Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым
18.06.2017 1 пікір 8215 қаралды

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым

Нұртас Айдарбеков бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісіп, ұлы Қайрат Нұртасқа әлі күнге дейін қол көтеретінін айтты. Мұнымен қатар, өзі берген қатал тәрбиенің арқасында ұлының жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүргенін меңзеді.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

– Танымал ұлдың әкесі болу қиын ба?

– Менің сөзіме көп адам сенбейтін шығар. Ұлың танымал болған соң, халықтың екі көзі сенде болады. «Осының әкесі қандай адам екен? Осының отбасы қандай екен? Анасы мен өзі ше?» деген секілді пікірлер айтылады. Менталитетімізге сай көп нәрсе көңілімізден шыға бермейді. Шынымды айтсам, әке ретінде жауапкершілігім ауыр.

– Қайратқа қаталсыз ба?

– Жалпы Алла берген үш ұлым бар. Ер балалар болғандықтан, қаталдық таныттым, танытып та келемін. Әсіресе, Қайрат тұңғышым болғандықтан, оған қаталмын. Қайратқа қолды көптеу жұмсап қойдым. Бала кезінде де, осы өскен кезде де.

– Балаңыздың жұлдыз болуына тәрбиенің әсері болды ма?

– Өнер адамына тәрбие керек. Барлығы өнер көрсетумен ғана шектелмейді. Өнер адамын өсіретін де, өшіретін де халық. Қайратқа берген тәрбиемнің 100℅ пайдасы тиіп жатыр. Осы тәрбие болмаса, ол қалай халықтың адамына айналады? Әйтпесе, халық оны шеттетіп жіберетін еді.

– Қазіргі қоғамда әкенің рөлі қандай?

– Мұның екі жағы бар деп ойлаймын. Әке бола білу және әке деген атқа лайық болып жүру. Ұрпағың осыны сезініп, бағаласа, одан асқан қандай бақыт бар? Қазір көп жас әке қадірін біліп жүр деп ойлаймын. Құдайға мың да бір шүкір, қазіргі жастарымыз жаман емес. Жасыңды түріңе қарап біліп, сый-құрмет көрсетеді.

stan.kz

Previous Гүлзира Айдарбекова: Ұлдарымызды салыстырып жұртқа масқара болмайық
Next Қайрат Нұртас пен Төреғалиді салыстырған бүлдіршін жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Бас прокуратура 108 млн теңгені шетелдіктерді күтуге жұмсаған

Қазақстанның Бас прокуратурасы мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтің сынына жауап берді. Халық қалаулысының айтуынша, 2015 жылы прокурорлар 108 миллион теңгені қонақ күтуге және оларға сыйлық сатып алуға жұмсаған көрінеді. Алайда, аталған

Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенді қабылдады

Президент Димаш Құдайбергенді қабылдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп қалды. «Димаш Құдайберген деген баламызды

Салтанат Бақаеваның инстаграмдағы пікірі дауға айналды

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева «Insta достарына» сөздің байыбына барып, содан кейін пікір таластыруға кеңес берді. Бұған себеп болған, әншінің инста парақшасындағы мына сөздер. Осы сурет жариялана салысымен-ақ, Орал қаласының

1 пікір жазылды

  1. Ернар
    Шілде 20, 12:34 Reply
    Досындай сырласатын уақытында мұнысы нес. Əлде Қайрат соншалықты айтқанға көнбейтін жігітпе?

Жауап