Ділназ Ахмадиева желіде «ұйғырсың» деп тиіскен тыңдарманын сотқа бермек
29.09.2017 4 пікір 11714 қаралды

Ділназ Ахмадиева желіде «ұйғырсың» деп тиіскен тыңдарманын сотқа бермек

Ділназ Ахмадиева Instagram парақшасында өзінің ұлтына байланысты жеке басына тіл тигізген оқырманын сотқа беретінін айтты. Әнші мұндай жайттың бұған дейін талай мәрте орын алғанын айтып ашынды.

«Мейірімді жандар, айтыңдаршы! Осындай адамдар қашанға дейін біздің елімізді масқаралай береді? Қанша шыдауға болады? Мен Қазақстанда, көпұлтты елде, бейбіт аспанда туылған адаммын. Әлі күнге дейін осында өсіп-өркендеп, өмір сүрудемін!  Кімге менің «ұлтым» кедергі келтіріп жүр? Не деген адамсыңдар? Сендердің еліміз үшін еш еңбектерің сіңген емес, тағы келіп республикамыздың мәдениетін өркендетіп жүрген жандарға тіл тигізесіңдер. Маған олардың деңгейіне түспеуді айтудың қажеті жоқ!»,- деп жазған ол.

Ділназ Ахмадиева желіде "ұйғырсың" деп тиіскен тыңдарманын сотқа бермекСондай-ақ, Ділназ реніштен жылағысы келіп отырғанын және аталған жандарды сотқа беретінін де айтты.

«Ренжігенім соншалық, жылағым келіп отыр. Неге мұндай адамдар менің, басқалардың ұлтын қорлауға жол береді? Кім оларға ондай құқық берді? Мен сотқа беремін! Бұл бірінші рет болып жатқан жоқ.  Олармен бетпе-бет кездескенде аянышты болып кетеді. Олар өздерінің күштерін жоғалтып, ата-анасынан, күйеуінен, әйелі мен басқалардан қорқатын аянышты адамдарға айналады. Бірақ, мен өз күресімді жалғастырамын. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар! Мұндай жағдайда ол үнемі менің жағымда»,- деп жазған әнші.

Previous Сахнаға ұлын алып шыққан Ерке Есмахан жұртты сүйсіндірді (видео)
Next Төсі ашық көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы сынға қалды (ФОТО)

Осыған ұқсас

«Сырғалым-2» телехикаясын түсірушілер БАҚ өкілдерімен кездесті

24 маусым күні«Қазақфильм» кинокомпаниясының аумағындағы, «Бірінші қазақстандық киноакадемиясының»  қонақтарға арналған залында  (или просто холында ) «Сырғалым-2»: Қазақстандық тележобалардың жаңа үлгісі» атты кездесу (пресс-конференциясы) өтті БАҚ өкілдері үлкен қызығушылыққа ие болып отырған

Аида Боранбай тұрмысқа шықты

«Информбюроның» жүргізуші-корреспонденті Аида Боранбайды ұзату тойымен құттықтаймыз! Аида, қадамыңа гүл бітсін! Барған жеріңе тастай батып, судай сің!

МАНХЭТТЕНДЕ ЛЮКС САНАТЫНДАҒЫ КИІЗ ҮЙ ПАЙДА БОЛДЫ

Манхэттенде  бір күн түнеп шығу құны екі мың доллар тұратын люкс санатындағы  киіз үй  салынды. Бұл дегеніміз элиталық қонақүйдің номерінен әлдеқайда қымбатырақ, — деп хабарлайдыpavlodarnews.kz. Мұның басты себебі, бұл қонақүй Орта

4 пікір жазылған

  1. Омарбек
    Қыркүйек 29, 13:50 Reply
    Сонда бұл келіншек өз ұлты ұйғыр болғанына ұялып жүр ме?
  2. Төрінен орын бергенҚазақтың басына шығуыңа сенің де хақын жоқ, сұхбаттарыңдағы қазақ болғаннан құдай сақтасын, қазақ тілін не қылам дегендерің үшін сені де сотқа беру керек, Қазақ саған басына беретін өлез халық па еді, уйгыр екнің өтірік па, ешқашан қазақ бола алмайсың, сен ұйғырсың, елдің бәрі сені ұнату керек пе еді, сен бізге де мүлдем мүлдем ұнамайсың
  3. ЖАНАРГУЛ
    Қыркүйек 30, 19:05 Reply
    Мен Дильназ Ахмадиевага катты кызыгам ози сондай сулу жане салмакты ыстайды. Шынымды айтсам кызымнын есиминде Дильназ деп койдым. Сол ДИЛЬНАЗ Ахмадиева сиякты адеми салмакты анши болсын деп тиледим. ДИЛЬНАЗГА тил тигизгендерге айтарым; сендерге оздери келип тисип жаткан жок, жон жосыксыз ауыздарына келген жагымсыз создерди жазасындар сол кезде сиздердин создеринизди кози ашык кокиреги ояу мейримди адам окыса, о тоба тарбиесиз адам екен мына созди жазган диди. Сонда создин тупки нуктеси ата- аналарына тиеди. Сендерге биреуди кекетип мукатып кулиндер деп тарбиелемеген шыгар. СОНДЫКТАН ЖОН- ЖОСЫКСЫЗ БИРЕУГЕ ТИЛ ТИГИЗЕР АЛДЫНДА АТА АНАЛАРЫНДЫ ОЙЛАНДАР ЖАНЕ ТИЛДЕРИНЕ ИЕ БОЛЫНДАР.
  4. Бір бала
    Қараша 05, 21:16 Reply
    Ойыңыз...Өз ұлтын жасырганы несі.Қазақстанның өнеріне үлесімді қостым дейді гой қандай еңбегің сіңіп еді бәрін ақшамен шешіп жүр емеспе.Сенсіз де өзіміздікілер жетер.

Жауап