Қырғызстанның жаңа президентінің қызы әдемілігімен елді тәнті етті (ФОТО)

Қырғызстанның жаңа президентінің қызы әдемілігімен елді тәнті етті (ФОТО)

Жаңа сайланған Қырғызстан президентінің отбасы жайлы қызық ақпараттар Қазнетте таралуда. Кaktus.media порталының мәліметі бойынша, Сооронбай Жээнбеков еңбек жолын 1976 жылы орыс тілінің мұғалімі болып бастап, 1996 жылы саяси қызметке кіріскен, – деп жазады caravan.kz.

«Үш рет Жогорку Кенеш депутаты және ауыл шаруашылығы министрі болды. 2010 жылдан кейін Ош облысын басқарды. Мемлекеттік кадр қызметі басшысының орынбасары, президент аппаратының жетекшісі болды. 2016 жылдың сәуірінен биылғы тамызға дейін үкімет басшысы. Кейін ол президент сайлауында үміткер болды», – деп жазыпты портал.

Жээнбековтің жұбайының аты – Айгүл. Мамандығы белгісіз, үй шаруасында. Қызы Бақтыгүл Қырғыз-Ресей Славян университетінде білім алуда. Былтыр тұрмысқа шыққан. Күйеу баласы – депутат Алиярбек Абжалиевтың ұлы – Атабек. Жээнбековтың Әлиасқар есімді бір немересі бар.

Ал Жээнбеквотің қызы Бақтыгүлдің сұлулығы туралы әлеуметтік желілерде көп жазылып жатыр.

Жээнбековтың жұбайы мен қызы
Жээнбековтың жұбайы мен қызы

«Інісі Асылбек Жээнбеков (53 жаста) V шақырылымдағы Жогрку Кенештің спикері болған. Қазір ҚСДП фракциясының депутаты. 2016 жылы Сооронбай үкімет басшысы болғандықтан інісі төраға орнын босатуы керек болды. Өз билігі кезінде парламент ғимаратында намазхана ашқанымен есте қалған. Әулетінде ең кіші болғанымен беделі артық», – деп жазады портал.

Асылбек Жээнбеков
Асылбек Жээнбеков

Табыс декларациясы бойынша, Жээнбеков былтыр 870 мың 1 сом табыс көрген. Сонымен бірге, ол ауданы 160 шаршы метр үйі, 60 шаршы метр саяжайы және 48,04 гектар шаруашылық жері барын көрсеткен. «1 700 түп алма ағашы бар, екі мың терек пен вагон-үйі және МТЗ-80 тракторы бар. Ал Жээнбековтің туыстары айтарлықтай көп табыс көрген – 2,4 миллион доллар. Олардың басында 64 шаршы метр пәтер мен он гектар ауылшаруашылық жерлері бар. Былтырғы декларациясында оның 66,6 гектар жайылым жері көрсетілген. Декларация бойынша, жайылым жерлер жекеменшік емес, 2015 жылы жалға алынғаны белгілі болды. Қазір бұл жерлер оның иелігінде емес», – деп атап өтіпті басылым.

Previous Фонограммасыз концерт берген Төреғалидың дауысы шықпай қалды (видео)
Next "Ислам мемлекетінің" содырлары Филипп Киркоровты жарып жібермекші болған

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртастың әйелі еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін жария етті (фото, видео)

Қайрат Нұртас өзінің жұбайы түскен «Үміт үзбе» деп аталатын бейнеклипін жариялағалы бері оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова да желіде жеке парақша ашты. Бұл туралы  NUR.KZ хабарлайды. Ал отандық жұлдыздар болса елді қанша

Мақпал Жүнісова: Мерей маған тұрмысқа шығуға рұқсат берді

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісованы кәрі де, жас та ерекше бағалайды. Өйткені, аңқылдап жүретін әнші – үнемі шынайы. Ешқашан біреуге жағымпазданбайтын Мәкең көңіліне жақпаған дүниені тік айтамын деп «кей адамдарға»

Өнердегі «кәрі қыздардың» мұңы не? (видео)

Қазақ эстрадасының жұлдыздарының бірқатары әлі тұрмыс құрмаған. Олардың бірқатарымен 31-арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» жобасы сыр шертісіпті. Гауһар Әлімбекова, әнші: – Туу, менің осы тұрмысқа шықпағаным бәріне проблема болды. Расымен де. Әркімнің

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап