Жұлдыз Өмірғали отбасылы Айқынға ұл тауып берді
09.09.2017 1 пікір 17192 қаралды

Жұлдыз Өмірғали отбасылы Айқынға ұл тауып берді

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің ата-ана атанғаны туралы жаңалық жұртты дүр сілкіндірді. Бұған дейін қос өнерпаздың көңіл қосқанына сенер-сенбесін білмеген жұрт бұл жаңалықты естіп тіптен есеңгіреп қалды. Желідегі оқырмандардың бір тобы отбасылы азаматқа ұл тауып берген Жұлдызды сынап жатса, екіншілері бұл ақпарат жалған деп журналистерді қаралап жатыр, деп жазады Stan.kz.

Алайда Айқын мен Жұлдыздың ата-ана атанғаны шындық. Бұл ақпаратты әншінің әріптестері де растап отыр. Мәселен, аузын ашса жүрегі көрінетін Нұрлан Еспанов 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Айқынның ұлды болғанын растап, әріптесін қуанышымен құттықтады.

“Айқын досымды бүгін құттықтаймын. Айқын өзім жақсы көретін інілерімнің бірі. Нұреке деп хабарласып тұрады, мен жалпы оның адамгершілігін өзім қатты құрметтеймін. Ондай жігіттің ұлы болашақта танымал азамат болады деген сенімдемін. Бүгін құттықтаймын, Құдай қаласа. Айқын, кішкентайың құтты болсын, бауы берік болсын, үлкен азамат болсын”, – дейді Нұрлан Еспанов.

Previous Ерке Есмаханға қатысты шындық белгілі болды
Next Қайрат Нұртастың әйелі еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін жария етті (фото, видео)

Осыған ұқсас

Мақпал Жүнісова бір шоқ гүлмен кешірім сұрап келген Оразымбетовадан теріс айналды

Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына Гүлнұр Оразымбетоваға ренішін білдіріп, жазба қалдырған болатын. Оразымбетова әншінің ренішін естіп, бір шоқ гүлмен кешірім сұрап келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы muzzone.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ол өзінің жазбасында

Елбасы Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

НЬЮ-ЙОРК – АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 2014 жылы 26 шілдеде  австралиялық Дэниэл Гилмен өтетін жекпе-жекте жеңіс тіледі.Бұл туралы  ҚазАқпаратқа Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы

Қазақстан шоу-бизнесінің өкілдері Жаңа жылды қалай қарсы алды? (фото, видео)

Көзді ашып-жұмғанша 2015 жыл зымырап өтіп, 2016 жыл есіктен кірді. Еліміздің абыройын шетелдерде асқақтатып, қазақ өнерінің дамуына өздерінің үлестерін қосып жүрген отандық жұлдыздар жаңа жылды қалай, кіммен қарсы алғанын Baq.kz

1 пікір жазылды

  1. Уелз
    Қыркүйек 11, 00:04 Reply
    Улды Жулдыз туып берди демеген шгар

Жауап