Роза Рымбаева ұлының әнші қызға «үйленгеніне» қатысты күтпеген жайттың басын ашты (ФОТО)
02.07.2017 2 пікір 17745 қаралды

Роза Рымбаева ұлының әнші қызға «үйленгеніне» қатысты күтпеген жайттың басын ашты (ФОТО)

Жуырда әлеуметтік желіні Әли Оқаповтың танымал әнші Ақерке Бүркітбаймен түскен той суреті пайда болған еді. Сурет қызу талқыға түсіп, ел Әлиді үйленіп алды деп болжады. Роза Рымбаеваның келін түсіргені рас па? Бұл сұраққа әншінің өзі жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева Hit TV арнасына арнайы сұхбат беріп, мәселенің анық-қанығын айтып берді.

Роза Рымбаева ұлының әнші қызға "үйленгеніне" қатысты күтпеген жайттың басын аштыСонымен Роза Рымбаеваның келін түсіргені рас па?

«Биылға әзірше ондай жоспар жоқ. Бірақ, егер кез келген уақытта Әли өзінің қалыңдығын алып келіп, «мама, мен үйленемін» десе мен дайынмын. Балама оны күнде айтамын», – дейді әнші.

Роза Рымбаева өзі қарапайым отбасынан шыққан соң, келінінің де қарапайым болғанын қалайтынын айтты. Мұғалім немесе дәрігер болса тіпті жақсы, дейді ол. Өйткені кәсіби музыканттарға төреші болар жан керек.

«Дәрігер болса, мұғалім болса, біздің отбасымызда ол ерекше мамандық болады ғой. Себебі Әли де, Мәди де, біз үшеуіміз де кәсіби музыкантпыз. Біздің әңгімеміз, көретініміз, қызықтыратын дүниенің барлығы – музыка. Сондықтан басқа мамандық иесі келсе, онда біз үшін өте пайдалы дүние болады», – дейді ол.

Previous Нұртас Адамбай туған анасынан ақша ұрлады
Next Кәмшат Жолдыбаеваның өнерін құрметтейтіндер одан теріс айналып кетті (фото)

Осыған ұқсас

Өзбекке тұрмысқа шыққан қазақ қызының аянышты тағдыры

…Бірде Орал қаласында шаштаразға шаш қидыруға барғанымда, шаштараз қыздың тағдырына куә болдым. Көз­деріне жас толған қазақтың қызы бар мұңын жасырмай, әңгімелеп берді… – Ешқандай көмектесетін адамым жоқ, туған туыстан жұрдаймын.

Қайрат Нұртас өзге ұлт өкілдеріне қазақша ән салдырды

Қайрат Нұртастың әндерін орыс ағайындар да сүйіп тыңдайтынын және жиын-мерекелеріне жиі шақырып жататынын көпшілік жақсы біледі. Соған дәлел ретінде әнші әлеуметтік желіге орыс ұлтты бүлдіршінмен бірге ән шырқап тұрған сәтін

Қыз-келіншектердің жалаңаштануы ең алдымен кімге зиян?

Қазіргі таңда шыны керек, қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың «өз иесімен» қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе? Асыл сөз порталының

2 пікір жазылған

  1. Ботакөз
    Қыркүйек 03, 02:29 Reply
    Роза апамыз маган унамайды жалпы баста танылып калган әнши гой болмаса онып турган әндер жок Нагыз хас талант Макпал апамыз гой
  2. Баян
    Қыркүйек 06, 14:23 Reply
    Қалай ғана жазған бұл Роза туралы пікірді ,ол бүкіл Қазақстанның бетке ұстар əншісі дауысы недеген керемет тəрбиелеген екі ұлы қандай жақсы азаматтар ,Мақпалдың орны бір төбе екеуі де өз өнерлерінің маңдайымызға біткен жарқыраған жұлдызы ,

Жауап