Ақан Сатаевтың әйелі жат ағымның жетегінде кетіп, баласын тозақпен қорқытқанын айтты

Ақан Сатаевтың әйелі жат ағымның жетегінде кетіп, баласын тозақпен қорқытқанын айтты

Елімізге танымал режиссер Ақан Сатаевтың жары Нәзира Бақаева ертеректе өзінің дінді өте қатты ұстанып, қара жамылып, бет-аузын тұмшалағанын айтып берді. Жас кезінде кино мен клиптерге түсіп жүрген заманауи әйел аяқ астынан үйдегі барлық ойыншықтар мен суреттердің көзін жойып, кішкентай баласын тозақ отымен қорқытып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

«Күтпеген жерден туған-туыстардың көзінше адам шошырлықтай өзгеріп кеткенім соншалық, үйдегі кітаптар мен ойыншықтарды лақтырып, картиналардың көзін шұқып, статуэткаларды сындырдым. Ол заттардың бәрі біздің ата-аналарымызға тиесілі еді. Кейіннен олар маған: «Сендердің исламдарың өзгенің мүлкінің көзін жойып, үлкендерді тыңдамау ма?!», – деді. Мен дін фанатына айналдым», –  деп жазады Нәзира желідегі парақшасында.

Ол өзінің кішкентай  баласын әр қадам сайын тозақ отымен үрейлендіргенін де жасырған жоқ.

«Балама бір нәрселер үйретуден қалдым. Керісінше оған сүре, хадис пен Сира тарихын, намаз үйрете бастадым. Әр қадамында тозақ отымен үрейлендірдім. Кішкентай баланы! Аулада балалармен ойнауды доғардық. Балам өз Жаратушысын қуаныш, махаббат, үмітпен танудың орнына қатты қорқып қалған болды.

Туған-туыстармен араласуды қойдық. Бір кездері мен бөтен еркектерді көрмеу үшін үйге келген қонақтармен амандасуға шықпайтынмын. Шай құйып, дәм бермейтінмін. Көршілеріммен амандаспай, жатын бөлмемде отыратынмын. Оңға қарамайын – харам, солға қарамайын – харам! Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба?!»,-дейді режиссердің жары.

Кейіпкеріміз өзінің осындай әрекетіне туған-туыстары мен күйеуінің, ата-енесінің қалай шыдағанына таңғалуда.

«Мұндай бассыздықты әйеліңнен, туған қызыңнан, келініңнен көріп, оған шыдау қандай болды екен?! Аллаға шүкір, менің жақындарым шыдамды әрі мейірімді болды», – дейді Нәзира.

«Болған жәйтті мен «ойсыз, көзсіз табынушылық ұстамасы» деп ойлаймын. Миың жұмыс істеуін тоқтатқанда сен өзің түсінбейтін нәрсенің жетегінде кетіп, өзіңе-өзің тиесілі болудан қаласың. Ақиқатында біз тек жаратушыға ғана тиесіліміз және соған қайтамыз! Бірақ, көпшілік бұл өмірді Жаратушы бізге есеп беретін өлім бар екен деп оны жабырқай күту үшін емес,  уақытша қолдануға бергенін ұмытып кетеді», – дейді Сатаевтың жары.

Нәзира осы күнге дейін бес уақыт намазын оқып, орамал тағады.  Ол өткен өмірінде өзіне түсіністік танытқан барша жақындары мен күйеуіне алғыс білдіреді. Еске сала кетейік, Нәзира Бақаева жас күнінде Мейрамбек Беспаевпен бірге «Алғашқы махаббат» фильміне түскен болатын.

Previous Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған
Next Назарбаев Қайрат Нұртасты не үшін шұғыл шақыртып алды?

Осыған ұқсас

21 мамыр күні елімізде 1000 астам адам тұтқындалған

Үкімет жанындағы Жер комиссиясы құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан 21 мамыр күні республика бойынша мыңнан астам адам ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды. Құқықтық топтың алғашқы отырысынан соң журналистерге топ

Арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары басынан кешкен сұмдықтарын айтып берді

Араб ұлтына тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар басынан өткерген сұмдық оқиғаларын ашып айтып берді. Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды. Талдықорғандық 29 жастағы Дарина есімді келіншек Араб еліне қомақты қаржы табу үшін аттанған. Сол елде жүріп бақуатты

Сәкен Майғазиев: Димаш “Музарт” тобынан да асып түсті

Сәкен Майғазиев бір кездері Димаш Құдайбергеновке айтқан ағалық ақылын еске алды. Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды. “Айналайын бауырым, бір жаққа кетші. Мына мүмкіндігіңмен, төрт актавалық диапозоныңмен саған

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап