Жалған лотерея “ойнатқан” Динара Сәтжан ел алдында масқара болды (видео)
15.08.2017 3 пікір 7434 қаралды

Жалған лотерея “ойнатқан” Динара Сәтжан ел алдында масқара болды (видео)

Желіде танымал тележүргізуші әрі “Қазақстан” арнасы басшысының кеңесшісі Динара Сәтжанның лотерея ойынын жүргізіп тұрған видеосы қып-қызыл дауға себеп болды. Себебі ел ұтыстың әділ ойнатылғанына күмән келтіріп қалды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Видео бойынша, Динара Сәтжан арнайы ыдыстың ішінен нөмір алып шығады. Артынша қасындағы серігіне, яғни сиқыршыға береді. Ал ол өз кезегінде Сәтжаннан нөмірді сол қолымен алып, оң қолымен береді. Желідегілердің пікірінше, сиқыршы сол аралықта нөмірді ауыстырып үлгерген.

“Сұмдық”, “Алдағаны көрініп тұр ғой”, “Масқара, сиқыршының өзі қобалжып кетті, ұсталып қаламын деп қорыққан ғой”, “Ел алдында жүрген тұлғалар мұндайға қалай келіседі”, – деп сынады желі оқырмандары.

Ал Динара өз кезегінде ойынның әділ өткенін, сиқыршының өзіне PR жасау мақсатында солай жасауы мүмкін екенін айтып ақталды. Сондай-ақ, ұтыс үшін жауап бермейтінін, бар болғаны кеш жүргізушісі екенін мәлімдеді.

Тележүргізушінің айтуынша, Қарағандында жұмыс істейтін тон салоны Астанада өз дүкенін ашқан. Сәтжан аталған дүкен иесінің адал азамат екенін және дүкеннің 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын алға тартты.

Previous Желіде Аша Матайдың күйеуінің бейтаныс қызбен жүрген суреті тарап кетті (фото)
Next Сахнаға іш киіммен шыққан қазақ қыздары көпшіліктің сынына ұшырады (фото)

Осыған ұқсас

Мақпал Жүнісованың сұқбаты (толық нұсқа)

Алдап-арбаушылардың тұзағына түсіп қалып жүрмін – Мақпал апай, биыл сахнада жүргеніңізге 35 жыл. Осы орайда наурыз мерекесінде концерт беретініңізді естіген едік. Алайда концерт мерзімі сәуірге ауыстырылыпты… – Иә. Оған бір

Аружан Жазылбекова ресейлік «Золотая Орда» сериалына түседі

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова «Бірінші арнадағы» жаңа жобалардың бірі «Золотая Орда» сериалында басты рольдердің бірінде ойнайды. Айта кетейік, 16 сериялы фильмнің түсірілімі Ресейде басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үлкен деңгейлі жобаның 2017

Отандық «16 қыз» фильмінің алғашқы аптадағы табысы белгілі болды

   Режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильм прокатқа 3 наурызда шыққан еді. Алғашқы аптада

3 пікір жазылған

  1. Нурсулу
    Тамыз 16, 11:08 Reply
    Карапайым халыкты алдауды коймадыныздар гой,адамдар оны умиттенип ойнайды,олар ушин лотарея ойнап жаткан халык адам курлы болмай турма,уялмай содан тускен сонша акшаны алып отыра бермекпа,уят екен.
  2. Қолқоюсыз
    Қаңтар 11, 11:25 Reply
    Бұларға сөз жоқ қой өз өтіріктеріне өздері сеніп жүре берсін азғандар

Жауап