Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз
09.11.2017 4 пікір 7325 қаралды

Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов елімізде “Зың-зың” сияқты мағынасыз әндердің көбейіп кеткеніне күйінді. Шахановтың айтуынша, қазақ эстрадасында арзан әуенге әуес, атаққұмар әншілер көбейген. Бұл ретте елдің болашағын ойлап жатқан ешкім жоқ деп назданды ол.

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Біз жұрттың талғамын нашарлатып, әлсіретіп алдық. Түкке тұрғысыз әншілер жұлқынып кеп әндерді орындайды, не мағына жоқ, не мазмұн жоқ. Сөзін де өздері жаза салған. Соларға үлкен жиындарда отырған кемпір-шалдарға дейін қол соғып отырады”, – деп ессіз әншілер мен ессіз тыңдармандарға деген өкпесін жеткізді Шаханов.

“Кезінде Гитлерден: “Шығыс жақтан жаулап алған елдерге қандай саясат қолданамыз?”, – деп сұраған. Сонда Гитлер: “Оларға ертеден кешке дейін музыка қойып қою керек, кітап оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек. Өйткені адам неғұрлым рухани жағынан саяз болса, соғұрлым өзін бақсы сезінеді”, – деген. Қазір сол Гитлердің арманы бүкіл әлемде іске асты”, – деп түсіндірді Халық жазушысы.

Шахановтың пікірін өнер иелері де қоштай түсті.

“Ол кісіге ренжуге болмайды. Оны дұрыс түсіну керек. Халықтың талғамы сол деңгейде болса, көп жастардың деңгейіне түспей, Мұхтар Шахановтың деңгейіндегі әндер орындалатын болса, қанеки?!” – деп атап өтті Төреғали Төреәлі

“Оны айтуын айтасың, бірақ тыңдалмаған сөз жетім дейді ғой. Айтқанымызбен, біз туралай салатын нәрсе емес ол”, – деп қоштады “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев.

Ал “Шудың бойында” атты жеңіл әнімен танылып, артынша “Зың-зыңға” клип түсірген Ахан Отыншиевтің Шахановқа берер жауабы дайын.

“Менің жауабым, ауыр әдемі әндер көп. Жүрегіңді суырып, өкпеңді қолыңа ұстатып жіберетін мықты әндер көп қазақта, бірақ жеңіл әндер өтіп жатыр. Жеңіл ән өткеннен кейін, осындай боп жатыр”, – деп ақталды ол.

Previous Меруерт Түсіпбаева гормондық өзгерістерге ұшырағанын айтты
Next Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады

Осыған ұқсас

А.Боранбаев: Қазақ әзілінің сын көтермеуінің бірінші себебі – сатира театрларында авторлардың жоқтығы

1-сәуір – Күлкі күні Оның бір басынан небір өнер табылады. Бәлкім, актерлік жолды таңдамағанда, әнші немесе күйші, тіпті ақын болар ма еді, кім білсін? Бірақ ол азабы мен ғажабы қатар

Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Назарбаеваның ең үздік фотолары

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 31 тамызында шаңырақ көтерген. Оның сүйіктісі «ҚазРосГаз» акционерлік қоғамының басшысы Қайрат Боранбаевтың қызы, әйгілі актер Әнуар Боранбаветың немересі – Әлима, – деп жазады nur.kz.

Елбасы қатысқан жиынға Дильназ Ахмадиева төсқап кимей барған ба?

Ділнәз Ахмадиеваның Елбасының қатысуымен өткен Ұлттық олимпиада құрамасын марапаттау рәсімі кезінде киген көйлегі ел аузына ілікті, – деп хабарлайды NUR.KZ. Белгілі әнші Әлішер Кәрімов желі парақшасына олимпиада спортшыларын марапаттау рәсімінен

4 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Қараша 10, 10:49 Reply
    Димашжан орындаган кай ан болсада кулактын курушын кандырады! Кутты болсын алемдик радио жуйесине енгени! Динмуханбет аман болсын !!!
  2. Айсағали
    Қараша 13, 12:26 Reply
    Ерке қыздар назданатын еді. Назданды деген сөз еркеледі дегенге келеді. Автордың айтқысы келгені - "назаланды" болуы керек.
  3. Мұхтар аға Шахановтың айтқанына қосыламын. Арзан әндер көбейіп кетті. Бұл жерде қазақ телеарналарына айтатын менің де назам бар. Журналистердің кәсіби деңгейлігінің төмендігі ме, өздерін авторлық бағдарламаларын, интеллектуалдық бағдарламаларды ұсынудың орнына, эфирді толтыру үшін демалыс күндері күні бойы тек концерт қосып қояды, одан басқа күндері түрік, үнді сериалдары. "Айта айта "Алтайды", Жамал апа қартайды" дегендей, Шәмші әндерінің кешін ай сайын өткізіп, Шәмшінің де әндерінің қадірін кетірді әртістеріміз. Өз басым ұлттық телеарналарды қарағым келмейтін дәрежеге жеттім. Экономика саласына қатысты, елдегі шығарылып жатқан өнімдер, т.б. еліміздің жетістіктеріне қатысты бағдарламаларды қараймын да, шетелдің TLC деген каналына бұра саламын. 300 келі салмақтан арылған адамдар мен тазалыққа жаны құмар адамдар туралы бағдарлама қызығырақ болды ақыр соңында))). Арзан ән мен жасанды дауыстан мезі болғаным сонша, басында даусы жақсы дегенге сенбей, Димаштың Кытай еліндегі байқауын 7-турдан бастап қарадым. Қазақ эстрадасындағы дауысы жүрегімді баурап алған бірден-бір әртістер - ол Мейрамбек пен айналайын Димаш! Қалғандарыңыз ренжімеңіздер, "өлең айтқанның бәрі әнші емес, өлең жазғандардың бәрі Шәмші емес"))). Ал журналистерге айтарым, күні-бойы арзан әндер қосқанша, эфирде жастардың санасын рухани жаңғыруға жетелейтін бағдарламалар берсе екен деймін. Әйтпесе, шынымен де Гитлердің арманындай рухани кедей ұрпақтардың көбейетіні сөзсіз.
  4. Асхат
    Желтоқсан 26, 00:42 Reply
    толық қосыламын Мұхтар ағамыздың пікіріне. Бекер айтпаған қазағым " "Уа, құдайым, бала бер, Бала берсең сана бер" деп. Санасыз ұрпақ өлген ұрпақ.

Жауап