Майғазиевтің жары: Сәкенге жас қыздар қарайды, мен үйден оны соған лайықты баптап шығарып саламын (фото)

Майғазиевтің жары: Сәкенге жас қыздар қарайды, мен үйден оны соған лайықты баптап шығарып саламын (фото)

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім: Сәкен Майғазиев жаңа клипін қиын кездерде қолдау көрсеткен жұбайына арнады.

жүрек6

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім! Жақында ғана дәл осы әнге бейнебаян таспалаған Сәкен Майғазиев кезекті клипін жұбайына арнағанын айтады. Тіпті тың туындыда жары Динара да бой көрсетеді.

Қос ғашықтың өмірін суреттейтін тректің сөзін Жарас Сәрсек өрнектесе, сазын Айүл Бажанова жазған. Ал, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жарасымды жұптан жаңа клиптің сюжеті жайлы сұраған едік.

жүрек5

«Алдыңғы аға толқынды бейнебаянымызға қостық және сол әдемі үрдіс, ұрпақтар сабақтастығы бізбен жалғасады. Бізбен тоқтап қалмасын, ары қарай осы махаббат жалғассын деген ниетпен, бізден кейін тағы бір әлі қосылмаған жарасымды жас жұпты клипке түсірдік», – дейді Сәкен жаңа клип жайлы.

 

жүрек

Сәкен, бұл бейнебаян арқылы жұбайына деген алғысының шексіз екенін жеткізгісі келген. Өйткені, өнер иесін әрдайым қолдауда Динара ханым қол қусырып қалмайтынын айтады.

«Сәкен, саған қаншама жас қыздар қарайды, қаншама сұлулар қарайды. Сол кезде сен «лайықты» болып тұру керексің деп керісінше баптап, қанаттандырып үйден шығарып саламын»,- дейді Сәкеннің жұбайы Динара.

 

жүрек2

Сондай-ақ, 20 жыл бойы бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен үлгілі отбасы осы уақытқа дейін түрлі қиындықтарды да бастан кешкендерін айтады.

 

жүрек3

«Екеуімізде студент болдық. Дүңгіршекте жұмыс істеп, нан сатып, нәпақамызды таптық. Кірпіш зауытында жұмыс жасауыма тура келді. Күзетшілік жұмысқа да кеттім. Ең бастысы аяғымды аспанға көтеріп, көрінгенді сынап жатқан жоқпын» – дейді өткен күндерін есіне алған Сәкен Майғазиев.

 

жүрек4

Ал, жарасымды жұптың «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты жаңа бейнебаяны жақын күндері қалың көпшілікке ұсыналатын болады.

Previous ЖОҒАРЫ балл жинаған ТАЛАПКЕРЛЕР ЖОЛДА қала бере ме? Елбасыға Ашық хат
Next Ұят-ай! "Алло" әнін жанды дауыспен айтқан Төреғали мен Ерке масқара болды (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

З. Батталова: Комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды

Қоғам белсендісі Зәуреш Батталова Жер туралы комиссия мүшелеріне шарт қойды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. «Қазіргі кездегі комиссияның жұмыс істеу тәртібіне көңілім толмайды. Ондағы жеті-сегіз адамнан басқа комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды. Премьердің

Мақпал ЖҮНІСОВА: Кең байтақ қазақ жерінде қазақтарға жер жетпей жатқандығы қатты алаңдатады…

   Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мақпал Жүнісованың өнер жолында жүргеніне биыл 35 жыл. Осыған орай өнер иесі еліміздің бірқатар қалаларын аралап, өзінің жеке ән кешін өткізіпүлгерді. Қазіргі

Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты

Тоқтар Серіков кезінде Бейбіт Сейдуалиеваға көзі түскен белді тұлғалар жайында айтып берді. Оның Бейбітке үйленуінің бірінші себебі – оған деген сезімі болса, екінші себебі – оның тағдырына алаңдаушылығы. Бұл туралы

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап