Баян Есентаева туған қызын қытайлыққа тұрмысқа беруге қарсы еместігін мәлімдеді
14.07.2017 2 пікір 6636 қаралды

Баян Есентаева туған қызын қытайлыққа тұрмысқа беруге қарсы еместігін мәлімдеді

© youtube.com/ALIBEKOVKZ

Белгілі продюсер Баян Есентаева кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібековке ашық сұхбат берді. Қазақстандағы ең танымал әйелмен сұхбаттың видеосы YouTube желісінде пайда болды, – деп жазады tengrinews.kz.

«Сіздер Баянның неліктен әйелдердің күйеуіне қарап жүру керек деп кеңес бергенін, Қазақстанда тоқалдарды неге сыйлы екенін, депутат болғысы келе ме және бұрынғы күйеуінен шынымен де лайықты «сазайын алды ма» деген сұрақтардың жауаптарын білесіздер», – делінген роликтің жазбасында.

Сонымен қатар, Есентаева Әлібековке өзінің кітабы жайлы айтып берді, темекі шегетінін мойындады, ал Instagram желісіндегі парақшасында жарнама салу үшін миллион теңге сұрайтынын айтты. Парақшасында пікір қалдыру неліктен мүмкін еместігін түсіндірді.

«Егер менің орнымда басқа бір әйел болса, ол баяғыда асылып қалар еді немесе 11-ші қабаттан секіріп кетер еді», – деді продюсер.

«Мен біреудің күйеуін тартып алушы емеспін. Керісінше біреулердің күйеулері мені аңдып жүреді. Менің қызым қытайлықты, немісті, французды немесе қазақты сүйіп қалса… мен махаббатқа жақтаспын. Мен ешқашан ешқандай ақша үшін тоқал болмаймын. Facebook желісінде менің атымнан ашылған аккаунтты кім жүргізетінін білмеймін. Мені біреулердің аяғанын, есіркегенін қаламаймын. Әр кім өз еншісін алады. Мен өзімдікін алдым, мұндайды ешкім басынан өткергенін қаламаймын», – деді Баян Есентаева.

Previous Тоқтар Серіков өзін сатып кеткен жақын досы туралы ашық айтты
Next Нұржан Керманбаев: Халық мені «кап-карашка» деп атағанын қаламаймын

Осыған ұқсас

Жер мәселесінде жерге қарағандар енді елге ақыл айтуда…

Зиялы қауым өкілдері елді аптықпай, сабыр сақтауға шақырады деп хабарлайды Астана арнасы. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан түрлі хабарламаларда 21-де алаңға шығуға үндейтін шақыртулар байқалып жатыр. Сол себепті ұлтымыздың бетке

Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

Инвестициялар және даму министрі болған Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Әсет Өрентайұлы Исекешевті Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын,

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досы Тоқтар Серіковтің ел білмейтін қырларын жария етті

Бір ұстаздың тәрбиесін көріп, жастайынан бірге өскен Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бүгінде қазақ эстрадасындағы орны бөлек дара әншілерге айналды. Алғаш танысқан сәттен бастап-ақ олардың жұбы жазылған емес. Балалық шақтары,

2 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Шілде 16, 22:38 Reply
    Осыдан сухбат алып, китабын сатып алып жургендер акымак па дейм. Елден ерекше тарбиеси болса, улгили отбасы, отанасы болса, бир жон. Несине кызыгады, несине кумартады? Ана тилинде сойлемейтини оз алдына.
  2. нурсулу
    Тамыз 16, 11:18 Reply
    Бере гой,егер озинеде усынвс келип турса озинде тиип алсан болады,бакытты болындар

Жауап