңтар 06, 07:06 Reply
    Мемлекеттік тілдің мәртебесі әр уақытта биік болу керек. Біздің балаларымыз туғанынан, ана тілімізде ертегілер тыңдап, өсу керек. Шығыс Қазақстан облысы Бескарағай ауданымызда Малая-Владимировка ауылында қазақ мектебі жоқ. Неше жыл бұрын ата-аналар мен ауыл имамы, талай рет осы сұрақты көтердік бірақ солай қазақ классы ашылмады. 26 жыл тәелсіздікте өмір сүріп, балаларымызды қазақша оқыталмадық. Ауылымыз шағын, тұрғындарымыз аз, бірақ қазақ мектебі ашылса адамдар көшіп келке еді деген ой бар. Біздің ауылымызда басқа уылттарға жағдай жасалып жатыр , тек біздің балаларымызға емес. Осы сұрақты көтерсек бізді жау көреді, өкініштісі солардың арасында өз қазағымыз бар. Ата-аналар .
  3. Нуриля
    Қаңтар 31, 12:12 Reply
    Мен Муражанова Нурила Дилтаевна туған жылы: 24.04.1967ж Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Аса ауылынан хат жолдап отырмын.Қазіргі кезде осы ауылда Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде сызу,сурет,еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс істеп келемін. Менің үш балаларым бар, оның екеуі білімгерлер, оның біреуі бишкекте, ал екіншісі алматы қалаларында ақылы оқуда оқиды.Жолдасым жұмысынан қысқартылып, қазіргі кезде жұмысыз жүр, мен қатты қиналып жүрмін. Мен үш жыл болды мектеп директоры С.Джигитековадан қысым көріп келемін. Директор болғанына 16ж ,мектепті өзінің жекеменшігіне айландырып алғанЖазбаған жерім қалмады. Ауданның сотына, прокаратураға, аудан әкімі, аудандық білім бөліміне, әкімнің білім жөніндегі орынбасары, обл сотына, білім министрі не, ҚР Бас прокурорына,ҚР Президенттің Әкімшілігіне, Нұр Отанға,ҚР Пример министріне,КТК телеарнасынан көмек сұрап жаздым,ешкандай өзгеріс болмады.2015ж тамыз айында директордың орынбасары А.Бақытжанова шілде айында кру келіп тексеріп кетті,3 000тг әр мұғалім жыйнайсыңдар деді.Менім жағдайым жоқ деп бермедім. Ақша жинағаннан шаршадым, директорымыз 16 жыл қызмет етіп келеді , мектепті өзінің жекеменшігіне айландырып алған.Содан басталды,2015ж 14 қазанында директордың орынбасары Н.Қарағұлова сабағымның ортасында кіріп келіп оқушыларға шығыңдар, менің жұмыстан босатылғанымды айтты,мен ұялы телефонымды қосып қайталап айтуын сұрап едім, оқушылардың көзінше ұрып соғып телефонымды сындырды,сол күні сағ.14.00де ауруханаға барып алғашқы көмегін алдым.Директор сол күні оқушылардан менің есім дұрыс емес, өзін-өзі ұрып жарақат алды-деп жаздырып істі жауып тастады.жазған оқушы озат,бағаларын 5 ке жөндеп береді.Осы жылы қызым 11 сыныпта, балам 5 сыныпта оқитын директор сыныптастарының көзінше шешелеріңнің есі дұрыс емес деп т.б.жағымсыз сөздер айтып жылатқан,намысына тиген.2017ж 17 наурызында ауған соғысының ардагері Д.Нұралиевтің сабақ үстінде баламды ұрып –соқтың деп,сыныбымнан күніне әр оқушыдан 400тг ақша жыйнайды деп бейне таспаға түсірілген деп жала жауып сотқа берді.Сотта бейне таспасы монтаж болып шықты. Мен ақшаға қорғаушы жалдадым шығындалдым. Маған баламның миы шайқалып ауруханада жатты деген.Қорғаушым канша дәлелдеп берседе , сот өзімді кінәләп тастады.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Әжібаев ата-аналарымның үйіне барып жалынып қол қойдырған,енді сыныбымды өзіме қарсы қойып отыр.Директор қатаң сөгіс берді, сағатымды қысқартып,сыныбымнан шеттетіп тастады.Ал Нұралиев Д ата-ана комитетінің төрайымы етіп сайлап қойды.Ақталдым .жала жапқандарға үкім жоқпа,Сотқа бердім бірақ 4 айға созып ақыры бармақ басты көз қысты.педкеңес сайын мені кекетіп отырады,оз еркіңмен жұмыстан шық,әйтпесе қалтаңа наркотик салып соттатып жіберем деп қорқытады.Мені өзіме қол жұмсауға мәжбүрлеп отыр.Айтатыны сен кімсің,сүмелексің,көзіңді бозартып соттатып жіберем,өз еркіңмен арыз жаз, ешкімің жоқ ,ал менім туыстарым күшті,мұртымды балта шаппайды дейді.Менің сізден басқа барарым жоқ,хатымды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймын.Көмегіңізге мәжбүрмін. Қашанға шыдауға болады,жауабын айтыңыздаршы,қара халықтың қамын кім ойлайды ,көмектесіңіздерші, жалынам өтінем.

Жауап