Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова жаңа ата-енесімен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтты
28.08.2017 2 пікір 12739 қаралды

Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова жаңа ата-енесімен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жуырда үшінші мәрте тұрмысқа шығып, өмірінің жаңа белесіне аяқ басты. Екі рет некесі сәтсіз болған әнші, қайта шаңырақ көтеріп, жарымен бал айына да барып келді. Алайда оны сынап, үш баласы бола тұра тұрмысқа шыққаны үшін сөккендер аз болмады. Елдің сөзіне мән бермеген әнші неліктен тағы да отбасын құрғаны жөнінде кеңінен баяндап берді.

Бұл жолы ол «Жұлдыз ТВ» арнасына сұхбат беріп, өзін сөккендерге жауап берді

«Жеке өмірімді айтқым келмейді. Бақыт деген тыныштықты жақсы көреді. Әркімнің өмірі, тыныштығы, әркімге өзіне. Әлеуметтік желіде біраз шулап, біразы анау деді, мынау деді. Бірақ еріккенімнен, күйеуге шыққым келіп шығып жатқан жоқ.

Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан ғой. Көңіліміз он сегіз болса да, жасымыз қырыққа келгені өтірік емес. Барар жерің болады, ортаң болады. Сол кезде сүйенішің, тіреуің жүрсе, үйде ер-азаматтың жүргені жақсы ғой. Балаларға айта алмайтын нәрселер болады, сол кезде азаматың болса, ақылың айтып, сүйеп отырса. Кім болса да, әр адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын», – деді ол.

«Жоқ сәлем салып, орамал тақпаймын. Ол кісілер Орал жақтың кісілері. Орысшалау кісілер. О бастан мені жұлдыз деп қабылдады. Ол кісілерге де қуаныш болды деп ойлаймын. Қазір «Бота, Боташ» деп отырады», – дейді ол.

Дереккөз: Nur.kz

Previous Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты
Next Ерке Есмаханның масқарасы шықты (видео)

Осыған ұқсас

Заттыбек Көпбосынұлы, әнші, сазгер: Сахнаға кеш шыққаныма өкінбеймін

– Оңтүстік жұрты өзіңізге «Тойдың королі» деген құрметті атақты әлдеқашан-ақ беріп қойған. Сіздің әніңізсіз бір той өтпейді. Әсіресе «Ақ маржансыз»… «Жұлдыз ауруына» шалдығып қалған жоқсыз ба? – Расында көңілді әндерді

Баян Есентаеваның сүйіктісі де оның көзіне шөп салған болып шықты

2016 жылдың 10 маусымында болған оқиғадан кейін Баян Есентаеваның жеке өмірі жалпақ жұртқа жария болды. Оның өз сөзімен айтқанда, жеке өмірі жеке болудан қалды. Ел арасында түрлі әңгіме өрбіген соң,

Алагөзова болғым келеді. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тұңғыш сұхбаты

Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Есентаева. © Владимир Дмитриев Баян Есентаева туралы жаңалықтар жұрттың назарынсыз қалмайды. Оның жеке өмірі миллиондаған адамның назарында. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп tengrinews.kz порталына берген

2 пікір жазылған

  1. Жазира
    Тамыз 28, 19:10 Reply
    Бақытты болыңдар! Енді өзі секілді сұлу қыз алып келсін жарық дүниеге!

Жауап