Атышулы Дәурен Айдарқұлов өзінің ер адаммен сүйіскенін жайып салды

Атышулы Дәурен Айдарқұлов өзінің ер адаммен сүйіскенін жайып салды

Нағимуша енді вайнерлікті қойып, актерлық мансабын бастап кетпек. Себебі, Асқар Бисембин оны үлкен киноға алып келді. Режиссер,  Дәурен Айдарқұловты да өзге қырынан танытты. Бірақ, серіге ол үшін біраз тер төгуге тура келген. Тіпті, ер жігітпен сүйісуден де бас тартпапты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.

Фильм хақындағы фильм! «Больше, чем кино» картинасының идеясы да, сценарийі де Асқар Бисембиннің өзіне тиесілі. Қазанында қайнаған саланың «ас үйін» ол басты кейіпкерлердің махаббаты арқылы көрсеткен.

Режиссер актерлық құрамды іріктемес бұрын – ақ, әр кейіпкердің кімге бұйырарын білген.

“Тек қана вайнер сияқты мені шақырды. Өйткені менің оқырмандарым өте көп. Ал, мені сосын камераның алдында көрген кезде, маған өзі режиссер шындығын айтты. Ойламаппын, солай ойнай алады екенсің, – деп айтты маған”, – дейді вайнер Нағима Ахметова.

Режиссер Дәурен Айдарқұловтың да өзге қырын аша алғанына разы. Актерға Данияр Алшыновпен сүйісетін сахналар бары айтылғанда да, еш ойланбайстан рөлді сомдауға келісім берген.

“Енді кино ғой, сценарий. Біз әшейінде достарымызбен амандасқан кезде сүйісе береміз”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

«Больше, чем кино» командасы комедияның тұсауын кесіп, өнердегі тұлғаларға арнайы көрсетілім ұйымдастырды.

“Үнемі коммерческий жағын ойлайды ғой. Бізде художественный, творческий жағын ойламайды. Ал, бүгінгі Бисембиннің жасағаны таза творчество үшін, киноға бір жаңалық алып келу үшін жасаған дүниесі деп білдім”, – дейді актер Қайрат Әділгерей.

“Бұл бір біздің киноөндірісте жаңа жанр, тың идея. Оның өте сапалы шыққаны қуантады”, – дейді режиссер Нұртас Адамбай.

Ал, отандық прокатқа 23-ші қарашадан бастап жол тартатын болады.

Басында актерлермен бірге фильмде бой көрсеткен Асқар Бисембин, кейін өзі ойнаған эпизодтарды мүлде қиып тастаған. Есесіне, студенттік шақта мансабын актерлықтан бастаған әріптесі Сатаев, артылған үмітті ақтап шықты.

Previous Тілін шығарған Есентаева жұртқа жақпай қалды
Next Сиви Махмуди "Еңбек даңқы" орденін алатындай не еңбегі сіңді?

Осыған ұқсас

Көркем Сейсенбек: «Алло, жаным» әні бағымды ашатынына сенемін»

–         Көркем, әңгімені шығармашылығыңдағы жаңалықтардан бастасақ… –         Өткен 2013 жылды қортындылай сөйлесем бұл жыл маған сәтті жыл болды. Қоржыныма жаңа әндермен қатар екі бейнеклип қосылды. Бірінші бейнеклипімді бәріңізге белгілі, Ерхан

РОЗА РЫМБАЕВА: «МЕН ОЛАРДЫ ӘНШІ ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН»

Биыл кәсіби сахнада жүргеніне 40 жыл толатын Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаеваны әңгімеге тартып, оның өмір мен өнердегі тыныс-тіршілігін білуге барынша тырысқан едік. — 23 жыл бірге

Құралай Нұрқаділова үйінің не себептен сатылымға қойылғанын түсіндірді

Белгілі қазақстандық модельер Құралай Нұрқаділова «Казкоммерцбанк» АҚ алдындағы қарызы үшін үйінің сатылымға қойылғандығы жайында өз пікірін білдірді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. «Мен де басқа адамдар сияқты кезінде несие алдым. Казком жоғалтқан

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап