Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Айсәуле Бақытбек сүйіктісімен бірге шетелде демалып әрі ем алып келді. Оңтүстік Кореяда болып қайтқан ол шетелден алған әсерімен желідегі парақшасында бөлісті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Сеуілден қайтып оралдық. Шынымды айтсам, Кореядан күткенім басқа еді, бірақ шын мәнінде көргенім көңілімді қалдырған жоқ. Бәлкім жаныңда сүйікті адамың болған кезде солай болатын шығар. Жалпы сүйіктім жанымда кезде айналадағы барлық нәрседен ләззат аламын», – деп бастады әңгімесін Айсәуле.

Бұдан кейін Есентаеваның тұңғышы корей халқының патриот екенін, оларға қызыға қарағанын айтты.

«Корейлер – нағыз патриоттар. Олардың патриоттығы әр көше сайын ілініп тұрған тудан немесе Пак Кын Хенің портреттерінен көрінбейді. Есесіне олар тек қана өздерінің тілдерінде сөйлейді, өздерінің кино/сериалдарын ғана көреді, өздерінің әндерін тыңдап, тек өздерінің тамақтарын жейді. Тіпті, алкогольді ішімдікке дейін өздерінікі. Оларға сондай қызығып қарадым», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

aissaule 0307017

Үнемі орысша сөйлеп, орысша жазатын Айсәуленің бұл сөзі желідегілердің түсінбестігін туғызды. Олар өз тілінде сөйлейтін корейлерден үлгі алуға шақырған Айсәулені өз тілінде сөйлемегені үшін сынап тастады.

“Қазақтар ғана ана тілін менсінбейді. Бұл постты несіне жаздың қазақша жазбаған соң? Корейлерді мақтап”, “Иә, әркім өз тілінде сөйлеуі керек”, “Сен де үнемі болмаса да, анда-санда қазақша сөйлесең, эх… Олар да саған қызығып қарайтын еді әдемі есімнің иесі”, – деп жазды олар.

Бұдан өзге, Есентаеваның қызы танымал соджу алкогольді ішімдігін ішіп көргенін айтты.

Previous Кәмшат Жолдыбаеваның өнерін құрметтейтіндер одан теріс айналып кетті (фото)
Next Мұхтар Құл-Мұхаммед Алтынай Жорабаеваға қандай ұсыныс жасады?

Осыған ұқсас

Ақбота Керімбекова: «Үй саламын деп он бес келі салмақ тастадым»

– Ақбота, сұхбатымызды Еларна телеарнасында өткен  «Сынақ» жобасынан бастасақ. Бұл жобаға  қалай келдіңіз? – «Сынақ» жобасынан бұрын  мені Толқын Сейдоллақызы  «Фобия»  жобасына  шақырған болатын. Содан мен Толқынға айттым: « Толқын,

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды

Танымал әзілкеш, театр әртісі Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің барлық құпияларын айтып, көрерменге жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ. Жеке өмірінің бүге-шүгесін ол 31-арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді. 2014 жылы 33

Бибігүл Төлегенова: Қайрат пен Димаштың арасы жер мен көктей

Еліміздің сүйіктісі, қазақтың бұлбұлы саналатын Бибігүл Төлегенова Димаш пен Қайрат Нұртасты өзара салыстырып, екеуінің жер мен көктей айырмашылығы бар екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ. Бұдан бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртасты

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап