Балғынбек Имашев Атамбаевты «Оңбаған» деп атады (ВИДЕО)

Балғынбек Имашев Атамбаевты «Оңбаған» деп атады (ВИДЕО)

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев елбасыдан кешірім сұрап екі елді жарастырғысы келген қырғыз ақыны Жеңишбек Жумакадырға өлең арнады.

Қазақтың бар ғой нарқында,
Қырғыздың бар ғой салтында.
Інісі қойса еркелеп,
Ағасы қояды кешіріп,
Құшағын жайып келсе деп…”, – деп жырлаған-ды қырғыз ақыны.

Балғынбек Имашев та бұл жағдайдан сырт қалмай, Жеңишбекке өз жауабын қайтарды.

«Ассалаумағалейкум! Қырғыз-қазақ бір туған,
Армысың, досым Жеңішбек, топқа да салса жұлқынған.
Нұрағамызға сөз арнап елдестірмекке ұмтылған.
Елбасымызды мақтаса, сөз қала ма ұртыңнан
Атамбаев ағаңыз Бішкекте жатып бұлқынған
Көзімше әке-көкелеп, ақсақалым деп мәпелеп,
Сөккені алай сыртымнан.
Тағынан түсер алдында айыбын жуып кетме ме,
Кешірім сұрап ұлтынан.
Бір ауыз сөз түзейді қатынасымды құртылған.
Бір ауыз сөз емдейді қанатымызды қырқылған.
Көршінің хақын білетін, тілеуін тілеп жүретін
Елбасым еді дүр тұлғам.
Ақсақалымды сыйламай сақалдан алды Алмазбек,
Алыстап әдет-ғұрпымнан», – деп бастады Балғынбек Имашев сөзін.

Previous Абай Бегей атышулы Әбдіғаппар Смановтың уағыздарын тыңдайтынын айтты
Next Салтанат Бақаева: Жас кезімде ешқашан шымкенттікке тұрмысқа шықпаймын дейтінмін

Осыған ұқсас

Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ, тележүргізуші: ӨЗІМДІ КЕРЕМЕТ ЖУРНАЛИСТПІН ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН

– Ләйлә Сұлтанқызы, кітаптың «Менің екінші кітабым» аталуының сыры неде? – Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деген сөз тектен текке айтылмаған ғой. Қыз баласы ретінде маған да отбасында тыйым салынған

Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

Инвестициялар және даму министрі болған Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Әсет Өрентайұлы Исекешевті Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын,

АСТАНАДА ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВАНЫҢ ЖЕКЕ ӘН КЕШІ ӨТТІ

Кеше Астана қаласында әнші Гүлнұр Оразымбетованың «Айналайын Атамекен — ақ мекен» атты шығармашылық концерті өтті. Гүлнұр өнер кешін өзін қазақ халқына танымал еткен  Р.Таймановтың «Қорқыт-қобыз» әнімен ашып, «Домбыра үні» әнімен

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап