Мұхтар Құл-Мұхаммед Алтынай Жорабаеваға қандай ұсыныс жасады?
05.07.2017 1 пікір 9680 қаралды

Мұхтар Құл-Мұхаммед Алтынай Жорабаеваға қандай ұсыныс жасады?

«Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед күні кеше Астанада бірқатар ел азаматтарын партия қатарына қабылдады. Олардың арасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Алтынай Жорабаевада болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осы орайда Мұхтар Құл-Мұхаммед  Алтынайдың Instagram парақшасындағы 1,3 млн оқырманын партияға қалай тарту керектігін айтты.

Салтанатты шараның видеосын желіге Алтынай Жорабаева жүктеп қойған.

«Сіздердің әрқайсыңыздың, мысалы Алтынайдың Facebook, өзге де әлеуметтік желілердегі парақшасында ондаған мың досы бар. Сонда бізге бір адам мүше болу арқылы оның ар жағындағы он мың досы бірге келеді. Instagram-ға бір жақсы суретіңіз шығып кететін болса, онда бірнеше сағаттың ішінде бірнеше мың лайк.

Әне Алтынай 1, 3 млн оқырманым бар деп отыр. Біздің партияда осыншама мүше жоқ. Міне, осындай адамдарды қабылдау арқылы біз партиямыздың беделін арттырамыз», –  деді ол.

Previous Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым
Next Бхубанешварда жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті

Осыған ұқсас

Ринат Зайтов «Ninety one» тобына: Кімді мойындатсаңдар да қазақы болмыспен мойындатыңдар! (видео)

«Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан Ninety one тобын құрып, оған жетекшілік жасап жүр. Алайда, жас әншінің бұл бастамасы қоғам тарапынан біршама наразылыққа да тап болды. Ерболат құрған топты алғаш болып

Сырғалым телехикаясындағы Жұлдыз бен Шер Али өмірде ғашықтар ма?

Сырғалым телехикаясының басты рөлдерін сомдаған Жұлдыз бен Шер Али өмірде ғашықтар ма? 

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары (фото)

Жұлдыздардың балалары туралы ақпарат әрдайым сұраныста. Себебі, олардың әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы ата-аналарының жеке өмірі туралы мәлімет алуға болады, – деп хабарлайды stan.kz. Олай болса, белгілі оқу орындарында білім алып,

1 пікір жазылды

Жауап