«Зәкеңнің аруағы кешірмейді»: Мақпал Жүнісова неге екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты
31.10.2017 1 пікір 11737 қаралды

«Зәкеңнің аруағы кешірмейді»: Мақпал Жүнісова неге екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты

Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовтен айырылып қалған соң өмірден баз кешкісі келген. Халық әртісі сол шақта жаман әдеттерге бой алдырғанын жасырмайды. Алайда бұл күндері Мақпал Мұхамедиярқызы өзіне кесірі тиген әрекеттерге барғанына өкінеді.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова Zhuldyz.tv арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Денсаулығыма да зиян тигізіп алдым. Бірақ өзімді өзім тез жинап алдым”, – деген Мақпал Жүнісова бар қиындықты анасының арқасында жеңгенін айтады.

“Шешемнің сөзі жаныма батты. Ең жақын адамың анаң ғой. Біраз нәрсені тыйдырып айтты. Сен Халық әртісісің, халықтың алдында жауаптысың. Ана қызыңды кім асырайды?” – деді. “Сіз асырайсыз. 13 құрсақ көтердіңіз, менің де қызымды асырап беріңіз. Бүкіл әншілер солай ғой, балаларын шешелеріне тастап, өздері қаңғырып жүр ғой. Неге менің қызымды бағып бермейсіңдер? Мен сендерді өмір бақи бағып отырмын”, – дедім мен де тигізіп. Менің әкем ерте қайтты. Сондықтан бауырларымның бәрін көтерген мен. Тапқан-таянғанымның бәрін соларға жібердім, оны ашық айта аламын. Одан кейін Зәкең қосылды. Зәкең де бәріне бір-бір үй салып, көлік алып берді.

Сосын анам: “Қартайған шағымда неге маған жүк салып отырсың? Өзің асыра, мен ешкімді де асырамаймын. Зәкеңнің әруағы да кешірмейді сені, қыздың обалына қаласың”, – деді. Содан кейін есімді жидым”, – деп еске алды Мақпал Мұхамедиярқызы.

Халық әртісі кей-кездері махаббатты аңсайтынын жасырмады. Алайда анасының шегелеп тұрып сөзін еске алғанда сезімді екінші орынға шегеретінін айтты.

“Баяғыда Зәкең айтушы еді: “Күн сияқты адамдарға қатты жақындама, қанатыңды күйдіріп аласың”,- деп. Өмірімді кішкене басқаша қылып өзгерткім келеді. Күйеуге шығайын деп жатқан жоқпын, ешкім құда түскен жоқ. Шын ғой, біреулер ойлайды ғой: “Мына қыз біреумен жүретін шығар, күйеуге шығып кеткен шығар, неге үндемейді”,- деп. Өзім шешеме тартқанмын, мені де солай шегелеп тастады ғой. Шешем өзі 47 жасында жесір қалған, мен де сол шамалас қалдым ғой. Әкеміз қайтқан кезде кенже қызымыз 4 жаста болатын, содан кейін анам ешкімге көзін сүзбеді, ешкіммен жүрмеді. Соны айтады қазір: “Әй, өлген жоқпыз ғой, сексенге келдік”,-деп.

Дәрігерлер маған : “Сіз күйеуге шығу керексіз, табиғаттың заңын бұзып жатсыз. Ер адаммен тұру керексіз”, – деп айтады. Сол жайында дәрігерлер айтып жатыр осылай деп анама айтқанмын. Сөйтсем ол кісі: “Басты қатырмасыншы дәрігерлер! Өлген жоқпыз ғой, 80-ге толдық міне еркек көрмей-ақ. Ана Мерейді өсір! Күйеуге шыққан несі?” – деп шегелеп айтып тастады. Шешем сөйтіп айтқан соң ұялдық. Осыдан кейін тұрмыс құру туралы тақырыпты жауып қойдық, ешкім де маған құда түскен жоқ. Адам баласы болған соң ойлап қоясың анда-санда. Махаббат туралы кино көрген кезде, қыз бен жігіт қатар отырып, сүйісіп отырса есіңе түсіп кетеді. Бірақ өзімді бірден жинап аламын, шешемнің сөзі есіме түседі”,- дейді Мақпал Жүнісова.

Previous Қайрат Нұртастың әйелі осы күнге дейін бәріне қалай төзіп келгенін жасырмай айтты
Next Қайрат Нұртас қайда туылған және қарақалпақ екені рас па?

Осыған ұқсас

Актер Азат Сейтметов Оңтүстік Корея фестивалінде “үздік актер” атанды

Қазақстандық актер Азат Сейтметов Пусан халықаралық кинофестивалінде «жылдың үздік актері» деп танылды. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының баспасөз қызметі хабарлады. “Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальде

«Толық Тәуелсіздік үлкен қатер» деп мәлімдеген Олжас Сүлейменов «Еңбек Ері» атанды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Қазақстан президентінің

Отандық «16 қыз» фильмінің алғашқы аптадағы табысы белгілі болды

   Режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильм прокатқа 3 наурызда шыққан еді. Алғашқы аптада

1 пікір жазылды

  1. Бир бала
    Қараша 10, 23:44 Reply
    Ойыңыз...Осының күйеуге шықпағаны жыр болды гой.

Жауап